Сүтті коржиктер.100% жұмсақ болып пісетін коржикті сізде дайындай аласыз.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 дек 2024

Комментарии • 4

  • @Damditagamdar1
    @Damditagamdar1  4 месяца назад +1

    Баршаңызға қайырлы күн! Сондай дәмді , мамық болып шығатын , әдемі көтеріліп пісетін коржиктерді дайындаймыз .Дәл осы коржиктердің рецептін ұзақ іздедім десем де болады, енді сіздермен бөлісейін деп отырмын. Алдымен қажетті қоспаларымның бәрін алдын ала дайындап қойдым. Ыдысымызға 100 мл. сүтімізді қайнатып ыстықтай құямыз. Үстіне 150 мл. Қант қосамыз, қантымыз ерігенше жақсылап араластырамыз. Қолымызбен қанттың ерігенін тексереміз. Қант түйіршіктері болмауы керек. Енді сары майымызға бір жұмыртқаны толықтай ал екінші жұмыртқаның тек сарысын ғана қосып біркелкі болғанша араластырамыз. Мен сары майды алдын ала ерітіп дайындап қойғанмын. Кез-келген сары майды немесе маргаринді қоса берсеңіздер болады. Енді осы сұйық массаларымызды бір ыдысқа құйып тағы да біркелкі күйге келтіріп араластырып аламыз.Ұнға толтырып бір шай қасық разрыхлитель қосамыз. Орнына пищевая сода қоссаңыздар болады. Ол кезде пищевая соданың әсерін арттыру үшін бір ас қасық лимон шырынын немесе жарты шай қасық лимонная кислота қосуға кеңес беремін. Үстіне ұнымыздың үштен екі бөлігін құйып бір араластырып аламыз. Содан кейін қалған бөлігін толығымен қосамыз. Содан 250 мл. Стаканмен ұнды үш стаканды толық толтырып және төртінші стаканды үштен екі бөлігін толтырып қосамыз. Яғни, бұл 400 гр. Осыдан артық ұн қоспаймыз. Бұл маңызды, сондықтан егерде весы жоқ болса дәл осылай өлшеп алыңыздар. Жақсылап араластырамыз. Бізде жабысқақ қамыр деуге келмейтін масса болады, осылай болуы керек. Бетін жауып морозильникке 40 минутқа қалдырамыз. Қамырымыз дайын болды қамырды жаятын орынға ұн сеуіп, қамырымзды аударып аламыз. Оқтауға жабыспас үшін Қамырдың үстіне де ұн сеуіп қалыңдығы 1 см болатындай жайып аламыз. Осыдан жұқартып жайсаңыз қытырлақ болып қалады. Енді формаларымызбен кесіп шығамыз. Мендегі формалар печеньеге арналған ең үлкені осы болды. Осы дайын коржиктерді противеньге салып 180 с та қызып тұрған духовкада пісіреміз. Қалған қамырды біріктіріп қайта жайып кесіп аламыз. Қалған қамырдан Осындай бір үлкен коржик жасайын деп шештім. Бұл коржиктеріміз тез ақ піседі, қайта қайта тексере отырып бетін сәл ғана қызартып пісіріп аламыз. Коржиктеріміз пісіп дайын болды, ортасын бөліп көрсететін боламын. Өте дәмді, жұмсақ, балалар да үлкендер де сүйіп жейтіндей болып піседі. Сіздер де дайындап көріңіздер. Істеріңізге сәттілік. Астарыңыз дәмді болсын
    ●ұн-400 гр. ( 250мл. стаканмен 2.5 стакан)
    ●сүт-100 мл.
    ●қант-150гр.
    ●жұмыртқа- 1 дана толығымен, 2-шісінің тек. сарысы
    ●сары май- 100гр.
    ●разрыхлитель-1 шай қасық толтырып

  • @БигульАйтенова
    @БигульАйтенова 4 месяца назад

    Кушти.Уйренип шайга жасап алам деп ойлап отырмын.❤

  • @Sharynbekova99zh
    @Sharynbekova99zh 4 месяца назад

    😍😍😍😍😍 менде іздеп жүр едім

  • @АкторгынАкимбекова
    @АкторгынАкимбекова 4 месяца назад

    ОСы рецеппен жаасап кордым дамды шыкты ,👍