СҮЛЕЙМАНИЕ МЕШІТІ | СҰЛТАН СҮЛЕЙМАН | БІЛІМ ҚАЗЫНА | СТАМБУЛ 2024

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 окт 2024
  • СҮЛЕЙМАНИЕ МЕШІТІ | СҰЛТАН СҮЛЕЙМАН | БІЛІМ ҚАЗЫНА | СТАМБУЛ 2024
    Сулеймание мешіті (түр. Süleymaniye Camii) - Ыстанбұлдағы маңыздылығы жағынан екінші ал, көлемі бойынша бірінші мешіт.
    Ішіне 5000 адам сыйдырады. Мешіт қаланың Вефа ауданындағы көне бөлігінде орналасқан. Ол Заңшығарушы Сұлтан Сулейманның бұйрығы бойынша салынған. Құрылыс жұмыстары 1550-1557 жылдар аралығында болған. Жоба авторы - Синан. Мұнараның биіктігі - 53 м, диаметрі - 26,5 м, күн сәулесі 136 терезеден түседі. Мешітте төрт мұнара бар.
    Мешіттің төрт мұнарасы сұлтан Сүлеймен Ыстанбұлды алғаннан кейін қатарынан төртінші падишаһ болып табылатынын, ал алдыңғы кіреберістен есептегенде алғашқы екі мұнарада екі балкон және кейінгі екі мұнарада үш балконнан, бұл оның Осман әулетінің оныншы билеушісі екенін білдіреді. Мешіт ғимаратының іші жақсы жарықтандырылған - жарық 136 терезеден түседі. Моншалар, медреселер, асүйлер, кітапханалар, ауруханалар мен обсерватория ғимараттарымен мешіт көлемі жағынан қалалық махалламен салыстыруға болатын кешенді құрайды. Сәулет кешенінің бір бөлігі VIII-XIX ғасырлардағы қолжазбаларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ірі шығыс кітапханаларының бірі Сүлеймания кітапханасы.

Комментарии • 5

  • @Nurhan-vp4ek
    @Nurhan-vp4ek 5 месяцев назад +1

    Тамаша💎 Ғылым мен архитектура ұштасқан, акустика жоғары деңгейде. Рахмет🤝

  • @Abdibek_LIVE
    @Abdibek_LIVE 5 месяцев назад

    Адамзат тарихындағы ең ғаламат ғимараттардың бірі деп ойлаймын!

  • @musulmandar
    @musulmandar 5 месяцев назад

    Ассаляму алейкум, неге киноны шындықпен түсірмеді екен?

  • @yusufhanmadi1608
    @yusufhanmadi1608 5 месяцев назад

    Керемет. Салатин (Сұлтандар) мешіті дегенді Салахиддин деп жіберпті.

    • @bilimqazyna
      @bilimqazyna  5 месяцев назад

      Сұлтандар мешіті деп түсініктемесі берілген. Селатин мешіттері, оқылуы Селахатдин деп солай естілгені болмаса.