Ақорда әлемдегі Президент резиденциялары рейтингісінде алғашқы үштікке енді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 окт 2024
  • КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: www.youtube.co...
    Елімізде тәуелсіздік жылдарында бой көтерген сәулетті нысандардың көшін бастап тұрған бір ғимарат болса, ол - Ақорда.
    Әлемдегі Президент резиденцияларының рейтингінде алғашқы үштікте екенбіз. Бұл мәртебе ғимараттың тек сыртқы әдемілігіне ғана емес, сәулетшілердің ұтымды шешімі үшін беріліп отыр.
    Бір қызығы, Ақорда жобасының байқауына 17 жұмыс келіп түссе, соның үшеуі ғана қазақстандық, ал қалғандары шетелдік сәулетшілердің жобасы болған екен. Сол 3 қазақстандықтың біреуі жеңімпаз атаныпты.
    Шынар Асанқызы, тілші:
    Елорданың сол жағалауындағы бұл алаң елдің әкімшілік жүрегі секілді. Яғни ең басты ғимараттар осы жерде орналасқан. Міне, мынау тұрған Ақорда, ал мына жақта Жоғарғы соттың ғимараты. Сондай-ақ Парламент пен Үкімет үйі де осында. Мұнда келген кез-келген жан бұл нысандарды жақсы білсе керек. Бірақ дәл осы ғимараттардың архитектурасын кім жасағанын екінің бірі біле бермейді.
    Ағайынды Тортаевтар Ақорданың жобасын сызуға бас-аяғы 6 ай уақытын сарп етіпті. Арнайы комиссия: «Президент резиденциясы тек классикалық емес, әрі заманауи, әрі ұлттық нақышта болуы керек», - деп қатаң талап қояды. Байқауға 17 жұмыс келіп түссе, оның үшеуі ғана қазақстандық, ал өзгесі шетелдік сәулетшілердің жобасы еді. Әбден іріктеліп, ақтық сынға тек төртеуі жіберіледі. Комиссияның да, Елбасының да таңдауы Тортаевтардың жобасына түсті.
    АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
    Отдел журналистских расследований
    • Отдел журналистских ра...
    «Бүгін» ток-шоуы
    • «Бүгін» ток-шоуы
    «Khabarlas»
    • «Khabarlas»
    #СаясатХабар #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS

Комментарии • 11