Шымкенттіктерді кімдер өтірікпен тойдырып жүр?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 окт 2024
  • Түркістан облысы Түлкібас ауданында бірнеше елдімекеннің халқы осы өлкеде құрылысы қолға алынғалы тұрған цемент зауыты мен химиялық кешеннің салынуына қарсы. Жүзге жуық тұрғын талабын айтып, құрылыс алаңына жиналды. Олар қос өндіріс қолға алынса, бес бірдей ауыл жұртының тынысы тарылады деп шырылдайды.
    Шағымдарын айтып шырылдаған бес ауылдың тұрғындары Цемент зауыты мен химиялық кешеннің құрылысына түбегейлі қарсы. Және бір ауыздан тура осы төңіректегі карьердің де жұмысын тоқтатуды талап етті. Айтуларынша, айналадағы ауылдарға зиян келуде.
    БОЛАТБЕК ҚҰРМАНОВ, Түлкібас ауданының тұрғыны:
    - Карьерде аптасына 3 мәрте жарылыс болады. Жарылыстан бүкіл шаң біздің ауылға прямой ауылға барады. Діріл оның үстіне. Бір-ақ каналымыз бар. 6-7 ауыл су ішеді. Қазір сол суға талас. Су 30-40 процент төмен деңгейге түсіп кеткен. Майда-шүйде бұлақтарымыз бар еді, ол бұлақтардан қалған жоқ.
    Тек табиғатқа ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да кері әсер етіп жатыр дейді жиналған халық.
    БАҚЫТБЕК НҰРСЕЙІТОВ, Түлкібас ауданының тұрғыны:
    - Әр көшеде 10-15 ДЦП бала бар, қанша жүрек ауруы бар. Басқа ауруларды санамағанда. Черепной давление туылып жатыр, вообще өліп кетіп жатыр. Ол ауру қайдан шығып жатыр, адамның өмірі қысқарып жатыр.
    Екі зауыттың құрылысы қызу жүріп жатыр деген халық, қалың қауым жиналғанда ғана уақытша тоқтайды дейді.
    Ал инвесторлардың айтуынша, екі зауыт салынса, мұнда жылына 1 миллион тонна цемент және 120 мың тонна поли винил хлорид өндіріледі екен. Дегенмен, бұл әзірге жоба күйінде тұр деген өндіріс басшылығы қазір құрылыс алаңында карьерге қатысты ғана жұмыс жүріп жатыр деп ақталды.
    БОЛАТ ЕСТЕМЕСОВ, Зауыт директорының орынбасары:
    - Бұның барлығы, жобасы дайын болған кезде алдарыңызға келіп, есеп береміз. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар бұл тек қана карьерге қатысты жұмыстар. Темір жолдың расширениясы болып жатыр.
    Құрылысқа қарсы шыққандарға әкімдіктегілер келіп басу айтып, мәселені облыс әкіміне жеткіземіз деді. Дегенмен, тұрғындар талабымызды орындатпай тынышталмақ емес. Бес бірдей ауыл жұрты инвесторлар құрылысты тоқтатпаса, арызымызды Президентке арқалап барудан тайынбаймыз деп отыр.
    Мақсат Жақсыбайұлы, Руслан Тілеубердиев
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #дау #экология #карьер #наразылық #Шымкент

Комментарии • 43

  • @накленкіжәнебумажнимиржаңа

    Халықты колдаймын, өте дурыс завод салынбасын

    • @alialiev9787
      @alialiev9787 2 года назад +1

      Салғызбандар бізде стандарт цемент бар соның өзі жетіп жатыр шаң

  • @АлтынкеШимирова
    @АлтынкеШимирова 2 года назад +14

    Завод салынбасын халыққа жасаған қастандық қарсымын

  • @kurmangaliorazbaev76
    @kurmangaliorazbaev76 2 года назад +9

    Түлкібас ауданы ауызсу көздерінің бастауы. Егерде су деңгейі төмендеп кетсе арыс өзені тартылады. 370км созылған арыс тартылса осы ойпаңдағы халық шөлде қалады.

  • @ЕсымханСултанов
    @ЕсымханСултанов 2 года назад +10

    Атка минип куып шыгу керек кыргыз агаиындар сиякты сонда кетеди булар.

    • @Nurken-1982
      @Nurken-1982 2 года назад +2

      Ондай казактар жоккой бари гос учет машиндеримен ауре болып жур

  • @qzr.carcidon9905
    @qzr.carcidon9905 2 года назад +3

    Мұндай жерде экологтар белсенді түрде жұмыс жасау керек .Экологтар не жауап айтар екен

  • @shuastana2275
    @shuastana2275 2 года назад

    Алла сақтайгөр халықты

  • @УазирУазир-щ8ж
    @УазирУазир-щ8ж 2 года назад +9

    Куып шыкпаисындарма неге шулаисындар.отирик.аитады арамтамактар

  • @АйдарбекТемиржан
    @АйдарбекТемиржан 2 года назад +6

    Заводтарыннын кажети жок.

  • @АсетКайранбаев-и8е
    @АсетКайранбаев-и8е 2 года назад +3

    Дұрыс Салдырмандар жігіттер

  • @sundet.6050
    @sundet.6050 2 года назад +11

    АЛ ЕЛИМИЗ 30 ЖЫЛДА НЕ БОЛДЫ БИЛИК КАЙДА КАРАП ОТЫР .ЕЛДИН ЖЕРИ МЕН СУЫ АЗАМАТТАРДЫН ДЕНСАУЛЫГЫН КИМ МОЙНЫНА АЛАДЫ .

  • @КазыбекАлматулы
    @КазыбекАлматулы 2 года назад +2

    Айналайын халық өтірікке сеніп не ақшаға сатылып зиянды заводтардың салынуына жол беріп қоймаңдар. Ол ақша денсаулықты қайтарып бере алмайды. Ол қытайдың салынбақшы 56 заводының бірі шығар. Ақыры завод керек болса қытай өз еліне салсын онда жерде сол заводқа керек жұмысшыларда жетіп артылады. Ол оңбағандар бар уын елімізге жаймақшы ғой. Жол бермеңдер.

  • @НазБаймахан
    @НазБаймахан 2 года назад +3

    Откенде щымкентти шан басып калган содан шыгар

  • @АмангельдиУахитов-у4й

    Ал завод салмаса Халык жумыс кайдан табады

  • @ЕрекеЕреке-д9п
    @ЕрекеЕреке-д9п 2 года назад +3

    Салдырып жаткан адамдардын урим бутагымен Сол жерге коширип алып келип тургызу керекго

  • @madi.serikov541
    @madi.serikov541 2 года назад

    Осы халықты шырылдатпай орындаса боладығо.Жонсіз талап жоқ бәрі жөн айтып отыр өкімет халықпен біргеміз дидіғо енді дұрыс шешім айтар халық енді ашуланса қиындау боладау

  • @ЖангалиМамбеткулов
    @ЖангалиМамбеткулов 2 года назад +1

    Ассалаумағалейкум баршаңызға. Заводтың салынуыңа қара Халық қарсы емес . Ешкімніңде кәсібіне қарсы емес. Өкіметкеде қарсы емес. Тек салынатын заводты ауылдың арасына емес , алшақ жерге салынсын деп наразылығын білдіріп жатыр. Дүйім жұрттың жан айқайы ер қазақтың жүгегіңе бармайды деп айта алмаймын. Жақсылыққа жарысып Бір- бірімізді қолдайық .

  • @МамайЕржанов
    @МамайЕржанов 2 года назад +6

    шаң топырақ керек болса маңғыстауға келің

  • @user-zb7vm7ll9w
    @user-zb7vm7ll9w 2 года назад

    Халықты қолдаймын. Жемқорлар үкімет диктатор президент

  • @ГулмираМолдахмет
    @ГулмираМолдахмет 2 года назад +1

    Соқтырмаңдар жігіттер! Жер сендердікі. Отырмыз Шиеліде Гежуба Шиели цемент компаниясының заводының шаңғымен түтінін искеп балашағамызбен қайта қайта ауырып 4 жылдан бері. Енд# сотта ып жүрміз.

  • @Nurken-1982
    @Nurken-1982 2 года назад +2

    Ой неғыласындыр ауре болып сендерди тыңдайтын ешким жок саламын деген нарсени салады

  • @БолысбайСенгирбаев
    @БолысбайСенгирбаев 2 года назад +2

    КОЛДАРЫНАН БОК КЕЛМЕЙДИ ШУЛАП ШУЛАП КОЯСЫНДАР

  • @АзатСалижанов-б7ж
    @АзатСалижанов-б7ж 2 года назад +1

    Тулкибас ауылы цемен завотсызда. Омир скрип кележатыр

  • @asilnarimbaev7993
    @asilnarimbaev7993 2 года назад +1

    Жатабер жатабер және жатабер.сол байлықтың халыкка не пайдасы бар.жеммхорлардын калтасын оилаган билік.

  • @БахытАширбеков-ю8т
    @БахытАширбеков-ю8т 2 года назад

    Заводқа қарсымыз,салынбасын

  • @sa___946
    @sa___946 2 года назад +2

    КАРА ХАЛКА ТУК ПАЙДАСЫ ЖОК ЗАВОД .

  • @ТемирУразов-я1э
    @ТемирУразов-я1э 2 года назад +3

    Қалық қарсы боса салмайақ қойсаңдар болмайма

  • @1234Рахман
    @1234Рахман 2 года назад

    Ресторан жабылсын завод салын дейсіңдер завод салам десе салынбасын дейсіңдер енді не істеу керек

  • @qwertypasd6426
    @qwertypasd6426 2 года назад

    Қазақстанда жер көпқо басқа кеңдалаға барып салса болмайма?

  • @shuastana2275
    @shuastana2275 2 года назад

    Киелі жерлер

  • @БейбарысСултан-ш3д
    @БейбарысСултан-ш3д 2 года назад +2

    Салдыруға болмайды салдыруға болмайды салдыруға болмайды

  • @потомупотом
    @потомупотом 2 года назад

    Президент кг нарсе геше алмай жур гой агайындылар

  • @kanatzaurbekov8201
    @kanatzaurbekov8201 2 года назад

    Ай тобыр

  • @user-im8hx9ui2c
    @user-im8hx9ui2c 2 года назад

    Бастысы согыс жок елимизде