Итаюлар Маңғыстау / Honeybadgers Kazakhstan

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 фев 2024
  • Итаю (Mellivora capensis) - Африка мен Азияда мекендейтін сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
    Дене ұзындығы 77 см, құйрығының ұзындығы 25 см, салмағы 7-13 кг. Аталықтары аналықтарынан сәл ауырлау. Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын, өткір тырнақтары бар. Терісін сирек, қатты түктер жапқан. Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті келеді. Негізінен кешке қарай не түнде белсенді тіршілік етеді. Жылына 1 рет көбейеді. Қыркүйек-қазан айларында ұйығып, 7 айдан кейін аналығы 1-2 бала табады.
    Итаю өте батыл және тіпті агрессивті жануар болып саналады, табиғи жаулары жоқ. Өте қалың терісін (іштегі жіңішке қабатты қоспағанда) кейбір жағдайларда тіпті ірі жыртқыш мысықтар мен улы жыландардың тістерімен тесуге болмайды.
    Олжасына әртүрлі кеміргіштер, сонымен қатар түлкі немесе бөкен сияқты ірі жануарлардың жас даралары да жатады. Олардан басқа, итаюдың тағамына құстар мен олардың жұмыртқалары, бауырымен жорғалаушылар, соның ішінде ұсақ қолтырауындар мен жыландар (соның ішінде улы жыландар да), сонымен қатар қосмекенділер, өлекселер, жәндіктердің құрттары, сарышаяндар және басқа да омыртқасыз жануарлар жатады. Әсіресе, итаю тасбақалардың жауы, оларды інінен қазып алып жейді. Сусарлар тұқымдасына жататын басқа түрлерімен салыстырғанда, итаю өсімдік тағамдарын салыстырмалы түрде аз жейді, өсімдіктердің ішінде жидектермен, жемістермен, тамырлармен және түйнектермен қоректенеді. Балға деген сүйіспеншілігі өте ерекше.
    Қазақстанда тек Маңғыстау облысының оңтүстік бөлігінде сирек түрде кездеседі: Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте және Қарынжарық ойпатында.
    ИТАЮ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.
    Қазақстан сусарлары #Қазақстансусарлары, Қазақстан итаю, Казахстан куньи, Казахстан медоед, Kazakhstan Honeybadger
  • СпортСпорт

Комментарии • 1