Қытай Халық республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 сен 2022
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуымен Қытай Халық республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келді. Бұл көрші ел басшысының пандемия басталғалы соңғы екі жарым жыл ішіндегі алғашқы сапары болып отыр. Кездесу барысында мемлекет көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа отыз жыл толғанына тоқталып, енді жаңа «алтын отыз жылдыққа» қадам басқанымызды атап айтты. Кездесу барысында тағы қандай тақырыптар қозғалды? Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы баяндап беруге дайын тұр.
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Қытай Халық республикасының Төрағасы отырған әуе борты түс ауа сағат екі жарымдар шамасында Елорда әуежайына қонды. Си Цзиньпин мырзаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алып отыр. Міне, осының өзі-ақ көрші ел көшбасшысының Қазақстанға іссапармен келуінің қандай маңызға ие екенін аңғартқан секілді. Артынша құрметті қонақ Ақордаға бет алды. Резиденцияда салтанатты қарсы алу шарасы өткізіліп, екі елдің әнұраны орындалды. Кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізуге кірісті.
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
    - Любой кризис порождает не только проблемы но и новые возможности. Поэтому мы стремимся наполнить наше сотрудничество новым содержанием. А сейчас, господин председатель, еще раз благодарю вас за ваш визит, вы наш гость. Вы хороший друг Казахстана.
    Өз кезегінде Қытай Халық республикасының Төрағасы да мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Қазақстанға қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ, Си Цзиньпин мырза Президенттің тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету үшін жүргізіп жатқан реформаларын толық қолдайтынын айтты.
    СИ ЦЗИНЬПИН, ҚХР Төрағасы:
    - Твёрдо поддерживать проводимые вами реформы по обеспечению стабильности и развития, категорически выступать против вмешательства каких-либо сил во внутренние дела вашей страны. Китай был и остаётся доверительным другом и надёжным партнёром Казахстана.
    Тараптар кездесу барысында қандай тақырыптарды талқылапты? Сарапшылар пікірі қандай?
    Әзірге нақты қандай келісім жасалғаны белгісіз. Бірақ Ақорда таратқан ақпаратта көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері және трансшекаралық өзендер жайы талқыланғаны айтылды. Саясаткерлер де көрші ел басшысының сапары екі мемлекет үшін де маңызды деді. Оның бір себебі әлемдегі геосаяси ахуал, яғни аймақтағы тұрақсыздық. Айтуларынша, әзірге қақтығыстар бәсеңдейді деген кепіл жоқ. Сондықтан, Өзбекстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде де осы қауіпсіздік мәселесі талқыланады деп топшылайды. Әрі осы күзде Қазақстан да, Қытай да мемлекет басшыларын таңдайды. Сол үшін дәл қазір өткен отыз жылды қорытындылап, бағыт-бағдарды айқындау қажет. Мәселен, сауда айналымын арттыруға күш салып, өндіріс көлемін ұлғайту және ел экономикасына ұдайы теріс әсерін тигізіп келе жатқан логистикалық проблемаларды шешу өзекті деп отыр.
    ОЛЖАС БЕЙСЕНБАЕВ, саясаткер:
    - Біз де Қытайдың территориясын өз тауарларымызды мынау оңтүстік шығыс Азия елдеріне, Шығыс Азия елдеріне жеткізуге пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Яғни, бұл жерде келісімдерде, әрине Қазақстан өзінің мүддесін ең бірінші орынға қояды ғой. Сондықтан сауда-экономикада, тасымалда, транзиттік қуатын арттыруда Қазақстанның мүмкіндігі әлі де ашыла түсу керек деп есептеймін.
    Ресми келіссөздерден кейін мемлекет басшылары «Қазақстан-Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии • 36

  • @nurlanaldabergen3564
    @nurlanaldabergen3564 Год назад +5

    Тоқай өз тылыңды жутпай қазақша сөиле

  • @nurlanaldabergen3564
    @nurlanaldabergen3564 Год назад +4

    Қітай жауыз, қытайдағы қазақтарды қалай қинап жатр, білемыз, қай бетымен келды,

  • @bxbxhfbbcbc5019
    @bxbxhfbbcbc5019 Год назад +5

    тоқаип неге қазақша сойлемейде.

  • @user-en4mf1lm7s
    @user-en4mf1lm7s Год назад +4

    Си-Зин-Пин қытайда түрмеде отырған жас қызымыз Ақжарқын Тұрдыбайды босатып, Алматыға аман-есен әкеп берсін!!!

    • @Saraoraz
      @Saraoraz Год назад

      Иә қатырдыңыз. Тоңқай орысша сөйлеп масқарасы шығып тұрғанда, қазақтың қамы ойланады дегенге кім сенеді

  • @kaz8878
    @kaz8878 Год назад +4

    тоқай қазақша сөйле

  • @ggg16.10k
    @ggg16.10k Год назад

    ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ ПРЕЗИДЕНТ , БҰЛ Қазақ мемлекеті

  • @uliana9176
    @uliana9176 Год назад +1

    Пайдасы ушин келгент та олар оте бастары иститин халык кой

  • @user-wu4tn3su1h
    @user-wu4tn3su1h Год назад +2

    Жер жутқыр диктаторлар

    • @Saraoraz
      @Saraoraz Год назад

      Сол күнді көрер күн туса ғой

  • @serik_kz1
    @serik_kz1 Год назад

    Казакстан Кытай достыгы арта берсын ,хош келдыныз .

  • @user-jb9dq4ll4p
    @user-jb9dq4ll4p Год назад +2

    ОЛ КЫТАЙ КАЗАХСТАНГА НЕ ИЗДЕП КЕЛДИ ТАГЫ

    • @ruslansarybay773
      @ruslansarybay773 Год назад +1

      Баспаидасын іздеп келдіғой бізге жаны ашып келді дисіңбе

  • @aslanzholdas1060
    @aslanzholdas1060 Год назад +2

    Болды Кытайга сатылды ма Казахстан?

    • @Saraoraz
      @Saraoraz Год назад

      Тоңқайып тұрып сатылды. Сочида орысқа бір. Көзді ала бере қытайға бір.

  • @alihan1267
    @alihan1267 Год назад

    Бари дурыс болады

  • @Saraoraz
    @Saraoraz Год назад

    Атаңанәлет орысша сөйлеп жер қылдау атаңанәлет! Орысша сөйлейтіні бар несіне тұр адам санын көбейтіп, путинді әкелтіп кездестіре салмады ма қытайдың басшысымен.
    Осы неменеге өзімізше ел болдық деп ойлап қала береміз.
    Не тіліміз жоқ болса, не дініміз жоқ болса (ана бір мәңгүрт ит иконаға қазақ ана мен бала салып, шәрмәнда болып мақтанып жүр ғой) . Басшымыздың бәрі сатқын болса.

  • @user-eu2ij3nm2d
    @user-eu2ij3nm2d Год назад +1

    Мы поможем защищать независимость.территорию и суверинитет деп кояды.Казах елинин тауелсиздигин елин жерин коргауга оз кушимиз жетпейтинин айтып турма сонда?

  • @user-cg5uy9zf6z
    @user-cg5uy9zf6z Год назад

    Мына рекламага кирмениздер

  • @AQTAY2
    @AQTAY2 Год назад

    Неге келді екен жақсылық болса екен

  • @user-zu6ib4bn8z
    @user-zu6ib4bn8z Год назад

    Қазакстандагы каруфцияны токтатыныздар

  • @user-is1xg5nl9j
    @user-is1xg5nl9j Год назад +2

    Қытаи бізді жарылқауға келді деисіңбе

    • @user-ls3kx3ss9v
      @user-ls3kx3ss9v Год назад

      НеГЕ НЕГАТИВКЕ КУМАРМЫЗ, АЛПАУТ ЕЛМЕН КАЫМ КАЫНАСЫМЫЗНЫГАЙЯ БЕРСИН СОЛ КЫТАЙДАН ТОВАР АЛЫП ОТЫРМЫЗ ,ДИПЛОМАТИЯЛЫК КЕЗДЕСУЛЕР ЭР ЕЛДЕ БОЛЫП ТУРАДЫ

    • @user-eu2ij3nm2d
      @user-eu2ij3nm2d Год назад +1

      @@user-ls3kx3ss9v нефть газымыз.енди уранымыздын 49%сатып алган.сол жаксыма?кара кытай журип откен жерге арам шопте шыкпайды деген атам казах.

    • @user-ls3kx3ss9v
      @user-ls3kx3ss9v Год назад

      @@user-eu2ij3nm2d СИЗДИКИ ОТЕ ДУРЫС БИРАК САУДА САТТЫК БОЛМАСА КАЗАСТАН ОРКЕНДЕМЕЙДИ МЫНА БИЛИК ЭБДЕН ШАРШАТТЫ ЖЕМКОРЛЫКПЕН КУРЕСУ КЕРЕК АУЫЛ АЙМАК ТИПТЕН ТОЗЫП БИТТИ ЖОЛ КЫМБАТШЫЛЫК БАРЛЫК САЛА,КЫТАЙ 1,5 МИЛИАРДХАЛКЫ БАР ДАМЫГАН АЛ БИЗ 20 МИЛИОНГА ЖЕТПЕЙМИЗ, АКУЛАДАН АЛЛА САКТАСЫН КЕШИРИНИЗ

  • @user-if8mj1jm3u
    @user-if8mj1jm3u Год назад

    президент орыс тілінде сөйлеп отрғаны несі?

  • @user-ly4mw8td2e
    @user-ly4mw8td2e Год назад

    Акесыкелгендейқарсыалптыгой

  • @kuka3599
    @kuka3599 Год назад

    Неге казакга аудармағасыңдар орысша түсінбедік не аитканын

  • @user-ju7rt9hv8i
    @user-ju7rt9hv8i Год назад

    Мынау неге орысша сөйлеп отыр? Күшіккүйеу

  • @user-ph2mt4ke9d
    @user-ph2mt4ke9d Год назад +2

    Дурыс бопты.Аипегенде орыска жем боламыз

  • @begdannusipali5874
    @begdannusipali5874 Год назад

    қазақша сөйлу керек қой

  • @user-cg5uy9zf6z
    @user-cg5uy9zf6z Год назад

    Машенниктер