СОҢҒЫ 7 ЖЫЛ ТАҢҒЫ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 авг 2024

Комментарии • 374

  • @umm_shukaira
    @umm_shukaira Год назад +232

    Құптаннан соң құпталмайды
    Күн батқаннан кейін 1-1,5 сағ мелатонин (ұйқы гормоны) бөлінеді - құптаннан кейін ояу болу құпталмайды (сүннет).
    Диетаға отырмай-ақ, жәй ғана ұйқы режимін дұрыстау арқылы салмақ тастауға болады.
    Айырмашылықтары
    • Ментор/наставник - сен қалаған жолды өтіп кеткен адам, сенімен ақылдаспайды, саған ақыл айтады.
    • Коуч - ортақ білім бар, ақыл айтпайды, клиент білетін шығар жолды,дұрыс сұрақ қою арқылы соны есіне түсіреді.
    • Психолог - коуч сияқты, айырмашылығы - терең кіре алады (балалық шақ, травма).
    Тыңдау - көп мәселенің шешімі.
    • Жәй тыңдау емес, активно тыңдау керек (өз айтқанын қайта сұрау, ым, дыбыс, перефразирование).
    • Ақыл тықпаламау керек! Көмек ұсынудың эффетивті жолы - тыңдап болған соң ғана “Менің айтқанымды/кеңесімді тыңдағың келеді ме?” деп сұрау.
    8 жасқа дейін 80-95% травмалар қалыптасады.
    Әдет қалыптастыруда 18, 21, 42, 90 күндік интервалдар бар.
    42 күннен кейін әдет ләззат алып келеді.
    90 күннен кейін әдетті ағза
    “менікі” деп қабылдайды (липостат).
    Ерте ояну проблема емес, ерте жату проблема.
    Жатар алдын тұтынбау керек:
    1. Кофеин - 8 сағат
    2. Тамақ - 3-4 сағ
    3. Су - 1,5 сағ
    4. Экран
    Ерте оянуға көмектесетін тәсілдер:
    • ауызды скотчтау (мұрын емес, ауызбен демалып ұйықтайтын болсаңыз);
    • дене оянған соң, миды ояту үшін 7 минут күнге/жарыққа қарап тұру;
    • контрастный душ қабылдау
    Жүру - ең күшті спорт түрі
    • Салмақты нормада ұстап тұруға көмектеседі.
    • Травмасы (ағзаға зияны) жоқ спорт.
    • Майды жүгіруге қарағанда көбірек жағады/жояды.
    Жүректің 2 жұмыс істеу стадиясы бар:
    1. Аэробный пульс - 146-ға дейін
    майды энергия көзі ретінде жағады.
    2. Анаэробный пульс - 146+
    май емес, гликоген, протеин, көмірсуды жағады - ағза үшін стресс болғандықтан көп тамақ талап етеді (гиперкомпенсация).
    Спортпен айналысу барысында жүрек қай стадияда екенін анықтау жолы:
    1. Фитнес сағат арқылы.
    2. Жанындағы адаммен ентікпен, кәдімгі темппен сұқбаттаса алу.
    Регби ойынынан сабақ: мақсатпен күресу керек, басқа кедергілермен емес.
    📝 Азамат Скаков | «Sebep saldar» подкасты

    • @user-px3uo7ic1w
      @user-px3uo7ic1w 4 месяца назад

      Керемет рақмет😍😍👍🏻🔥

    • @user-si6yr9qc5b
      @user-si6yr9qc5b 4 месяца назад

      Какая молодец ❤

    • @kazakhstan1453
      @kazakhstan1453 3 месяца назад

      👍

    • @user-il5fv1bj3z
      @user-il5fv1bj3z 3 месяца назад

      мәәә рахмет, жолда тыңддап үйге барған соң қайта тыңдап жазу керек болды деп отыр едім👍

    • @user-ub1nu7fp7c
      @user-ub1nu7fp7c 3 месяца назад +2

      Алла разы болсын

  • @asem4175
    @asem4175 Месяц назад +6

    Мен 8жыл болды таңда 10мың шаг жасап, жаңа әдеттер қалыптастырып,16миллон қарызымнан құтылдым. Өмірім жақсы жаққа өзгеріп, күтпеген жетістіктерге жеттім!

  • @alinberdaly4790
    @alinberdaly4790 Год назад +165

    Бірінші рет мына кісіні көріп,естіп тұрмын,біріншіден тақырып қызықтырды,сосын өзі де ашық,жүзі нұрлы кісі екен машАлла, соңына дейін қарап, тыңдауым оңай болды,1 сағат 10 минуттай өтіп кетті, елге пайдалы еңбектеріңіз көбейе берсін🤲☺️

    • @Symbbssd
      @Symbbssd 2 месяца назад

      "SEN" кітабын оқуды кеңес берем осы кісінің.Өтееееее керемет кітап, әдет қалай қалыптастыруға болатынын нақты көрсеткен.Бұйырса "MEN" кітабы шығайын деп жатыо

  • @EnginKazakhworld
    @EnginKazakhworld Год назад +44

    Алған инсайт: Адам жасағанды адам жасай алады. Бастысы тек сену, амалын табу, әрекетін жасау.

  • @dikanbaevaaizhan
    @dikanbaevaaizhan Год назад +17

    Алмат Скаковтың оқырманымын. Жүзі нұрлы, Алла сізге арғы өмірдеде дәл осындай нұрлы етсін.

  • @ZhoziRelax
    @ZhoziRelax Год назад +14

    Мен алғаш қазақша подкаст көруім,жүрегіме қонғаны сонша ,шабыттанып,өзіме көп инсайт алдым,рақмет,өз ана тіліңде жүрекке жетуі өте жеңіл екен, өйткені мен бұндай ақпараттарды көбіне орысша тыңдаушы едім,менен ❤,арнаға тіркелудіде ұмытпадым😊

  • @ykylasmanarbek5044
    @ykylasmanarbek5044 Год назад +47

    Соңғы уақытта көрген дерзкий, пайдалы Подкаст болды. Ерекше әсер алдым. Әсіресе, конфликттан, проблемадан қашу деген пункттан өзімді көргендей болдым. Алдағы уақытта ММА мен немесе күреспен айналысып бастасам деп жүргем, ниетіме орай осы Подкастты көру бұйырғандай. Енді сол мақсатыма жақындағандай болдым. Көп Рахмет Азеке👍🏻

  • @user-ep1zf7wg6t
    @user-ep1zf7wg6t Год назад +6

    Таир мурза коп коп Рахмет ! Оте пайдасы бар Кенес алдык ! Азамат мыкты окыган , еринбеккор жигерли , гадет салт барин менгерген , оте казактарга асерли хабар Болды ! Творчествалык табыс , Еки азаматка да ! Тёк орысша Давлатова , Маргулан мырзаны тындайтынмын , казак жигиттер жарадындар , билимди азаматтар !!!

  • @aliyaturebekova
    @aliyaturebekova Год назад +20

    Азамат Скаков қарапайым тілмен өте жақсы түсіндіреді👍

  • @user-nf1bg5fx1f
    @user-nf1bg5fx1f Год назад +19

    Бүгінгі қонақ - Азамат мырзаның сұқбатына риза болдым. Берері мол азамат екен. Подкастан алғаным, түйгенім:
    1. Мақсатқа жетуде нақты әрекетке көшу керек, жолдағы басқа кедергілерге көңіл акдармау (допты алуға тырыспай, сырттан қашуы)
    2. Қорқынышқа қарсы жүру. Мен де дәл сондай қорқыныш: көңіліне келіп қалмасын деп, өзіме тиімсіз болса да, соның ығына жығылу, ауыр сөз айтпау, үндемей қоя салу, керегімді алмау
    3. Дұрыс ұйқы, ерте тұру, жүру жайлы айтқандарының бәрі маған айтылғандай болды. Күніне 10 мың қадам жүрсем де, ұйқы жағын реттей алмай жүрмін.
    4. Әдет қалыптастыру үшін ұнамаса да, тынбай сол істі жасау керек. Басында қиындық тудырса да, кейін ләззат сыйлайтын іс болады
    Таир мырза, Азамат мырза, екеуіңізге де мың алғыс! @tair_nugman @azamat_skakov

  • @aigulnaurizbaeva
    @aigulnaurizbaeva Год назад +19

    Азеке, әр қазаққа пайдалы азамат болып жүре беріңіз.Ұстаз болғанда жас буынға өрнек едіңіз енді жалпы Қазақстан жастарына✊🏻✊🏻✊🏻
    Біліммен қатар көркем мінезіңізбен үлгі болып жатқаныңыз үшін қуаныштымын🙌🏻 Сәттілік!

  • @Qg4499
    @Qg4499 5 месяцев назад +7

    Мен 2,3 те ұйқтап жүргем.Басым аурад күніге дәрі ішетінмін.Азанда тұралмайм обедте тұратынмын. Күндіз тез шаршап қалам ойым шашыраңқы, тез ашуланам. Өзімді енді үйретіп жатырмын 11де 11.30да ұйқтап таңертең ерте тұрып бастадым. Күндіз бодрость пайда болды, ашуланбайтын болдым.Өзімді жеңіл сезінем шабыттанып істейм жұмысты. Негізі ұйқыға байланысты екенін түсіндім ішкі сыртқы состояниеміздің.

  • @user-rh5pi2xi1v
    @user-rh5pi2xi1v Год назад +8

    Жаксы акконыл жыгыт екен

  • @respect9872
    @respect9872 Год назад +30

    Сөздері мен істері сәйкес келетіні көрініп тұрған азаматтар. Кәсіптеріңізге береке берсін. Халықтың сауатын ашуда шаршамайық.❤

  • @dinara_mutallapovna
    @dinara_mutallapovna Год назад +5

    Бірінші рет көріп отырмын бұл кісіні. Өте пайдалы мәліметтер айтты. Енді көретін болдым бұл кісіні.

  • @Janna26032
    @Janna26032 Год назад +12

    Азамат мырзаны тыңдаған өте қатты ұнайды. Спринтына да қатыстым, Сен марафонына да қатысып жатырмын қазіргі уақытта. Және кітабына ұтыс жариялаған кезде кітабын да ұтып алғанмын. Азамат мырзаның арқасында жақсы жақсы әдеттерім де қалыптасты. Қаншама қорқынышыма да қарсы жүрдім. Бірақ конфликттен қашу деген қорқыныш маған да қатысты сияқты. Оны жеңу керек екен. Азамат мырзаға көп рақмет.👍👍

  • @user-sz2oj7hw7z
    @user-sz2oj7hw7z Год назад +7

    Супееер👏👏👏 Азамат Скаков мырза топ топ қой 🔥🔥🔥

  • @aidarova9
    @aidarova9 Год назад +5

    Сұқпат ұнады бәрін қалай бар солай шынай айтып жатыр. Маған өткені кәзір барлығы сыртан біреулерден мотивация издеп бірнарсеге жеткісі келедіғой негіз адам өздігімен алға мақсат қойып әрекет жасаса бәрі болатын сияқты. Соның дәлелін көрдім жақсы ниет и өз өзіңе деген сенімділік Алла әрдайым жолын келтіп қояды. Өз өзіңді дамытып жетістікке жету үшін ең бастысы әдеттер қалыптастыру түйгенім әдет қалыптастыру оңай біз өзіміз бәрін қиындататын. Таңда ерте тұруды әдетке айналдыру күніңе береке кіргізіп қояды Азамат мырзаны көрсең жаман әдеттерден арылып жақсы әдеттерді қалыптастыруға ынтаң ашылады. Рахмет керемет шығарылым 👍👍👍

  • @galamshar3565
    @galamshar3565 Год назад +3

    Керемет қызықты сұхпат болды. Ашық шынайы, жылы жүзді, ақ көңіл кісі екен.

  • @gulnurturassimova
    @gulnurturassimova Год назад +21

    Азамат Сқақов жайлы бірінші рет естіп, көріп отырмын! Қазір жердің жылдамдығымен адамдарда дамып , оянып жатқан кезде ,жақсы ой түйіндеуге көмек берген подкаст болды. Әсіресе , мен сияқты баламен декреттік демалыста отырған, өмірден , елден қалып бара жатырмын деген келіншектерге , күнделікті өмірін жеңілдетуге , әдет қалыптастыруға көмек береді деп ойлаймын. Қазағымның ішінен ойы жүйрік, ақылы кемелді жандар шыға берсін. Ұйды дұшпан, ақыл дос, осындай подкасттан кейін, ақылыңа ақыл қос ☺️

  • @user-rh5pi2xi1v
    @user-rh5pi2xi1v Год назад +4

    Керемет

  • @user-nz7iz3rp4f
    @user-nz7iz3rp4f Месяц назад

    Өте пайдалы подкаст болды! Ма ша Аллах

  • @user-fx1jr7or8f
    @user-fx1jr7or8f 9 дней назад

    маған ұнағаны Азамат мырза өз қателіктерін,кемшіліктерін еркін айта алғаны🙌өте қуаныштымын көргенім үшін.

  • @0spanovich
    @0spanovich Год назад +7

    1 сағаттық подкастты соңына дейін тыңдамайтын едім. Осы подкастты соңына дейін тыңдадым керемет қызық болды. Ұнады. Тағыда осындай подкасттар шыға берсін

  • @Aibek_Salybekov
    @Aibek_Salybekov Год назад +5

    Біріншіден алғыс білдіргім келеді, өте керемет подкаст болды. Енді не түйгеніме келетін болсақ:
    1) Өзіңнің қорқынышыңды жеңу үшін оған қарсы жүру керек
    2) Мақсатыңды айқындап жазу, сол мақсатқа жетелейтін үлкен қадам.
    3) ұйқы - дұрыс диетаға әсер ететін үлкен факторлардың бірі.

  • @arstak
    @arstak Год назад +6

    Мощный подкаст

  • @symbat_111
    @symbat_111 Год назад +12

    жымиып отырып соңында от души күліп отырып қарадым😁Ракмет ❤️Азамат Скаков ағаға да Таир Нугман ағаға да көп алғыс🙌🏻

  • @nurlanjoldaskaliev
    @nurlanjoldaskaliev Год назад +6

    Нағыз ер азаматтардың такырыбын козгады үлкен рахмет

  • @user-yv1rn6uf7n
    @user-yv1rn6uf7n 11 месяцев назад +8

    Азамат өтте пайдалы болды. Қазағымның осындай ақылды жігіттері көп болсын🇰🇿🤲

  • @erkosherkosh405
    @erkosherkosh405 Год назад +5

    Сынған қабырғамен сүңгідім ди ма😂. Мықты мықты подкаст👍

  • @Saltanat.fashion
    @Saltanat.fashion 10 месяцев назад +9

    Осындай ел ағаларын көргенде көңілім көңшейді. Әзер дегенде алаштың ізін жалғап елі үшін еренбей еңбек етіп, өзінде отбасында қамтамасыз етіп жүрген сауатты көзі ашық көкірегі ояу жандар көп шықты-ау. Еңбегіңіз еренбей, майдай терлеріңіз ақтала берсін. Подасттың тұрақты көрермінімін.❤

  • @user-xk2bh5ti9i
    @user-xk2bh5ti9i Год назад +6

    Осы кісінің рилстарын қараймын, өте ұнайды. Қорқыныш туралы қатты әсер етті 👍🏻

  • @user-ol8ld4zr2o
    @user-ol8ld4zr2o Год назад +10

    Бірінші рет көруім бұл жігіттерді.Ұйқы арқылы қалай салмақ тастайды деп қызықтым.Жарайсыңдар .Өздеріңдей қазақ жігіттері үшін қуанып отырмын.
    Түйгенім.
    Ең болмағанда ұйықыны ретке келтіруім керек.
    Азаматты кәзір тауып тіркеліп алайын.Тайырға тіркелдім.Керемет әсер алдым.

  • @NursaraMyrzakhmet-ut4xm
    @NursaraMyrzakhmet-ut4xm 9 месяцев назад +3

    Бүкпесіз, ашық әңгімелері мен пайдалы ақпараттар үшін Азамат мырзаға, сұрақтарымен қонақты аша білген Таир мырзаға, барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.

  • @user-gn6vf5zq8f
    @user-gn6vf5zq8f Год назад +6

    Казакша осындай тусырылымдер коп болса екен, оте керемет, коптен беры кокейымде журген сурактарымнын жауабын таптым.❤❤❤

  • @user-we2yg4yw3q
    @user-we2yg4yw3q Год назад +5

    Аллаһ Тағалаға сансыз шүкір, от пен суға салып шыңдап, қорқыныштардың көбінің түкке тұрмайтындығын ұғындыратын.

  • @Mahan_Naren
    @Mahan_Naren Год назад +7

    Менде де тура Азекеңдікі сияқты екен. Конфликттен қашу ол қорқынышымнан екен. Көпшілік алдында ашыла алмау. Жоқ деп айту. 😅

  • @Lenovo-2023
    @Lenovo-2023 Год назад +3

    керемет сұхбат

  • @zhansayamkambar
    @zhansayamkambar Год назад +5

    Соңғы кездері ұйқым қанбаған күні өз күнімді өзім өлтіретінімді қатты сезініп жүрмін. Мына подкастты да кеш жатып, жұмыста шаршап отырған күні көріп бастағанмын. Бүгін жүгіруге шыққанда мұқият тағы бір тыңдадым. Ұйқының сағатына емес, сапасына мән беру керегін түйдім. Қонақтың жеке өмірінен алынған оқиғалары да маған қызық болды, мотивация сыйлады. Ал жүргізушінің турашылдығы, шынайылығы ұнады. “Бір ғасыр болды ма?” деген сұрақ өтті😂
    Байқау шарттарын, өту мерзімін онша түсінбедім, описаниеде де жазылмаған екен. Менің пікірім таңдалып жатса, автордың жеке қолтаңбасымен “Сен” кітабына иеленуді қалайтын едім😊

  • @temirlanomirgaliev6841
    @temirlanomirgaliev6841 Год назад +7

    1. Әдет жайлы
    - орташа есеппен 40 күнде қалыптасады
    - адам бойына нейрон арқылы қалыптасуы, қазақша адам бойына сіңіуі, енуі
    - күніне жасайтын ісіміздің 95% әдет
    2. Ұйқы жайлы
    - ұйқыдағы алтын уақыт 22:00-06:00
    - ерте жатудың төрт-ақ кедергісі бар:
    кофеин, тамақ, су, жарық
    - түнде ағза өзін-өзі емдейді гармоны- мелотанин
    3. Өзгеріс жайлы
    Қазір даму кезеңінде жүрмін, шұғылданып жүрген істерім уақыт өте келе жемісін бермей қалама, қазір дұрыс іспен айналысып келемінбе деген ойлар болады, ананы көрсемше, әлде мынаны ма, жауабын Азамат аға өз өмірінде болған жайттарды айта келе тапқандай болдым, ол кісіде ілгерідегі істер мен қазіргі істері пазл секілді үлесімді шыға бастауы, демек бұл кісіде кейінгі өмірде не боларын білмеді, бірақ уақыт өте келе дұрыс жасалынған іс әрекеттер өз орнын толтырып отырды. Артынша өз өміріме қарап адам барлық нәрсені бағдарлай алуы мүмкін емес, әр іздің өз көрініс беретін уақыты болатынын түсіндім.

    • @temirlanomirgaliev6841
      @temirlanomirgaliev6841 Год назад

      04:00 06:00 болып кетіпті менде

    • @user-vi2qj1yk4n
      @user-vi2qj1yk4n Год назад

      судың не қатысы бар ? Уақытылы ұйықтау үщін

    •  3 месяца назад

      ​@@user-vi2qj1yk4nбүйректе дем алу үшін

  • @user-iv3ze6fd3j
    @user-iv3ze6fd3j Год назад +9

    Азамат аға сияқты ағаларымыз көп болсын! Жол сілтейтін, білімімен және тәжрібесімен бөлісетін, Алла разы болсын!!!

  • @aua2364
    @aua2364 11 месяцев назад +5

    Азамат ағаның берген кеңестері мен оқиғаларынан бөлек. Адамның жүзінің, оның қалай жеткізу мәнерінің информация қабылдауға тиігізетін маңызын көргендей болдым. Өте тамаша подкаст болды, керемет әсер алдым👍

  • @user-cn6ix8uz1f
    @user-cn6ix8uz1f 7 месяцев назад +2

    Таир,подкастыңыз өте тамаша! Қазақ халқы үшін таптырмас, пайдалы ақпарат айтылды. Шақырған қонағыңыздың ұстанымы, іс-әрекеті,айтқан сөзі ,әңгімесі өте пайдалы. Әсіресе, өмірде өз жолын іздеп жүрген жастарға да, өмірді көрген жасамыс жандарға да және мен сияқты егде жастағы адамдарға да пайдалы. Өзімше ізденіп, көп оқимын, Ютобтағы тамаша хабарларды көп тыңдаймын. ТАИР, сіздің хабарларыңыз подкаст деп жатырсыз ғой, асыға күтем,қызыға, үлкен әсермен тыңдаймын. Адамдарға пайдалы, өмір сүруде өзіне қажетті әдет, мінез қалыптастыруға көмектесетін осындай подкастіңіз көбейе берсін! Халық қамын ойлаған іс-қарекетіңіз жемісті болсын! Халқымыздың өзін дұрыс, жақсы,күшті, ізгілікті жақтарға тәрбиелеу үлес қосуыңыз көбейе берсін! Сіз сияқты, мына Азамат Скаков сияқты ер-азамат жігіттер қазағымызда көбейе берсін! Алла тек жар болғай!

  • @aia_qwzx674
    @aia_qwzx674 Год назад +5

    ❤ керемет әдет қалыптастыру 42күнде жасап көреміз РАХМЕТ

  • @MeirambekBaizhunissov
    @MeirambekBaizhunissov 5 месяцев назад +4

    Ассалаумағалейкүм! Подкаст өте пайдалы болды. Әсіресе, ұйқы мен спорт жәйлі. Қазіргі таңда жақсы әдеттен жаман әдет көбейіп кетті, бірақ таңдау адамда. Жақсы әдет қалптасырайық ағайын✊ Бауырларыма көп рахмет🤗 Біраз қажетті ақпаратты түйдім, балаларымызға да үйретуіміз керек. Қазағым дами берсін🖐

  • @user-xy7qt3dc6u
    @user-xy7qt3dc6u 10 месяцев назад +3

    Ұйқы, салмақ тастау, қорқынышты жеңу подказ - менің іздегенім еді. Ютубты ашып сұхбатты көріп, тап жылдымай тыңдадым. Сұрақтарыма жауап алғандай болдым. Үш жеңіппаздың бірі болып, курсы маған бұйырса қуанар едім. Алла маған нәсіп етсінші.

  • @user-wl9rt4mp3v
    @user-wl9rt4mp3v Год назад +3

    Аллаһ берекесін берсін!!!

  • @user-vi2qj1yk4n
    @user-vi2qj1yk4n Год назад +7

    жеңе алмаған қорқыныш- тақуалықтың төмендігі, таңғы уақыт - әрқашанда берекелі уақыт.

  • @user-ws7ob6hk2o
    @user-ws7ob6hk2o Год назад +5

    Бүгінгі подкаст өте қатты ұнады
    Тек сәттілік тілеймін

  • @RassulMussaiyn
    @RassulMussaiyn Год назад +2

    Менде де Азамат агада да болган коркыныш бар екениме козимжетти, енди сол коркынышты женуге кулшыныс пайда болды. Жане билген акпаратты кайта еске тусирип соны кайтып колга алуга шабыт келди! Алла разы болсын! Осындай елге пайдалы подкасттар кобейе берсин иншаллах!

  • @maulenz7311
    @maulenz7311 Год назад +3

    Осы омирде жениске, жетистикке жеткин келсе, тусингеним, озиннин коркынышына тура бару керек екен. Орысша айтканда - идти в свой страх!

  • @user-pi5co3uu5y
    @user-pi5co3uu5y 11 месяцев назад +2

    Оте керемет, маган унады. Азамат мырза аузын ашса комекейи коринети адам екен. Оте позитивти екен, тил козден аман бол. Енбегиннин жемисин, тапкан табысыннын берекесин берсин Аллам. Саттилик сиздерге!

  • @user-gn6vf5zq8f
    @user-gn6vf5zq8f Год назад +4

    Автор! мен жумыс, уй жане балам деп журып, омырден бырнеше жыл артта калып калганымды тусындым, оган себеп автордын роликтеры.1-2-3 кун болды больничныйга шыгып соткадан жаналык койып, жумысымды жасап журып, сыздын роликтерынызды тындап, соншама жыл артта калган омырымды куып жетып алып, омырыме жана серпылыс басталды. Асыресе Повар Сымбат оте керемет, жане осы Азаматпен сухбат оте тамаша болды. ❤❤❤ Мотивация керемет болды. Омырымдегы коп жауабын таппай журген сурактардын туйыны мен жауабын, шешымын таптым. Авторга Шынайы рахметымды айткым келеды.❤❤❤

  • @jasmin.altynbekizi.eralin2031
    @jasmin.altynbekizi.eralin2031 Год назад +2

    Өте жеңіл түсіндірді

  • @hanife_jan
    @hanife_jan Год назад +3

    МашааАллах. Адеми подкаст болды. Аллах білімдерініздің жемісің арттыраберсін. Хайырлы, берекелі кылып.

  • @nagimash2917
    @nagimash2917 11 месяцев назад +5

    Керемет пайдалы подкаст болды! Қазақтың осындай мықты жігіттері өсе берсін! 👍👍👍👍

  • @user-me9qh4ps6v
    @user-me9qh4ps6v Год назад +3

    Керемет, оз-озин женген адамдар.

  • @123kfjsart
    @123kfjsart 11 месяцев назад +5

    Уауу күшті подкаст болды. Мен көп ақпарат алдым. Керемет. Алла істеріңізге береке берсін🔥🔥🔥

  • @cherrymyun8956
    @cherrymyun8956 Год назад +5

    Өте керемет сұхбат болды 👍👍👍
    Азамат мырзаны таныстырғаныңыз үшін үлкен алғыс 🥰
    Ерте тұру өте маңызды тақырып . Азамат мырзаның кітабін алып оқитын боламын 😊

  • @user-cg3sv7be1n
    @user-cg3sv7be1n Год назад +3

    Ёёёёё бұл подкаст енді білмейсің барған қалай сөзбен айтып жеткізерімді. Маған өөөөөтттте өтттеее өтттеееее қатты ұнады. Рас айтам. Соңғы 1-2 айдан бастап қараймын осы Таир мырзаның подкасттарын. Барлығы керемет. Бірақ мына подкаст мен үшін ТОП болды.🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉. Өте қатты ұнады. Разборын алғым келеді. Егер менің комментарийім ұнап бір сыйлық қа лайық болып жатсам РАЗБОР алсам екен. ❤❤❤❤❤❤❤❤. 😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊

  • @magjanaitbek2591
    @magjanaitbek2591 11 месяцев назад +2

    🔥🔥🔥🔥🔥керемет Таир мырза шаба беріңіз.Азамат мырза керемет біліміңіз арта берсін

  • @user-vp1yr4vo7g
    @user-vp1yr4vo7g Год назад +3

    Ұйқы тақырыбы маған ұнайды ❤менің проблемам 😊өте пайдаолы болды❤

  • @user-gu5eh5ql7s
    @user-gu5eh5ql7s 11 месяцев назад +2

    Жақсы пайдалар түйдім. Аллаһ берекет берсін!

  • @hwbAzhar1427
    @hwbAzhar1427 Год назад +5

    Екеуің де жарайсыңдар! Өте әсерлі, пайдалы сұхбат болды. Кәдімгідей шабыт берді. Мен енді кейбір сезімдерді ептеп ұмыта бастаған жасқа келіп, алпысты алқымдаған адаммын. Мен өте мақтаныш сезіммен, осындай азаматтар менің қазағымда бар деп өте әсерленіп тыңдадым. Осындай сауатты азаматтар көп болсын деп тілеймін. Бұдан да биік асуларды алады деп сенемін екеуіңе де! Сәттілік айналайындар! ❤❤😮❤

  • @daniyarorazbek
    @daniyarorazbek Год назад +3

    Подкаст керемет🔥
    Азамат мырза барлығын түсінікті жеткізді
    Әдет қалыптастырудағы, дұрыс ұйықтау туралы пайдалы инсайттар болды. Әсіресе, синапс туралы🔥
    Таңда ояну мен үшін үлкен проблема тұғын. Сол ақпараттарды қолданып көремін енді😄
    Пайдалы ақпараттар үшін рахмет🔥

  • @yousee-7.7
    @yousee-7.7 Год назад +2

    Рахмет. Пайлалы сұхбат болды мен үшін. Алла разы болсын.

  • @_qruzhqn_
    @_qruzhqn_ Год назад +3

    Үлгі аларлық тұлғаларымның бірі🥺❤️

  • @user-rl8nf6gz8p
    @user-rl8nf6gz8p Год назад +2

    Азамат мырза әріптесім екен. Сұқбатына риза болдым. Әдет қалыптастыру жайлы біраз ой түйдім. Ерте тұруды, 10 мың қадам жүруді әдетке айналдырғаныма бір жылдай боп қалды. Дегенмен күнде кітап оқуды қолға ала алмай жүрмін. Оқымайды емеспін, оқимын. Бір жылда 25 кітап оқимын деп жоспарлап қойдым. Жыл соңына дейін оқитын шығармын. Қорқыныш жайлы айтқанында өзімді көргендей болдым. Алдағы уақытта Азамат мырзаның бір курсына қатысып, кітабын оқитын боламын. Тасы өрге домалап, абырой биігінен көріне берсін деп тілеймін!

  • @erkenazkairatkyzy2171
    @erkenazkairatkyzy2171 7 месяцев назад +2

    Өте пайдалы, тың ақпараттар өте оңай жеткізілді. Ризамыз! Алла разы болсын!

  • @user-un8fn8yl5u
    @user-un8fn8yl5u Год назад +2

    Биринши айтарым оте пайдалы подкаст болды
    туйгеним
    1. ми козгалды
    2. энергия арттыру жолдарын тусиндим
    3. дурыс уйкынын манин тусиндим
    Подкаст оте адеми отти жигиттер. осындай подкастттар коп болсын. 💯

  • @user-jn5lb5sl8c
    @user-jn5lb5sl8c Год назад +3

    Әдетке айналдыру туралы керемет сұхбат болды✨

  • @user-br3ro5rs4f
    @user-br3ro5rs4f Год назад +2

    жақсы сухбат өте жақсы рақмет!!!!

  • @user-zq3bp4xm8d
    @user-zq3bp4xm8d 9 месяцев назад +3

    Осы подкасттан керемет ләззат алдым. Азамат Скаковтын сөйлеу мәнері өте тамаша екен, маған өте пайдалы подкаст болды

  • @olzhasalmas4685
    @olzhasalmas4685 Год назад +3

    Алла разы болсын🤲 өте маңызды тақырыптар қозғалды, мен Азамат ағаны инстадан жарты жылдан асты ау көріп келем өте мықты кісі МашаАлла🔥

  • @nuraliii12
    @nuraliii12 3 месяца назад +1

    Қазақтан осындай азамат , өзіне де өзгегеде пайдасы тиетін жігіттердің болғанына ризамын! Алла күш қуат берсін! Подкаст мықты! 🔥👍

  • @yersultankuandyk8878
    @yersultankuandyk8878 Год назад +4

    Подкаст өте жоғары деңгейде болды👍
    Таир және Азамат мырзалар сіздерге мың алғыс осылай өз ілім,білімдеріңізбен бөлісіп жатқандарыңызға.
    Бұл подкасттан түйгенім:
    1.Ең алдымен қорқынышты жеңе білу адам іштегі қорқынышты жеңсе ең бірінші қалғандары өз орнымен бола жатады екен оған өзімнің де көзім жете бастады.
    2.Ұйқы режимін дұрыстауға көп көмегін тигізері сөзсіз,ұйқы туралы ең қатты ұнады.Мәшhүр Жүсіп атамыз айтқандай ер жігіттің 3 жауының бірі ұйқы дегендей осы подкасттан соңв ұйқымды реттеймін Алла қаласа.
    3.Бірден бастап кету,өзімнің созып бастай алмай жүрген заттарымды тәуекел деп бастап кету,және соңына дейін бару,Азамат аға айтпақшы қарсыласын қылғындырып жатқандағы “олда шаршады”деген сөз оған мотивация бергендей,біз мақсатқа жетер жолда шаршасақ,демек мақсатқа жетуге аз ғана қалды деген сөз екенін ұқтым.
    4.Және бір түсінгенім егер адам шын ниетімен қаласа Алла оған себебін тауып беретінін,мектеп кезде мұғалім болып жүріп аяқ астынан шетелге баратын мұғалімнің өз ойынан айнып қалуы өте үлкен мүмкіндік болғаны.
    Алла разы болсын сіздерге👍

  • @Ulangul
    @Ulangul 11 месяцев назад +2

    Керемет,рахмет осындай пайдалы ақпаратты тегін беріп жатқандарыңызға!Алғысым шексіз!

  • @user-mp7lk3uu4i
    @user-mp7lk3uu4i 9 месяцев назад +2

    Керемет сұхбат болды. Азамат өте білімді, жан жақты азамат!

  • @bagdatzhandildin686
    @bagdatzhandildin686 Год назад +2

    Керемет сұқпат әсіресе қорқынышты қалай жеңгені мен үшін өте керемет ақпарат 👍👍👍

  • @user-qo9gg8lp1f
    @user-qo9gg8lp1f Год назад +1

    Ассалаумағалейкүм Тайыр мырза. Жобаңыз өте пайдалы. Көп подкасыңызды қарадым. Бірақ тіркелмеппін. Азамат мырзамен болүан сұхбаттан кейін жазылмау қате шығар. Азамат мырзаны 2021 ден танимын. Шонбай мектепте оқығанмын.
    Бұйырса Азамат мырзаның техникасын өміріме мөрлеймін деген ойдамын.
    Сыйлық үшін коммент қалдырып отырғаным жоқ. Бірақ Азамат мырзадан разбор керек 😂😂😂😂

  • @user-st5oy3vo5g
    @user-st5oy3vo5g Год назад +3

    Қазақша подкастар дами берсін, рахмет Таир мырза 👍
    Бүгінгі подкаст 🔥🔥🔥 болды, Азамат мырзадан үйренерім өте көп екен, керемет инсайттар алдым. Қайта қайта тыңдадым. Жауапкершілікті сезіну, қорқынышпен күресу, мақсатты орындау.

  • @amangulkoptileov1255
    @amangulkoptileov1255 Год назад +2

    Өте тамаша сұхбат.Жасым орта жаста болсада,әсері жоғары болды.Дами беріңдер,жанұяма ,балаларыммен бірге тыңдадым,оларда хабардар болсын деп.

  • @Akbota_hanym
    @Akbota_hanym Год назад +5

    Саламатсыздар ма?Сыйлыққа үміткермін.
    Подкаст Азамат Скаков
    1.Ұйқы. Мелатанин гормоны майды еритіп,энергияға айналдырады. Ол мықты гормон. Жастық шақ гормоны. Ұйқы адамды емдейді. 22:00-02:00ең көп мөлшері. Горизонтально жату керек. Қап қараңғы болу керек. Таңғы 4:30тұру ол нормально. Адамдар тұрып жатыр. Ол қалыпты.
    2.Әдет. Нейрон нейрон арасында ток болады 21 күн нейрондар сырты қапталады 42күн ол қалыпты болады 90күн. Мидың негізгі мақсаты аз энергиямен көп жұмыс бітіру. Әдет ол өмір. Дұрыс әдеттер дұрыс өмір.
    3.Тамақ. Тамақты екі сағат асқазанда қортылады. Энергия көп кетеді. Су ,сөл қосылады. Потом тоқ ішекке барады. Там витаминдер таратады. Қоқыс кетеді. 22:00ұйықтасақ ,7де тамақ ішу керек.
    Ұйқыны келтірмейді кофеин , тамақ , су ,лед экран. Көзге 15мин синий сперкт түссе , ол күн деп ойлап ,кортизол бөледі. Кортизол мелатонин жеп қояды. Кортизол қанда болса ,адам ұйықтай алмайды.
    4.Таңғы серуен. Жүру.
    Жүгу жүгіруден гөрі жақсы себебі жүру кезінде ағза май жағады. Ал жүгіру ол кезде ағза глюкоза,белок жағып жібереді. Жүгірсе ағза стресске түседі. Шаршаңқы болады. Себебі энергия көп жұмсады. 140тан аспау керек или сойлеп отыру керек.
    5.1қасық бал 20гр бір күдік глюкоза

  • @user-qq6vg1qq6x
    @user-qq6vg1qq6x Год назад +2

    Маган , ойын туралы айтканы катты Асер калдырды шынында дал казирги уакытта... Менде осындай жагдай ... Коркып кашып журу , истегим келген нарседен айдалада журмин ...
    Казир мына подкасты корип бираз ойланып калдым 😊 Рахмет зын подкаст болды❤

  • @user-xn7jf6sl6g
    @user-xn7jf6sl6g Год назад +4

    👍👍👍

  • @mayaotyzbaeva
    @mayaotyzbaeva 7 месяцев назад +2

    Өте ерекше подкаст болды, рахмет. Ұйқы арқылы арықтау деген қатты ой салды. Мақсат туралы,әдет туралы керемет инсайттар алдым. Таир мырза да сұрақтарымен қонақты керемет ашты. Алла разы болсын.

  • @yerkebulansabitov9954
    @yerkebulansabitov9954 Год назад +2

    Жарайсыңдар жігіттер.

  • @user-dv7th3hl1h
    @user-dv7th3hl1h Год назад +2

    Сұхбат өте маңызды болды, көп нәрсені естіп, пацдалы болсын 🤲. Жарайсыздар 👍👍👍

  • @user-qu2xv2bt9c
    @user-qu2xv2bt9c Год назад +4

    Тамаша, пайдалы подкаст. Өзім бүгіннен бастап ұйқыны реттейінші деп жүрген едім. Тыңдауды қолға аламын

  • @Simonkz70
    @Simonkz70 2 месяца назад +1

    Азамат мырза көп рахмет , Алла күш қуаттан айырмасын

  • @user-ig2hi7eq7j
    @user-ig2hi7eq7j Год назад +4

    Маа бәрін жеңіл түсіндірді ғоо, күшті сезімде отырмын әлі подкастты бітірмесем де. Рахмет сіздерге❤❤

  • @aygerimsadikova8797
    @aygerimsadikova8797 Год назад +1

    Саламатсызба Таир мырза өте керемет сұхбат болды,Азамат Мырзаны инстаграм арқылы бақылап жүрмін өте пайдалы, керемет реелстар көріп жүрмін, өміріме енгізіп, қолданып біраз жаңа әдеттерді тез әрі оңай қалыптастыра алдым. Алдағы жұмыстарыңыз да сәттілік, осындай пайдалы подкасттар көп болсын.

  • @Jumahanqyzy
    @Jumahanqyzy 11 месяцев назад +2

    Бастапқы 20 минут көріп жатқанда керемет екенін түсініп, бірден жазып едім.
    40 минуттан кейін өтеее керемет екенін түсіндім! Рақмет көп көп, сіздердің сұхбаттарыңыздан, жеңіл түсіндірулеріңізден тап-тамаша әсер алдым. Менің психология саласына, адамның жан-дүниесін зерттеуге деген қызығушылығымды қоса түстіңіздер❤

  • @Awkonsuperqiz
    @Awkonsuperqiz 9 месяцев назад +2

    Енді тыңдаитын болам бұл кісіні , қазыр өзімді дамыту ерте тұру әдетін қалыптасырып жүрген едім мына подкаст аяқ асты көзім шалды , өте әдемі түсінікті жеңіл подкаст екен 👏👏👏👏

  • @user-py6fu9bu5t
    @user-py6fu9bu5t Год назад +2

    Керемет сұхбат. Аман болыңдар.

  • @user-uy9ql9wf3g
    @user-uy9ql9wf3g 7 месяцев назад +1

    Бул кісілерді танмасамда Мағанда өте пайдалы сухбат болды. Ағаларымыздың көз-қарасы имани жолдары, сөйлеу мәнерлері жоғары екені көрініп тур.Саудаға катысым жок бирак осындай керемет адамға ен керек деген психологияға жакын заттар өзгеру туралы ұнады,ертеннен бастап осы ұйқы туралы әдет калыптастыру ойда бар.Кітап сыйлап жатса куаныштымын

  • @s.ly.06
    @s.ly.06 Год назад +2

    Мен үшіін ееееең қызықты, көңілді подкаст болды. Бұл кісіні қателеспесем инстаграмнан 1-2 рет көргенмін, бірақ онша мән бермеппін. Енді ютубтан көріп отырмын. Расында керемет, пайдалы ақпараттар, кеңестер алдым және оны өмірде қолданамын деген ойдамын. Подкастты ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін, жемісін көріңіздер, иншаАлла❤️❤️❤️🔥🔥

  • @user-xd7vo5bw8j
    @user-xd7vo5bw8j Год назад +10

    Өте көп подкаст тыңдаймын, және менің көз қарасымда, мына подкаст өте пайдалы.
    Сөз саптау, өзін сезіну, бәрі-бәрі өте сауатты.
    Таир мырза, ісіңізге береке берсін! ✨

  • @azekeazeke6839
    @azekeazeke6839 Год назад +4

    Ассаламуалейкум, керемет сұхбат. Көбейе берсін. Өз азаматтарымыз пайдалы кеңестер ала берсін. Азамат сияқты азаматтарымыз еселене берсін. Арманым барлық салада Ресейді сындырып, нарығын жаулап, өзімізге бағынышты қылу. Аллаһ тілегімді қабыл ет, әмин.

  • @yeskali1251
    @yeskali1251 Год назад +2

    Керемет адам, керемет подкаст🔥👍🏻