Шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 май 2017
  • Шілденің бірінен бастап елімізде әлеуметтік төлемдер өседі.
    Базалық зейнетақы көлемі 13%-ға артады. Бұл жайында бүгін Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Қазір бала күтіміне берілетін бірреттік жәрдемақы көлемі артты.
    Шілдеден бастап төрт, не одан да көп балаға берілетін бірреттік жәрдемақы тағы артады. 142 мың теңгеге жетеді. Бүгін тиісті құжатты Төменгі палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Гүлжан Марқабаева жалғастырады.
    Қазір елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар. Ал екінші жартыжылдықта 300 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бүгінгі Мәжілісте талқыланған заң жобасы алдымен солар үшін қажет құжат.
    Бала туғанда берілетін бірреттік көмек 1 шілдеден бастап 20%-ға көтеріледі. Жәрдемақының көлемі бірінші, екінші, үшінші балаға 38 АЕК-ке артса, 4 және одан көп балаға берілетін жәрдемақының көлемі 142 мыңға жетпек.
    Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
    - Ынтымақтастырылған зейнетақы 11%, базалық зейнетақы 13%-ға көтерілетін болады. Сонда ең төменгі зейнетақы 45 мың 751 теңгеге көтерілгелі отыр, ал орташа зейнетақы 66 672 теңгеге дейін көтерілгелі отыр. Ал енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейінің методикасының өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы тағы да 16%-ға көтеріледі.
    Елімізде жасы 18-ден асқан 59 мың мүгедек бар. Соның 13 мыңы үнемі күтуші көмегіне зәру. Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым олардың әлеуметтік жағынан қорғалмай қалатынына қапалы. «Мүгедек бала 18 жасқа толған соң сауығып кетпейді» деген депутат осы мәселені қайта қарауды ұсынды.
    Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
    - 18 жасқа толған соң мүгедек балалардың аналары ешқандай мемлекет тарапынан жәрдемақы алмайды. Анасы басқа жұмысқа орналасуға онда мүмкіндік жоқ. Сол мемлекеттен берілетін несие арқылы күн көреді.
    Бұл үшін қосымша 5 млрд теңге қаржы қажет екенін айтқан министр мәселені қайта қарап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ 2018 жылдан бастап жұмыс берушіге өз қызметкерінің есебіне 5% көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын аудару жүктелген. Экономикалық ахуалға байланысты бұл мәселе 2020 жылға шегерілді. Депутаттар еліміздегі жалғыз әйел министрінің іскерлігіне сүйсінсе де, сұрақсыз қалдырмады.
    Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
    - Ісіңізді жақсы біліп, екі тілде бірдей жосылып сөйлеп тұрғаннан кейін бе, сөйлете бергіміз келеді. 2014 жылдан бастап енгізілген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына қатысты біздің тәжірибеміз бар ғой. Жұмыскерлер үшін тиімділігі қандай?
    Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
    - 2014 жылдан бастап біз зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға зейнетақы жарнасын 5% төлей бастадық. Бүгінгі таңда оны 400 мыңнан астам жұмыс істейтін азаматтар алып жатыр. Екі жылдың ішінде 100 млрд олардың шотына түсті.
    Заң жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша 81 млрд теңге бөлінген. Құжат мәжілісмендердің көңілінен шығып, бірінші оқылымда мақұлдап тастады.
    Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Азамат Сәметов

Комментарии • 595

  • @user-pt4wl8hd8u
    @user-pt4wl8hd8u Год назад +5

    Өссін.Халыктын жағдай жаксарсын.Колдаймын

  • @user-yy1xr3ey8c
    @user-yy1xr3ey8c 2 года назад +5

    Сол бағы жартас,сол жартас халықты алдап 4,5 мың теңге қосып соны жыр ғып айтудан бұлар жалықпайды,әншейін қарапйым халықты алдаусырату,Одан бөлек барлық заттар азық-түлік, тұрмыстық заттар, строй материалдар бәрі қымбаттайды емес пе ?Сонымен қысқасын айтқанда бұрынғы жүйеге тағы ла ораламыз.Жаңа Қазақстан құрамыз дегендері қайда ?

  • @user-mq5ip4xv7d
    @user-mq5ip4xv7d 2 года назад +10

    Тамаша Дуйсенова ханым сізге 39жыл еңбек стажы бар ал жолда сының еңбек стажы 49жыл ал алатын зейнетақымыз 80-90ға да жетпей себебі сабездегі ханымдар мен мырзалар жөнді және толық есептеледі сол біздің еңбек стажымызға қарай пенсия алуымыз ға көңіл бөлуіңізді сураймын

  • @user-gw9gr8fw1n
    @user-gw9gr8fw1n 3 года назад +6

    3-балалы жәрдемақы берілсін колдаймын АСП-керек емес

  • @berkutderzhavin9346
    @berkutderzhavin9346 2 года назад +8

    СҰМДЫҚ. СОНША АҚШАНЫ ҚАЙДА СЫЙДЫРЫП ҚАЙДА ЖҰМСАЙМЫЗ. 45000 тенге дейді беттері бүлк етпей 45000 тенгемен БІР АЙ күн көру мүмкінбе СҰМДЫҚ СҰМДЫҚ

  • @user-rp9se8tr5x
    @user-rp9se8tr5x 2 года назад +6

    Пенсионерлер дің зейнет ақысына бір екі мың қосқанына мәз ал азық түлік күнде өсіп жатыр он онбес мың қосқандай мақтанады.

  • @user-em1uv6bt6z
    @user-em1uv6bt6z 4 года назад +5

    Лучше верните пенсионный возраст 50- 55 лет женщинам, повышение пенсии и зарплаты, женщин много будем требовать и митинг!!!!

  • @ainurainur1631
    @ainurainur1631 2 года назад +13

    Керемет 58 зинетке шыгару керек

  • @user-ui9fm6xw6k
    @user-ui9fm6xw6k 2 года назад +2

    Зеинет жасын. 58 жасқа төмендетсін аналарды

  • @user-ky7zy7ps7d
    @user-ky7zy7ps7d 2 года назад +5

    Бала санына қарамай барлық бала берилсин жәрдемақы.

  • @user-ll2zi1tl1u
    @user-ll2zi1tl1u Год назад +2

    БҰЛ ЖАҢАЛЫҚ, РАС БОЛСА, РАХМЕТІМІЗДІ АЙТАМЫЗ!

  • @user-ft9ni5lm8n
    @user-ft9ni5lm8n Год назад +5

    Ұялмай ма?142000т жетеді деп 2000тӘ қосқан .?5-бала 2000т не алады ? Мына министр әйелде бала жоқ па? Әлде қымбатшылықты көзі көрмейді ма? 2000ға сонша дүрліктіргенше кетсін.Көп балалы ана министр болса түсінеді.

  • @aluatoigulieva244
    @aluatoigulieva244 2 года назад +11

    Дурыс айтады жумысымыз жоқ ешбир жер алмайды.балаң.ауру болса үй отыр деп айтады

    • @user-yt1qi1eg4b
      @user-yt1qi1eg4b Год назад

      керемет қо қосылсын ақша жетпейді оқұ құралдары қымбат азық тулік олда қымбат

  • @user-th4bk2to1u
    @user-th4bk2to1u 2 года назад +4

    Зейнет ақыны осире бергенше әйеллердин зейнет жасын түсірсендерши

  • @user-in6wv5by9i
    @user-in6wv5by9i 6 лет назад +13

    Өздері 500000 аилық алады оларға бəрібір біздін аркамызда отыр бəрі былшыип қарындары тоқ. Біз халық бұларға малдармыз .Аитар сөз жоқ

  • @user-qv6ci5fp1s
    @user-qv6ci5fp1s 4 года назад +13

    Сол жәрдемақымен өздері күнелтіп көрсінші,қара халықтың жағдайын сонда түсінер еді

  • @user-je9hi2rk4m
    @user-je9hi2rk4m 3 года назад +7

    Өскені құрысын бәрі сапасыз қымбаттап жатыр қымбаттшылық жаилады өседі депқуанбаим барі қоса өседі

  • @user-pg4cm9gz5v
    @user-pg4cm9gz5v 2 года назад +6

    Ойбай , 4 жыл бұрын деп астында жазулы тұр ғой , сендер не біздер жындымызба не сұмдық болып жатыр , қақылдата бермей құтылайықшы осылардан деген түрлеріңбе сауатсыздар , көздеріңді ашып ұйқыдан ояныңдаррррр !!!!!

    • @user-tp6nc1lx2f
      @user-tp6nc1lx2f 2 года назад +2

      Ёкі.үш.бала.тамак..ішпейма.кійім.кіймейме.пасобиа.төлну.керек.қои.

  • @user-rl3gt3wv6y
    @user-rl3gt3wv6y Год назад +4

    Өссе өссе екен кезінде үкіметке еңбегіміз сіңген енді өміріміздің көбі кетіп азы қалғанда шет елге қыдырмасақта мына тұрған Астана мен Алматыға қыдырайықта қымбатшылық қысып барады айлығымыз шайлығымызға жетпейді қарақтарым өсірсеңдер тәңір жарылқасын

    • @user-ue3sx5dr2b
      @user-ue3sx5dr2b Год назад

      Қызығын көремизба көрмеимизьа матгероина болып тук қызық көргемиз жоқ жузмыңға зорға жетти пенсиямыз бизге қосса прадукты қымбаттаиды не паида уиде аламаимыз жеген ақшаларыңыздың атын атасы масқара соларды қаитардық деп жатырғои берсин еңбегимиз сиңдиғои ондада жарып жургенимиз шамалы истесеңдер тоқ етерин истеңдерши өлип кеткенше қызығын көреик

  • @user-pj6kf8li5e
    @user-pj6kf8li5e 4 года назад +7

    Биреулердин акшасы оседи азык тулик кымбаттайды.оган акшасы оспеген биздин не жазыгымыз бар.кымбаттаган нанды акшасы оскениде оспегениде жейди

  • @user-zs9pg5do9h
    @user-zs9pg5do9h 6 лет назад +25

    пенсия жасын алыстатып тастады 63 кедейін бізді кім жумысқа алады соны неге ойламайды екен

    • @user-dz5jn6lv6o
      @user-dz5jn6lv6o 2 года назад

      Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххөхххххғххххх

  • @user-dd4lv4bc6m
    @user-dd4lv4bc6m 15 дней назад

    7 жыл бұрынғы жарнама неге хабарда жүр. Қәзір 2024 жыл емеспе. Біз неге 7жылғы бұрынғы заңды естіп отырмыз. Бізге мынау 2024 жылдың қәзіргі таңдағы біздің зейнет жасына шығыуымызға байланысты біздің БжЗқ жинақ ақшамызды неге өзіміз алып керегімізге жаратпасқа. Біз соны қандай сеніммен болашағымыз үшін үмітпен жинадық.

  • @user-du4rc6tb7m
    @user-du4rc6tb7m 4 года назад +6

    АСЫРАУШЫСНАН АЙЫРЛГАНДАРДЫН ПЕНСИЯСЫ КОТЕРЛЕМЕ

  • @user-qy9uf4hi5l
    @user-qy9uf4hi5l 2 года назад +3

    Нақты айту керек Бір балаға қаншаКөп юалалыға қанша бәлен процент деп Халықтың басын Үш балаға қанша Пенсияда қашан дұрыстап қосылады Тамақ өте қымбат

  • @user-bn7xe1ks7f
    @user-bn7xe1ks7f Месяц назад

    Ассалаумаалеикум Астана телеарнасы

  • @ainurabegenova5560
    @ainurabegenova5560 2 года назад +1

    Айлык кашан котериледи

  • @user-lz8eo5mm2f
    @user-lz8eo5mm2f 4 года назад +8

    Бір Екі уш балдары барларшы? Сонда біз не істиміз депутат агагар кайдасыздар бізді корми

  • @aizhansraylova4165
    @aizhansraylova4165 2 года назад +2

    Асхат Аймағанбетовке ұқсап дұрыс жұмыс жасаса.Аймағанбетовтың басқан ізіне татымайсыңдар

  • @user-oc5rq8vk2i
    @user-oc5rq8vk2i 2 года назад +2

    Бала санымен шыққандарға базалық қосылса екен 19600 тг неге жетет

  • @user-cx5sw4xm4c
    @user-cx5sw4xm4c 4 года назад +4

    ЗЕИНЕТ АҚЫНЫ КӨБЕИТКЕНМЕН ТАМАҚТАРДЫҢ БАҒАСЫН ӨЗГЕРТПЕУ КЕРЕК СОНЫ ҚАДАҒАЛАУ КЕРЕК

  • @user-en5uy5vb5r
    @user-en5uy5vb5r 2 года назад +21

    Керемет 2000-4000тг қосып үлкен іс тындырған сойлейді министр ханым. Өзіне сол айлықты тағайындаса көрер едік болмас еді. Қанша шырылдасақта баяғы қойшының таяғы ғой. Өздері не жейтін болды екен,Бухара халық,ұн май шекер тапса қуанады

    • @ainurabegenova5560
      @ainurabegenova5560 2 года назад +2

      Я созинизге косылам айлыка зорга кун коринп отырмыз

    • @user-zj4gf8cx6x
      @user-zj4gf8cx6x 2 года назад

      The The first time in

    • @sarsengali5849
      @sarsengali5849 Год назад

      Еи.отырык.аитпандар..отыз.жыл.алдадындар.калыкты.

  • @user-hy8jf8rz9d
    @user-hy8jf8rz9d 4 года назад +15

    Көмек ақы 3 балаға берілеме

  • @user-pg4cm9gz5v
    @user-pg4cm9gz5v 2 года назад

    4. ЖЫЛ бұрын !!!!!

  • @My_Life844
    @My_Life844 3 года назад +1

    НЕМЕНЕГЕ ҚАЙТАЛАП ЖІБЕРЕ БЕРЕСІНДЕР👎👎👎 БУЛ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКА ҚҰЛДЫРАП 0-ГЕ ТУСТІ

  • @user-dr9xj3ok8p
    @user-dr9xj3ok8p 4 года назад +3

    Ешқандай айлық көтерілгенге жатпайды.Инфляцияны қуып бара жатырмыз.

  • @user-gi2ui4vp7e
    @user-gi2ui4vp7e 3 года назад +4

    баласанымен пенсияға.неге.базвыиды коспаиды 45000 тенге аз гои ең болмаса жумыс жок уиде откандарға не болады

  • @user-wy2hn9cx7b
    @user-wy2hn9cx7b 2 года назад +2

    Алла разы болсын шукир казирги кунимизгиде

  • @lakbaevabayan1019
    @lakbaevabayan1019 2 года назад +5

    Сол ақшаны қоспайақ қойысыншы бәрі қымбат одан сайын көтереді. Біз сияқты пенсия пособие алатындар қиналып кеттік бағаның соңынан жүреміз деп

    • @user-tp6nc1lx2f
      @user-tp6nc1lx2f 2 года назад

      Екатерина.уш

    • @user-tp6nc1lx2f
      @user-tp6nc1lx2f 2 года назад

      2.екй3.балага.неге.пасобя.толемеид.олар.тамак.ким.кимеиме.ж.жагдай..Томек.отбасылар.коп

  • @hsjsjszhzhhzzj7392
    @hsjsjszhzhhzzj7392 2 года назад

    Аз аз өте аз

  • @user-cg8yl8oj1q
    @user-cg8yl8oj1q 5 лет назад +4

    Береди деп зарлайды барсак ак жагалы акпарат берушилер толык малиметти бере алмайды олардын оздери бизге жогарыдан ештене демеди дит .Не деген сауатсыздык

  • @adletbazykenov7650
    @adletbazykenov7650 7 лет назад +4

    кімге жетет бір тиын қоссаңдар жариялап ең аз алатын байқұс қазақтар не жиналған зейнет ақы ол жоқ боп кетті

  • @user-rp4ej6mv5i
    @user-rp4ej6mv5i 3 года назад +7

    Төрт жыл бұрынғыны не үшін қайта көрсетеді.
    Зейнеткерлер мазақ па

    • @dakorako8672
      @dakorako8672 2 года назад

      Йямазакетптургойтагда

    • @madinaalibayeva9796
      @madinaalibayeva9796 2 года назад

      Шылдеге дейын шоп жей турайык,бары кымбаттап кетты!

    • @user-jp2yx7zb3x
      @user-jp2yx7zb3x Год назад

      5жыл бұрынғы әңгімені неге жаңғыртып көрсетіп отыр ғой

  • @user-rj9ul9mg2k
    @user-rj9ul9mg2k 5 лет назад +5

    Жыр болдыгой осы акша деген коса кайда коп балалы Аналарга косамыздеп кулакдан теуып алы жур

  • @user-on3mn4kj5x
    @user-on3mn4kj5x 4 года назад +4

    Пенсиясы бар кобеитип жатырсындар пенсияны 55 56 жаска коюларын керек сонда биз не истеумиз керек жасым 56 да жумыстан шыгарып тастады окимет каида карап жатыр

    • @erkebulanjharulkassun6591
      @erkebulanjharulkassun6591 3 года назад +1

      Пенся жасы бурынғыдай 45 жасқа қойу керек жастарға орын беру керек улкен адамдар не бытыреды

  • @Meirbekumirov
    @Meirbekumirov 2 года назад

    Түртсен істейді екеееен түртпесен жүре береді екееен

  • @user-xj7dc4rf5t
    @user-xj7dc4rf5t 4 года назад +23

    4 5 демей жардем ақы балдардың барине берилсин 🙏🙏

    • @erkebulanjharulkassun6591
      @erkebulanjharulkassun6591 2 года назад +2

      Шынба көбейсе екен қйналдық алтын алқа

    • @user-kf8vn1bq3v
      @user-kf8vn1bq3v 2 года назад

      Енди шилдедема

    • @user-eu6px6jk6z
      @user-eu6px6jk6z 2 года назад

      5 жыл бурынгы гои немнеге корсете береды буны

  • @user-lm8ic6rd7p
    @user-lm8ic6rd7p 2 года назад +1

    Пенсия мвусым айында косылат дединдер енди шилде дегендерин калай

  • @user-sg5ee2pw9p
    @user-sg5ee2pw9p Год назад +1

    Бес баламен шыққан аналарға қанша қосылады стажым жиырма жыл

  • @atompagym7717
    @atompagym7717 4 года назад +12

    ❤❤😘😘😘😍😍😍❤❤💛💛💚💚💙💙жақсы болады ғой 🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻алладан қайтсын аллаға шүкір 🙏

  • @user-ur6eb9lt6t
    @user-ur6eb9lt6t 2 года назад +2

    Оте орнди кандаи керемет колдаим

  • @user-qj6vb4sc4t
    @user-qj6vb4sc4t 3 года назад +4

    Жалғыз басты анамын. Үкіметтен бір тиында көмек алып көрген емесспін

  • @user-bx6hc3zc9e
    @user-bx6hc3zc9e 2 года назад +2

    5 баламен льгот емес,пенсияга шыгару керек 40 стажбен,2019 да шыктык 23 мт,базовыйды алып тасталган ,неге алып тастайды

  • @user-id2fq8jx1j
    @user-id2fq8jx1j 4 года назад +28

    Уш балаға пасобия қашан төленеді неге берілмейді

  • @user-pj1ss6qx9q
    @user-pj1ss6qx9q 2 года назад +6

    Пенсия кобейгенин корип турган жакпыз кашан бересиндер бурынгыны кайталай бересиндер кеше алганда косылганын корген жокпыз аштан олгенде аламызба

    • @user-dj7vg7ci1n
      @user-dj7vg7ci1n 2 года назад

      Осы тықырлаған Тамара өз әкесінің ақшасын беретіндей 3-4 мыңның өзін әрең жылап береді.Өскен бағаны көрмейтін өңшеңсоқырлар отыр жоғарыда.Тоқаев мырза әділдікті жақтаған болсаңыз биліктегілердің жалақысы мен халықтың жалақысының арасындағы алшақтықты жоюыңызды сұраймыз.Олар қандай қызметі үшін жоғары ақы алу керек.Тоқаев мырза Жаңа Қазақстан әділетті ел болу керек.Билікті жоғары қою доғарылсын.Халықтан биік ешкім жоқ,байлар өздерін құдай санағанын доғару керек Халықты ашындырмаңдар

    • @user-st9uy1ni2d
      @user-st9uy1ni2d 2 года назад

      @@user-dj7vg7ci1n ГБ

  • @user-xj2ny3zr6c
    @user-xj2ny3zr6c 7 лет назад +13

    айлықты көбейтуді ойланбайды булар,біз қарапайым қалыққа 40-60 мың жетеді,ал буларға 800-мың айлық аааз жетпейді

  • @user-mv7tf2pi8t
    @user-mv7tf2pi8t Год назад

    Жаксы болды

  • @user-hg8pt8cz4i
    @user-hg8pt8cz4i 5 лет назад +6

    Алла акшаларынды оздеринмен бирге кабирлеринди тотырындар коремиз аргы омирге алып кеткендеринди бок сасып каласындар али

  • @user-bg5nb9lg8q
    @user-bg5nb9lg8q 4 года назад +2

    Пенсия косканды каитеиык. Продуктакымбат базармагазинде кымбат. Арзандатуға болмаима.Баллардың киымы ол кымбат.Быз пенсияға шыкканда толык стаж болмады.

  • @user-ij1ie1kx1z
    @user-ij1ie1kx1z 2 года назад +3

    Пенсины 20.. 30.50 пайызбен өсіріңдер сығымдамай. Үш балаға неге ақша төленбеиді олар неішіп нежеиді соны оиламайсыңдарма олар қалай күнкөрет менің үш немереме ақша неге төленбеиді ондай жанұялар көп соны түсіндіретін басшы барма

  • @kamkakenes326
    @kamkakenes326 2 года назад +1

    Жаным ау жаным 😥аллам шипасын берсин ботакан

  • @user-dh9db5zg2q
    @user-dh9db5zg2q 2 года назад +2

    Мүгедектігі бар адамдардың жинақы пенсионый фонд жоқ қосып берсе жақсы болар еді

  • @user-ut9zg6xz5n
    @user-ut9zg6xz5n 3 года назад +2

    Сендер қорыққандарыңа сәлем бересіңдер.Көпбалалы не алса да алып жатыр бұлардада қанағат жоқтың қасы. Осылардың шулағанынан қорқып 1 2 3 баланың несібесінен қақты кредитіде кешірілмеді. Осы дұрыспа.жұмысыда жоқ.1 2 3 балаға қарызсыңдар.

  • @user-ri8hz8dp3x
    @user-ri8hz8dp3x 6 лет назад +2

    Бакытжан Абдырайым дурыс айтасыз сизди колдайм

  • @risgulrisgul6487
    @risgulrisgul6487 7 лет назад +9

    көбейткенмен азык түлік бағасы шарықтап түр 4-5 баласы бар адамға тіптен түк емес бұл ақша

    • @user-uu7zj4oy2r
      @user-uu7zj4oy2r 4 года назад

      Тура айтас кимбат барлик прадукта и киймдерде кимбат

  • @user-qr3dd9un2y
    @user-qr3dd9un2y 2 года назад +9

    Не болды торт жылгыны кайталап халықты мазақ етіп онсызда шыдамының шегіне жетіп отыр халық,ойланып барып салсаңдарш

  • @user-dc6mc9jz8l
    @user-dc6mc9jz8l Год назад

    Минималка алатындардын жагдайы тым томен ,олардын екы есе кобейтуды колга алындар

  • @user-ur6eb9lt6t
    @user-ur6eb9lt6t 2 года назад

    Карау керек

  • @LgK-fx3ox
    @LgK-fx3ox 6 лет назад +6

    табыс. кашан оседы

  • @user-nn1ss3ju8j
    @user-nn1ss3ju8j 7 лет назад +51

    пенсия котерилгенин кайтейк базарда продукта да одан бетер кымбаттайтын болды

    • @user-iv8vl7bg4l
      @user-iv8vl7bg4l 4 года назад

      Менин 3 балам бар Жардем акты алмаим Маган киеуим жок ажыраскам Маган уи жагынан комек бериниздер

  • @ladymoon9454
    @ladymoon9454 2 года назад +3

    жалғыз басты анамыз ешқандай көмек жоқ,жоқ ия айлық көбейтпейсіндер неге сонша көп балалы аналардын әкесі бар неге жалғыз басты аналарды ойламайсындар

  • @sotsialatashev9478
    @sotsialatashev9478 3 года назад +1

    Азык тулик багасын турактандыру керек.

  • @user-yc1kn6of8i
    @user-yc1kn6of8i 4 года назад +1

    Аягымыз каксап ауырады жумыска шакка барып келемиамал жок пенсияга шыгуымыз керек 55 жаста жиберсе болар еди гой осы занды шыгарып отыргандарда аналары жокпа оздери кандай адамдар Ана сыйлауды билмеймин

  • @user-us7mn7vm1v
    @user-us7mn7vm1v 10 дней назад

    Ешкандаида. Озгерс. Болмаиды.

  • @user-ln8ue4wq7o
    @user-ln8ue4wq7o 2 года назад +1

    Не пайда жүз теңге зейнет ақы қосылса бес жүз теңгеге товарлар бағасы өседі.Халық соған қуану керек пе? 30000ға күн көрүді оңай деп ойлайсыңдарма?

  • @user-nu3zt2ij2y
    @user-nu3zt2ij2y 6 лет назад +11

    зейнетке шығатын уақытымыз 55 жас деп ойлаймын себебі ауыл əйелдерінің жағдайлары өтте қиын мысалыға мен мектеп сыпырушымын айлығымыз 37-40мың менің төрт балам бар жумыссым өте ауыр менің өзым қəзір 55 жастамын денсаулығым жоқ давлением ,бауырым ауырады енді ауыл əйелдеріне 58-63өте көп зейнеткерлікке жеталмай қаншама апаларымыз кетты сол ушын өкіметке айтарым əйелдерді55 жасқа шығарғанын дурыс деймын мен өзімен жумыс жасайтын əйелдер артынан жазып отырмын биыл жылдың соңында кушыне енсе дейміз

  • @erkebulanjharulkassun6591
    @erkebulanjharulkassun6591 2 года назад +1

    Қашан бужет зарплата көбейеды

  • @user-fl7ei3nw7u
    @user-fl7ei3nw7u 5 лет назад +2

    МЕНДЕ ЯҒНИ БІЗДІҢ.ЖҰМЫС.ОРЫНДА.5/ ДЕГЕН ЖОҚ АЛЛА БҮЙЫРТСА ПЕНСИЯҒА ШЫҒАМЫЗ ЗАҢ ШЫҒАРАДЫ ОНЫ ҚЫЗЫМЕТКЕРЛЕР ОРЫНДАМАЙ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ЗАРДАП ШЕГЕДІ

  • @user-rp5px2oe9h
    @user-rp5px2oe9h 6 лет назад +6

    Бакытжан ага сизге коп рахмет алла жар болсын !Биздей аналар оте коп кол ушин берип комектесип осы маселени котерип отырганынызга алгыс билдиремиз.

    • @sarakinbaeva9728
      @sarakinbaeva9728 4 года назад

      2Еiкнш шiлде. Өткіздім. Әл туспед. Ненд. Кмге. Барамыз. Борсабезгедебардык.. Менде.2баламбар.

  • @galiamamisheva6432
    @galiamamisheva6432 2 года назад +4

    Неге алимент акшасы котерылмеиды бары кымбаттап жатканда

  • @mayatleumuratov5345
    @mayatleumuratov5345 2 года назад

    Продукты дын да бағасы өседі.

  • @user-dv5xn9wn6d
    @user-dv5xn9wn6d 2 года назад

    Қайтеміз қызым туғаннан мүгедек неше түрлі жағдайлар болады жасы отыз тоғызға келді еш өзгеріс жоқ балам болған соң қараймын ешкімге міндетсібеймін. Алла әр адамға көтере алатын сынақ береді . Кейде үлкен дәретін жіберіп қойады . Азғантай зейнет ақы қостық деп жоғары жақта отырған депудат тар азаматтар осындай мүгедек балаларға қосыңыздар зейнет ақыны. Сіздерге өтініш.

  • @user-zq6gv5br5j
    @user-zq6gv5br5j 2 года назад +2

    Көп балалы аналарға яғни алтын алқа күміс алқаға беретін жәрдемақы қаншан өседі Ал өссе қаншаға өсті соны неғып айтпайсыздар

    • @user-we9xd5wz3b
      @user-we9xd5wz3b 2 года назад

      Өздерінің тілінде айтты, түсініп ал деп.

  • @user-in7kx5wx3i
    @user-in7kx5wx3i 2 года назад +1

    Анамыз. Инсульт 4 Жыл болды жатканына оны еутп отрган адамга неге пособия толенбей до и

  • @user-bk3tg9wh7x
    @user-bk3tg9wh7x 2 года назад +1

    Балага канша берседе артык емес

  • @user-ln3wd8tu9k
    @user-ln3wd8tu9k Год назад

    Пенсия котериледи деген шыкса бир ай бурын продуктивные багасы осииип кетеди гой

  • @user-bz1nd1mz5m
    @user-bz1nd1mz5m 5 лет назад +3

    Базарларды тексеріп ауылдағы кымммббат ақшаны котерген сайын бағада шек жоқ

  • @user-bg4fi7uq1s
    @user-bg4fi7uq1s 4 года назад +17

    1 бал 2 бал 3 баланың тамағы бытеума неге берылмиды оларға көп балалардан коркасындарма жемкорлар

  • @user-gz8lc4yg6f
    @user-gz8lc4yg6f 4 года назад +6

    Сонда үш баласы бар адамдар адам емеспе

    • @erkebulanjharulkassun6591
      @erkebulanjharulkassun6591 2 года назад

      Шынба тоғы өтырык па шылдеде сол қалпта турғой

  • @user-fw3ss6hv3m
    @user-fw3ss6hv3m 2 года назад +1

    Өздерн миллион айлықтары туссн,зп 250мн туссн,ар балаға100мн,ар,студентке200мн,ар,анаға250мн,жумссзға200мн,талапетемз,пенсия,апаға50де,акеге55те,көп,балалы,аур,жумста,полигон,тумасна45те,аумин

  • @gabytbazarbaev8852
    @gabytbazarbaev8852 2 года назад

    Осы система бурынгы призидент салган должен келе жатыр кайда Жана казакыстанымыз

  • @user-bi6rb3kp3s
    @user-bi6rb3kp3s 3 года назад +1

    Қойыңыз тойдык.

  • @user-fo7hw8lu9b
    @user-fo7hw8lu9b 7 лет назад +60

    пенсия көбейп продукта арзандасын сол кезде қазағымның саны көбейеді

  • @user-hq8tc3fv8p
    @user-hq8tc3fv8p 2 года назад

    Неге осы соилеп отырган кисилер мен кара халыктын зейнетакысы бирдей болмайды ,енбекакысында бирдей кылса сонда корер едик калай сайраганын.

  • @gauharzhaimbaeva7941
    @gauharzhaimbaeva7941 7 лет назад +9

    сиздер дурыс истеп жатсыздар.Сиздерге Аллах разы болсын.

    • @erderdf5143
      @erderdf5143 2 года назад

      Ъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъъ

  • @amantuzelbekov4773
    @amantuzelbekov4773 3 года назад +2

    Бұны неменеге көрсетіп отырсын мақтанғандай болып, бұл 2017-жылғы ғой, бізді ақмақ қылып отырсың ?

  • @user-bx2gl6ks5q
    @user-bx2gl6ks5q 4 года назад +6

    Бакытжан абдрайымовтын миындай ми барма екен баскаларда. Дал осы мугедектерды ойланып айткандай жалгыз басты аналаргада дал осылай комек айтып тек комек айтып гана коймай комек берыныздер

    • @TURANqaz
      @TURANqaz 2 года назад

      Алемент пасобиа асп алатындар балдары коптер баиыдық деп аитып жатырма қанша алсада ал баласы аз жағдаиы томен сіңірі шыққан еш жерден ақша алмаитындар денсаулығы жоқтар адам емеспа не баилар қайыршы боп кетті қазір жетседе жетпеді деп барі қымбат қазір ақшасы жоқ не істеит олема. Үиіне онмыңда кірмеитіндер оданда аз балдары бар. Жесір аиелдерге ақша толесін или тегін пенсиаға шығарсын балдары 30ға келгенше қамқорлық болсын соны талап етемін мен

  • @user-go7or1yy5x
    @user-go7or1yy5x 2 года назад

    Бакытты бол

  • @user-ne2ti4dc6s
    @user-ne2ti4dc6s 6 лет назад +8

    Мүгедектік туралы зейнет ақы туралы менің ұлым жеті жасынан қант диабетімен ауырады он сегізге дейін ұлыма мүгедек деп берген маған күтуші деп берген ол он сегізге толып менікін қысқартып ұлымның өзіне əрең мүгедектік жəрдем ақыны берді студент екенсің келесі жылдан бастап оқуыңды аяқтап жұмыс істеп өзіңді қамтамасыз екте аласың дейді ауруың жоқ ден-саулығың жақсы дейді мен түсінбедім қант диабеті жазылмайтын ауру бала кезден мүгедек деп келіп енді денің сау дегеніне түсінбедім

  • @user-zj9bl8vm4n
    @user-zj9bl8vm4n 11 месяцев назад

    Ура көп косты 😅

  • @user-uh8fs7fs6d
    @user-uh8fs7fs6d 2 года назад

    пенсияга 4-5 мын косады осырдык деп ал тамак 10-15 мынга оседы пенсиямыз тамактан ауыспай калады