Құран, шипа аяттарымен дем салу Ержан ұста

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Алла Тағала Құранда күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді». («Юнус» сүресі, 57-аят),
    «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят) деп сүйіншілеген.
    Иә, шынында да, Құран - нұр. Құран - шипа. Алланың сөзі Құран - дәрі-дәрмек секілді. Дәріні уақытынан кешіктірмеу әрі дәрігерлер бұйырғандай етіп қабылдау Алланың қалауымен дертіңізден айығуға мүмкіндік туғызады. Сол секілді егер адам Хақтан түскен хақ хабарды тек Алланың разылығына бөлену үшін ғана оқитын болса, Құран аяттары оның тәніндегі ауруларға шипа болады екен. ⠀

    Ал сахабалардың бірі Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын): «Екі нәрсемен емделуге болады. Ол - Алланың сөз Құран және бал», - деген.
    (Ибн Әби Шейба 30624)⠀

    Осыған қатысты ғалымдар былай деген: «Құран - жан мен тәннің шипасы. Алайда, Алланың аятымен емделу әркімге бұйыра бермейді. Егер адам Алланың сөзінен асатын ешқандай Құдіретті жазба жоқ әрі Оның барлық нәрсеге күш-қуаты жететініне кәміл сенген күйде, ешқандай күдік-күмәнсіз иман келтірсе, онда Алланың қалауымен ешқандай ауру оған зиянын тигізе алмайды. Себебі, күллі әлемді жаратқан Ұлы Алланың сөзіне кім қарсы келе алады?
    Егер Құран тауға түскенде, тау шыдай алмай шытынап кетер еді. Егер жерге түскенде жер қақ айырылар еді. Құранда шипа да, түрлі бәле-жала, кесапаттан қорғайтын күш те бар. Сондықтан да Алла Тағала: «Оларға оқылып жатқан Құранды түсіргеніміз олар үшін жеткілікті емес пе?» - деген. («Әнкабут» сүресі, 51-аят)⠀

Комментарии • 6

  • @Kz-kv5nt
    @Kz-kv5nt 4 месяца назад +1

    Аллаһ разы болсын ❤❤❤

  • @nurjan79
    @nurjan79  11 месяцев назад +3

    Алла Тағала Құранда күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді». («Юнус» сүресі, 57-аят),
    «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят) деп сүйіншілеген.
    Иә, шынында да, Құран - нұр. Құран - шипа. Алланың сөзі Құран - дәрі-дәрмек секілді. Дәріні уақытынан кешіктірмеу әрі дәрігерлер бұйырғандай етіп қабылдау Алланың қалауымен дертіңізден айығуға мүмкіндік туғызады. Сол секілді егер адам Хақтан түскен хақ хабарды тек Алланың разылығына бөлену үшін ғана оқитын болса, Құран аяттары оның тәніндегі ауруларға шипа болады екен. ⠀

    Ал сахабалардың бірі Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын): «Екі нәрсемен емделуге болады. Ол - Алланың сөз Құран және бал», - деген.
    (Ибн Әби Шейба 30624)⠀

    Осыған қатысты ғалымдар былай деген: «Құран - жан мен тәннің шипасы. Алайда, Алланың аятымен емделу әркімге бұйыра бермейді. Егер адам Алланың сөзінен асатын ешқандай Құдіретті жазба жоқ әрі Оның барлық нәрсеге күш-қуаты жететініне кәміл сенген күйде, ешқандай күдік-күмәнсіз иман келтірсе, онда Алланың қалауымен ешқандай ауру оған зиянын тигізе алмайды. Себебі, күллі әлемді жаратқан Ұлы Алланың сөзіне кім қарсы келе алады?
    Егер Құран тауға түскенде, тау шыдай алмай шытынап кетер еді. Егер жерге түскенде жер қақ айырылар еді. Құранда шипа да, түрлі бәле-жала, кесапаттан қорғайтын күш те бар. Сондықтан да Алла Тағала: «Оларға оқылып жатқан Құранды түсіргеніміз олар үшін жеткілікті емес пе?» - деген. («Әнкабут» сүресі, 51-аят)⠀

  • @missnazshow3887
    @missnazshow3887 2 года назад +1

    Ассаломуалейкум , ем шипасын берсін

  • @user-qm3me6xt6r
    @user-qm3me6xt6r 2 года назад +2

    АЛЛА ШИПАСЫН БЕРСІН ДЕМСАЛДЫРҒАН АДАМДАРҒА!!!

  • @mahsatsagindikov4633
    @mahsatsagindikov4633 2 года назад +1

    Алла разы болсын

  • @user-we5nz5uw3l
    @user-we5nz5uw3l 4 месяца назад +1

    Оқып болғасын қалай байлайды соны айтып кетсеңіз