құлпытас зерттеу!Шақпақ Ата жерасты мешіті, Қыдырша Ата қорымы.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 ноя 2024
  • Шақпақ ата жер асты мешіті - ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан. Кезінде мешіт құрылысына А.Г. Медоев (1966 - 68) және М.Меңдіқұлов (1975) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шаңбақ (крест тәріздес) үлгісінде орналасып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған. Мешіттің шығысындағы кіреберісі үш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал (4,5Ч3,22 м), төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбезді төбесінен диам. 1,2 м, биіктігі 5 м ойық тесілген. Ойық аузында мешітті жауын-шашыннан, желден қорғайтын биіктігі 3,9 м құрылғы тұрғызылған. Зал төрінен айналма сатылы есік шығарылған. Ортасы намаз оқылатын бөлменің (биіктігі 3 м-дей) төрт бұрышынан сәнді, ою-өрнекпен безендірілген әрі тіреу міндетін атқаратын жұмыр бағаналар қашалған. Қабырғаның әр жерінде кітап қоятын сөрелер, шырақ орындары мен шымылдық (перде) ілетін қуыстар қашалған. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген. Мешіттің батыс жағында Шақпақ атаның атымен аталатын қорым (14 ғ-лар) бар. Қорымның оңтүстік-батыс жағында ортағасырлық (13 - 17 ғ-лар) түркімен ескерткіштері - қойтастар, сандықтастар, тас қоршаулар сақталған. Солт. жағында 18 - 19 ғ-ларға жататын қазақ ескерткіштері - сағанатамдар, құлпытастар мен тас қоршаулар бар. Мұнда адай тайпасының бірқатар белгілі адамдары жерленген. Шақпақ ата қорымында Бектеміс Ержан хазіреттің кесенесі де (20 ғ.) салынған. Жер асты мешіті 1982 ж. республикалық дәрежеде мемл. қорғауға алынды.

Комментарии • 47

  • @БибаАбдикамалова
    @БибаАбдикамалова 10 месяцев назад +1

    Керемет.Рахмет сиздерге осындай әдеми жерлерди бабаларды корсетип жатырсыз.Зираттаганды жаксы коремин.Осы жерлерди кориуди Аллам нәсип етсин.Сиздер бахытты жансыздап осындай жерлерди корип журген.Мын алгыс .

  • @ПанарАбиева-т1л
    @ПанарАбиева-т1л 2 года назад +2

    Жарайсыңдар,жігіттер! Қазағымның өткен-кеткен Ұлы тұлғаларын дәріптеп,тарихи мұраларды көрсетіп,оқып таныстырып жүргендеріңіз көпшілік құптарлық іс екен,Алла қадамдарыңызды сауапқа жазсын! Өркендерің өссін! Қазақтың жігіттері сендердей-ақ болсын! Аман жүріңдер!

  • @ГулнарТрапбекова
    @ГулнарТрапбекова Год назад +1

    Керемет кулпылар

  • @ГулнарТрапбекова
    @ГулнарТрапбекова Год назад +1

    Да когда подежаеш в Шақпақ ата море красивое

  • @РозаМендалиева
    @РозаМендалиева 3 года назад +3

    Ассалаумағалайкум!Зираттарыңыз қабыл болсын амин аллаһу акбар!

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з 2 года назад +1

    Әр орыс сендей болсын! Алла разы болсын! Сауапта болсын! Жаұытты бол! Арғы тегі қазақ болар! Каналға лайк. Мың алғыс. Осындай видео кқп болсын! Жазылдым

  • @362-5
    @362-5 5 лет назад +5

    Ассалаумағаликум Нұрлан Қабір басына үлкен ағаларызбен жүрген жөн. Себебі бар білгенін айтат. Болмаса жас жігіттердің жүріс тұрысы белгіліғо бәрімізге. Қарқылап күліп аузына келгенді сөйлеп дегендей. Менде барлық маңғыстауды шарлап жүрмін. Өте керемет.

  • @жанкажанка-о7с
    @жанкажанка-о7с 4 года назад +3

    Менын аталарым жаткан жеры жайлы жандары жаннатта болсын🙇мен кыдыршанын кызымын

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц 2 года назад

    Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам 👏👏👍👍👍

  • @МухаммедКенесарин
    @МухаммедКенесарин 3 года назад +2

    Ағасы ассалаумағалайкум мен Айтайын дегенім огыландыдагы Бекет атадан солтүстік шығысқа қарай 80км жерде Күшікбай құдығы бар соның жанында көне қабір бар сол жерде Менің Атам Руы Қосай тіней-таңат-аталык(қасқа)
    Қошаханұлы Айтжан деген атамыз жатыр, жанында Иман деген туған ағасы бар. Енді сәл күмәнданып тұрмыз сол мекен деп. Арабша танитын бир адам тіней Айтжан деп айтты бизге. Енді бир оздериниз оқып нақтысын айтып берсениз Алла разы болсын

  • @ӘзімханАдай
    @ӘзімханАдай 4 года назад

    Аталар қолдасын.Керемет👍👍👍👍👏👏👏👏👏🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  • @ЖолдыбайСабыев
    @ЖолдыбайСабыев 3 года назад +1

    Жарайсың жигитер өте дурыс жол ак жол тилеймин бариниде окып айтып толык айтып жур жане кай жер неше шакрым айтып журиңиз өтиниш!

  • @ahmed77666
    @ahmed77666 5 лет назад +4

    Керемет 👍

  • @ЕркінДүйсенбай
    @ЕркінДүйсенбай 4 года назад +2

    Керемет

  • @ДидарАбдуалиев-т8к
    @ДидарАбдуалиев-т8к 11 месяцев назад

    Барғым келіп кеттіғой.қай жерде екен рахмет сізге.

  • @КазакстанОтаным
    @КазакстанОтаным 5 лет назад +2

    Керемет ак жол

  • @ayazgultemirova246
    @ayazgultemirova246 4 года назад +1

    Amin Alla tagala razı bolsyn

  • @АхметИбашев-ш1с
    @АхметИбашев-ш1с 2 года назад

    Адам аттарын жаза бермей сол кездегі жағдайды жазып қалдырғанда өте керемет болар еді

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 5 лет назад +7

    Заманында бабаларымыз ешкімнен кем болмағанғой. Күллі Байбақтыға ұран болған Дəуқара батыр баба басындағы құлптастағы жазу соның айғағы емеспа. Берідегі орыстың саясатымен бəрін жоққылды.Қазақ тарихы тым əріде жатыр, Сақ, Ғұндардан бастау алып осы заманғы Қазақ елі солардың заңды мұрагері. Осындай жаңжағыңнан жау анталаған заманда осы ескерткіштерді мемлекет қорғау керек. Əр аудан, облыс басшылары қолға алып мемлекеттік дəрежеде тізімге алып қорғап қоршау керек. Қазақтың батыс өлкесінен басталған игі бастама Қазақтың басқа өлкелерін қамтыса өте бір баянды іс болар еді. Бұл ескерткіштер Қазақдеген ел болған жоқдеп жүрген үрген иттердің аузына қақпақ, келер ұрпаққа керек дүние болар еді.Дүйім жұртқа керек дүние. Істерің сəтті, мінгендерің пырақ, жаққандарың шырақ болсын жігіттер

  • @қадағымаххабат
    @қадағымаххабат 4 года назад +3

    Ата бабалар атын ашып зиарат етип танып билу керек. Той тойлап акша шашып ишип шегип кыдырганнан алде кайда жаксылык сауап озимизди танып руханиятымыз бйиктеп каламыз деп ойлайм. Бирак даретимизбен тазалыгымызбен зиарат етсек типти нур устине нур болад. Зерттен ашкан мына жигиттерге коп алгыс ойткени баскаларгада билдиртип журген енбеги Алладан коп жаксылык жазылатынына сенемин. Жеримиздин кандай таза ауа кен даласын кору арман емес несип етсин баршамызга.

  • @ДидарАбдуалиев-т8к
    @ДидарАбдуалиев-т8к 11 месяцев назад

    Жазда балса болады. қазір жұмыстамыз

  • @КайыргалиКондыбаев-ц7д

    Шақпақ-ата қасиетті осы жерде Ержан хазірет ата жерленген 7-тілді білген мен атаның
    Жиен киеу-баласы болып келемін

  • @УбиевКойшыбай
    @УбиевКойшыбай 3 года назад +5

    Шақпақ Ата қорымында Адайдың не бір айтулы ұл қыздары жатыр.Қасиетті жер.Басымнан өткен оқиғаны айтайын Шақпақ Атаға əкем ауырып басына түнедік.Содан таң ата қалаға кейін қайттық.Сол күні түнде інімнің баласы əкемнің немересі əкемнің қасында ұйықтапты.Содан түнде бала тұрып жасы бесте еді əкемді оятыпты бапа мені шалдар піштіріп кетті деп.Таңертең дəрігерге апарғанымызда мынау піштірілген деп таңқалды.Міне осындай оқиға болған.Қазір сол бала он бір жаста.Əкем марқұм болып кетті.

  • @ГулнарТрапбекова

    Қай ауылда андас

  • @ГулнарТрапбекова

    Андаста бапекен

  • @АйгулКамэо
    @АйгулКамэо Год назад +1

    Имандысыздарды жолатуға болмайды Кым болса сол кыретын жер емес

  • @ЕсенКапбасов-б7г
    @ЕсенКапбасов-б7г 4 года назад +2

    Ассалаумағалайкум! Шақпақ ата Ақтаудан қанша шақырым?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  4 года назад +1

      Уағалейкумассалам 115 жобалап. Сартаспен. Үстінен да баруға болады.

    • @ЕсенКапбасов-б7г
      @ЕсенКапбасов-б7г 4 года назад +1

      @@Baybaqty2023 рахмет

  • @БауыржанБилялов-г4м

    Жарайсин жаксы айтын бари акшада емес .

  • @baktigalikenesov2958
    @baktigalikenesov2958 5 лет назад +2

    Ассалаумағаликум Жылыой ауданына келу ойда барма?

    • @adaljol2023
      @adaljol2023 5 лет назад +2

      ойымыз бар, қаражат керек баруға.

  • @ещмедмрктүиеұснь
    @ещмедмрктүиеұснь 4 года назад +1

    қайсы жақта манғыстаудың

  • @ИбрагимБекбосинов
    @ИбрагимБекбосинов 4 года назад +1

    Сосын. Казр адамдар Ласко абаилан аруактан аирылып калмаиык

  • @ИбрагимБекбосинов
    @ИбрагимБекбосинов 4 года назад +1

    Армысын ктапбаред окиаласынба хабарласшы тел ном

  • @Алма-АтаДулат
    @Алма-АтаДулат 4 года назад +3

    Мына аккулактан не сурап отырсындар, оз жеримизде

  • @ayazgultemirova246
    @ayazgultemirova246 4 года назад +1

    Kua...

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц 2 года назад

    Шоханова Гульназ Орынбаевнаға🤧🤧😢🤢 Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5 жеменей руы тұрған

  • @amongu_shergusher5041
    @amongu_shergusher5041 4 года назад +1

    Мен дулатпын

    • @НурисламКазак-ш5о
      @НурисламКазак-ш5о 4 года назад

      Бұл жерлерде дулат деген ру атымен жоқ

    • @УбиевКойшыбай
      @УбиевКойшыбай 3 года назад

      Бəріміз бір Қазақпыз.Бөлінбең бауырлар.Дулаттарға Адайлардан сəлем.

  • @ЛаззатЖолданбаева-щ6м

    Қуаныш мырза 8 747 566 31 75 хабарласыңызшы өтініш

  • @ГулнарТрапбекова

    Можно номер ваш