🤣ЕКІ ОТБАСЫ ҚЫМБАТ ҮЙ ЖАЛДАП,ТУЫСТАРЫНА БАЙМЫЗ ДЕП ӨТІРІК АЙТАДЫ | Полный дом 2010 индийский фильм

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Достар.Бүгін біз 2010 жылы шыққан "Полный дом" деген керемет комедиялық киноға шолу жасаймыз.Міндетті түрде көріңіздер,өкінбейсіздер.Достар
    соңына дейін көрейік...Ал біз бастайық....
    Кино басында казиноны көрсетеді.Бір бай беделді адам ақшасын тігіп жеңіліп жатады.Сол кезде көмекке Аруш деген жігітті шақырады.Аруштың бір
    \ғана ерекшелігі бар.Осыған дейін оның өмірінде ылғи сәтсіздіктер болып жүреді.Аруш қалай ғана казиноға кіреді.Бірден жаңағы ақша ұтып жатқан
    адамдар жеңіле бастайды.Аруш осылай күнін көреді.Өзінің сәтсіздігімен ақша табады екен.Жолы болмағыр біреу.Тіпті махабатта да жолы болмайды.
    Пуджа деген қыз еді.Алайда Пуджа бәрін айтып тастайды.Сен жолың болмағыр біреусің,менің ондай адамға тұрмысқа шыққым келмейді дейді.Пуджа
    кетіп қалады да,көлікке отырады.Көңіл күйі түсіп тұрған Аруш,тағы да маңайын бәрін құлатып,от тұтатып бытшыт болып,цементке түсіп кетеді.Ол
    Пуджаның көлігіне жетіп барады.Сол кезде оны Кришна Рао деген Пуджнаның ағасы бір береді.Қарындасыма жақындама дейді.Осылайша көңіл
    күйі түсіп,Аруш Лондон қаласында тұратын Боб деген досына бармақшы болады.Тек сол досым ғана мені өз қалпымда қабылдайды.Сол досым ғана
    мені түсінеді дейді.Боб өзі Лондон қаласында казинода жұмыс істейді екен.Бобтың Джеталь деген әйелі бар.Екеуі де осы казинода жұмыс істейді.
    Казиноның бастығы Кишоре деген бай кісі еді.Боб пен Джеталь екеуі үйіне келеді.Осылайша Боб бөлмесіне кіріп,төсекте әйелі жатыр ма деп ұйықтап
    жатқан досы Аружды құшақтап шошып кетеді.Осы кезде Джеталь да бөлмеге кіріп қалады.Бобтың әйелі шок болып,сыртқа терезеден құлап кетеді.
    Содан артынан Аруш екеуінен кешірім сұрайды.Осылай ескертусіз келгенім үшін кешіріңіздер.Боб екеуіміз бала кезден дос едік.Бір біріміздің әзілімізді\
    түсінеміз дейді.Джеталь әлі де бұртиып тұр.Келесі күні Боб пен Джеталь бір бірімен татуласып жеке қалып еді,тағы да арасына Аруш жетіп келеді.Боб
    болса не істеп жүрсің деп қалады.Бобтың кекештеніп сөйлейтін әдеті бар екен.Аруш болса,дәретхана іздеп жүр екен.Аруш осы үйде тұрғасын сәл пәл
    көмек болсын деп шаңсорғышпен үйді тазалап көреді.Үйдің бытшытын шығарады ғой.Джеталь болса ашуланады.Тіпті үйдегі Джетальдың папугайын
    да шаңсорғышпен жұтып жібереді ғой.Осы кезде шаңсорғышты жұлып аламын деп Аруш пен Боб екеуі тоққа түсіп дірілдеп қалады.Сосын далаға
    есік алдына шығады.Көшеде тура бишілер тұрған еді.Олар болса,мына екеуін билеуге келді деп ойлап тұр.Аруш пен Боб екеуі тоққа түскендіктень
    дірілдеп билегендей болады.Сосын көшедегі тұрғандар да оларды ұстаймын деп,дірілдеп қалады.Джеталь ашуланып қалады.Осылайша ол бір күні
    әкесіне қоңырау шалып көреді.Әкесі болса қызын кешірмей жүр екен.Осы Бобты таңдағаны үшін,әкесі қызымен сөйлеспей қойыпты.Әкесінің есімі
    Батук Патель еді.Тұтқаны көтермей қояды.Бір кезде Джетальдың әжесі келіп,ұлы Батукка ұрыса бастайды.Неге қызыңды кешірмейсің,.Бейшара жиенім
    қиналып кетті ғой дейді.Түнге қарай Боб пен Джеталь екеуі жұмыстан келе жатқанда ,үйлерінің әдемі болып кеткенін көреді.Бәрін Аруш жасапты.
    Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
    #КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии • 20