"БЕТАШАР" қол қимылы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • "Беташар" қол қимылы
    Құрметті би әлеміне қызығатын көрермен!
    Бүгін қазақ биіндегі "Беташар" қол қимылы туралы театр артисі Аймира Нәлдібек түсіндіреді. Қазақ биіндегі барлық қимылдар өз фольклорымыз бен этнографиямыздан бастау алады.
    Беташар - қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
    Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 - 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.
    #бізбіргеміз #бізүйдеміз #оставайтесьдома #үйденшықпа #stayhome #беташар

Комментарии •