Қазақ қызы әдемі Бекзат Сәкенұлы
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Қазақ қызы әдемі
Сөзі: Ербол Оразбеков
Әні: Жанар Қожағазина
Қос бұрымың өріліп,
Тобығыңа төгіліп.
Көздің жауын алады-ай
Сондай көркем көрініп
Ай жүзіңіз арайлы,
Тамсандырған талайды.
Көрген жандар өзіңе,
Хор қызындай-ау қарайды.
[Қайырмасы]
Сен қазақтың қызысың,
Жібек, Баян ізісің.
Асып кетер сендерден
Сұлулар жоқ біз үшін.
Иманымен әдебі,
Қарапайым әлемі.
Біздер үшін қашанда,
Қазақ қызы-ай ой әдемі.
Өзін-өзі баптаған,
Ана үлгісін жаттаған.
Қазақ қызы қадірлі,
Ар ұятын сақтаған.
Ұзын киіп жамылған,
Үлкендерге бағынған.
Қазақ қызы осылай,
Барша жұртқа-ой танылған
[Қайырмасы]
Қазақ қызы,
Қазақ қызы ай оуууу әдемі♥♥♥♥♥♥♥♥
Әдемі 👍👍👍👍
Аныныз кушты екен
Керемет жарайсың
Музыка объединяет, как она прекрасна!
Өте жақсы айтыпты
Дауыс👍👍👍👍👍👍
👍🏻☺️
🤲🤲🤲🌹🌹🌹🇰🇿👍
😅😅
👨🚒🇰🇿🌹🌹🌹🤲