Қазақ неге эмоция көрсете алмайды ? Бір бірімізді қолдап үйренейік || ТТБ#56

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 июн 2024
  • Жоба парақшалары:
    ► Instagram: / shonbay.online
    ► Facebook: / shonbay.online
    ► Вконтаке: shonbay.online
    Жеке парақшалар:
    Instagram: shonbay.school?...
    Telegram: t.me/joinchat/GiOjq3-lKzc5YTky

Комментарии • 71

  • @dombyra_duman
    @dombyra_duman 6 дней назад +8

    Дамир мырза мысалмен ойды нақты дәл жеткізе біледі екен, бұл шеберлік👍👍👍

  • @photostudio.aidana
    @photostudio.aidana 3 дня назад +1

    Казір осындай интернеттің заманында өте жақсы білімдіерді тегін-ақ алып жатырмыз. Бірақ осындай білімдердің оңай келіп жатқаны үшін ба, білмедім. Өмірімізде көп қолданбаймыз гой, Құнсыздандырып. Не үшін олай істейміз?

  • @haiyrlysuhbat
    @haiyrlysuhbat 6 дней назад +9

    Ең қатты өткен спикер баласы қайтыс болған аға, шыныменде көп мәселені четко түсiндiре алады екен.... Алла жар болсын! Сосын,оқып жатсаңыз: Аллахумма солли ғала саийдинә Мұхаммәд деп салауат оқып жүрiңдер

    • @Araily_Ary
      @Araily_Ary 5 дней назад

      Дамир мырзаглй😢 керемет жан

  • @ZhanarZhanar-7s
    @ZhanarZhanar-7s 5 дней назад +3

    Эмоцияны проживать ету дегенге менде осындай оқиғалар есіме түседі. 9 сыныпты бітіргем, 25 мамыр мәз болып мектепті бітіріп үйге келгем. Үш еркек үйге келе қалды. Мамам соларды үйге кіргізген. Мен сыртта тамақ жасап жүргем. Мен ешқашан мамамның дауыстап жылағанын естімеген екенмін. Дәл сол уақытта үйден қатты дауыс шықты. Аяқ қолым дірілдеп үйге кіре алмай қалдым. Бір уақытта мамам жүгіріп үйден шығып мені құшақтап қатты жылады. Мен оның жылағанын көріп мен еңіреп жыладым. Дәл сол кезде туған әпкеңнен айырылдық дегенде үйден шыққан үш еркекті ұрып өлтіргім келген. Үшеуі үйге жетіп келіп айта салмай көрші қолаң ағайындарды жинап келіп неге айтпаған екен. Әлі күнге дейін соған ойланам кейде. Бар жоғы жиырма жастағы баласынан ауырылуды есту мамама қандай қиын болды. Кейін көңіл айтуға келгендер артында қалған балаларың бар ғой дегені жаныма батқан. Бірақ мамам қатты қайғырып біздің бар екенімізді ұмытып кетті. Әпкем авариядан қайтыс болған. 7 жылдан кейін мамам авариядан қайтыс болды. Әпкем қайтыс болғанда мамам уайымдайды деп жылағам, мамам қайтыс болғанда өзім реанимацияда жатқам бірге авария болғаннан.Жерлеуге де бара алмадым. Жерленген жеріне 10 жыл болыпты бармағаныма. Енді түсінгенім осы подкасттан менде мүлдем эмоция жоқ. Қайғыру да қуану да жоқ. Подкастты тоқтатып қойып еңіреп жылап алдым. Бәрі маған сен мықтысың бәріне шыдадың деп. Бірақ іштей егіліп кетесің. Өмірден түңілген сәттер де болған. Осы подкастқа коммент жазып жеңілдеп қалдым. Рақмет, осындай подкаст жасағандарыңызға. Неше түрлі эмоцияны бір подкаст тыңдап шығардым.

    • @user-hm6kj7dl6m
      @user-hm6kj7dl6m 5 дней назад +1

      АЛЛА жар болсын сізге !!!

  • @user-iv9uj4gx6h
    @user-iv9uj4gx6h День назад +1

    Шынымен бізде, менде эмоция білдіру, қатты қуану жылау деген сияқты және сезіну дегенді білмеймін! 15 жасымда анам қайтыс болды, 17 жасымда апам кетті. Үйдің жалғыз баласы болатынмын, сөйтіп 15 жасымда Алматыға оқуға түстім, жаман времянкада, стройкада, общяга-да тұрып, күнде терме, қайғылы ән тындап өз өзіңді тұңғыйыққа тығып жіберетінмін. Соның себеп салдарынан кейінгі 8-10 жылда көп дұрыс емес шешім қабылдадым, дұрыс емес адамдар таңдадым дос болуға, жар болуға дегендей. 24-27 жастарымда саморазвитие, психология туралы кітаптар мен видео ауди, тренингтер арқасында өзімді, өмірімді түзете бастадым. Түйін жаман эмоцияға көп қайғырмау, қысқа уақытта өткізіп жіберуге тырысу, поддержка алу, айту сөйлесу. Қазір кәсібім бар кішігірім РАЗБОР болса, сұрақтарыма жауап алсам нұр үстінен нұр болар еді, РАҚМЕТ ТТБ

  • @TRADERSHOX
    @TRADERSHOX 6 дней назад +6

    Просто сезіндім, ештеңке жазғым келіп турған да жоқ

  • @sport1385
    @sport1385 5 дней назад +2

    Маған керек тақырыптардың бірі болды .Менде осы ішкі күйді жағдайды түсіне алмайтынмын, жеме жемге келгенде бұны түсініп қазбалау емес ,оны сізінген жеткілікті, сол арқылы тнштық күйі орнайды. Тағы айта кетерлігі , үндемей адамға іс әрекетпен көрсету, жанында болу ,тізесі шыққан сөздерден әлде қайда өтіндірек

  • @Makito977
    @Makito977 4 дня назад +2

    Осы подкаст аркылы коптеген керек акпараттарды ми га кабылдай алдым.Ягни нактылайтын болсак
    1) мен омиримиздеги кайгы мен куанышта озимди калай устау керектигин
    2) осындай ситуацияга тап болган адамдарды калай жубату кажеттигин биле алдым
    3) жане эмоция бойынша коптеген такырып жане пикирлер ашылып ари анык айтылды
    сиздерге осындай кенестериниз ушин улкеен ракмет

  • @togzhankanabekova8807
    @togzhankanabekova8807 5 дней назад +3

    Подругамнын баласы шетінеп кеткенде мен де сабыр деп, хадистер айтып кеткенімді есіме алып, ұялып отырмын 😢
    Дәкең деген жігітті қатты түсінемін. Балаларыма эпилепсия деген диагноз қойған соң той да қызықсыз, жалпы өмірің тек баланың ауруын емдеу, өзіңді кінәлі сезіне деңгейіне түсіп кетеді.
    Разбор ұтып алсам, жолдасымды жіберер едім. Біздің қоғамда ер адамдар зажатый ғой, әйелдерге қаоағанда

  • @user-wn3ey2mf8u
    @user-wn3ey2mf8u 6 дней назад +4

    Бала кезіммен салыстырсам есейгенде өзімнің әртүрлі эмоцияларымды көрсетуім қатты шектелген, елдің қайғысына немқұрайлы қарайтыным өзіме түсініксіз болатын. Соншалықты қатал болып кеткенмін ба деп ойлап қоям.Бір жерге жаназаға барғанда елдің көзінен жанашырлық байқамайтынмын,-ее елдің бәрі осындай екен ғой, өмірлік тәжірибе, есеюдің бір көрінісі осы шығар деп өзімді жұбатып қоятынмын. Осы подкастты көріп түсінгенім жоғарыдағы айтылған көрініс мен өзімнің басымнан өткен қайғыны проживать етпеуімнен екен. Мүмкін эмоцияларымды сезінудің орнына оны түсінуге тырысып жүргенімде қателік кеткен ба оны білмейм пока.Қуаныш мырзаның айтқан”өмірде қайғыны не қуанышты сезіне алмаған адам ол бақытты да сезіне алмайды” деген сөздерін аксиома деп алатын болсақ онда мен қолымда бар бақытты сезбей жүргенім анық. Ал бұл мәселе психологтың көмегінсіз шешілмейді деп ойлаймын😕. Тағы бір түйін ол , айтарың болмаса безтактный болып, ауызым бар екен деп шатыла бермей үндемей ақ қойған дұрыс екендігіне тағы көзім жетті.

  • @EatWellTube
    @EatWellTube 6 дней назад +3

    Қуаныш ағаның ішіне толып қалыпты ғой айтары, оқығаны көп қой шіркін, менде осы кісідей болғым келеді 🎉🎉🎉🎉🎉

  • @user-ec9ut7cf9i
    @user-ec9ut7cf9i 2 дня назад

    Эмоцияны шығармау идеал болуға ұмтылудан екенін түсіндім. Ал нағыз идеалды адам болмысын қабылдап көрсете алған адам екен.
    Және өзінің ішкі хәлін түсінбей, басқа көмек бере алмайды❤
    Балалар жайлы өте ауқымты тақырып қозғадыңыздар,бұрынсоңғы бұны мен ойламаппын. Үш баламның тағдырына үлкен пайда беретін тағылым болды. Себебі мен енді олардың эмоциясын тыңдай аламын❤

  • @Assem.unaybaeva
    @Assem.unaybaeva 5 дней назад +2

    Дамира мырза сөйлеуі күшті екен анық нық,дауысы жағымды

  • @berik.irmukhanov
    @berik.irmukhanov 5 дней назад +2

    1-2 жыл алдын досым екеуміз лық толы автобуста қысылып кетіп бара жатып, досым машина алу керек еді деп едім, досым маған: автобуста осылай қысылып жүріп көрмеген адам қандай маштна алсада біз сияқты қуана алмайды,машинамен жүргенде бақыттыда шүкіршілігіде болмайды деп еді, подкаст көріп осы оқиға есіме түсті, рахмет ағалар🙌

    • @FifiLo-zl3dz
      @FifiLo-zl3dz 5 дней назад

      Бедный мышления 😬

  • @Arunkaa
    @Arunkaa 5 дней назад +1

    Дамир ағайдың айтқаны түсінікті,қысқа әрі нақты болды. Бұл подкасттан көріп өте қуанышты болдым, бір демде көріп тастадым. Мен де кейде көңіл-күйім жоқта маған ешкім сөйлемесе деймін. Себебі, сол уақытта мен үшін өз эмоцияммен жеке қалу маңызды болып тұрады. Әр адамның эмоциясы маңызды екенін түсіндіріп, жеткізе алдыңыздар. Мен эмпат адам ретінде кейде өз эмоциямды құнсыздандырып тастаймын. Неге болмайтын затқа жылап қала беремін деп. Сіздер айтпақшы әр қайғыны “Ой” деп құнсыздандырған дұрыс емес деп ойлаймын. Дамир ағай айтпақшы ол сол адам үшін бір “Әлем” болуы мүмкін. Сіздерге үлкен рақмеет.

  • @YessenshorayevAlmat
    @YessenshorayevAlmat 4 дня назад +1

    Өте өзекті тақырып болды деп ойлаймын, әсіресе Сезіну жайында! Бала кезімде басымнан кешкен бір оқиға болды, әкемді қатты жақсы көрем, бірақ сол оқиғада ол мені жақтамағаны үшін сондай қатты әсер алып қалғаным бар! Енді балама сондай сезім алып қалмауы үшін барын жасауға тырысамын! Мен бір көршінің баласымен төбелесіп қалдым, ол бала әкесін шақырып келіді, сосын әкесі мені ұстап тұрып баласына ұрғызды. Кейін мен әкемді шақырғанда, ол келіп маған жақтасудың орнына, мені солардың көзінше қатты ұрысты! Мен қатты жылап, біраз уақыт әкеме ренжулі болдым. Есейе келе жағдай ұмытылды, бірақ жаңағы жағымсыз сезім қалды) Енді өзіме ант бердім, егер ұлымда сондай жағдай болып қалса, барымды саламын деген! Сол кезде әкемнен алмаған поддержка менің өзіме деген сенімділігімнің азаюына себепші болған шығар деп ойлаймын! Осы шығарылымды көріп түсініп отырмын, бәлкім әкем менің сезімімді бала ғой ештеңе етпейді деп ойлаған шығар! Мен үшін жақсы инсайд болды, балаларыңның сезіміне жара салмауы үшін, әрдайым сезінгенін сезіну керек екен! Бала ғой, кейін маңызды болмайды деп айту қате екен. ТТБ ұжымына үлкен алғыс білдіремін!

  • @alisherzhumagulov2883
    @alisherzhumagulov2883 3 дня назад

    Қайырлы күн мырзалар! Эмоцианалды қатты әсер еткен шығарылымның бірі. Менің де осылай 2019 жылы балам, шетінеп кеткен болатын, қазір ойлап қарасам 5 жыл өтіп кеткен екен. Осы шығарылымды көрген кезімде, 2019 жылы от и до бүкіл ситуацияны есіме алдым, әйелім 7 айында кесерево арқылы босанатыннан бері, 10 күн балам өмір сүргені мен менің өзімнің соншалықты сорлы сезінген сәтім, роддомнан әйелімді алған сәтім, баламды моргтан алған кезім, жерлегенге дейін бүкіл сол кез көз алдымнан өтті. Шыны керек сол болған ситуцияның болғанына (баламның шетінегеніне) өзімді әлі күнге дейін кінәләйді екенмін.

  • @Aidyngoi
    @Aidyngoi 6 дней назад +1

    1-2 жыл бұрын Дамир аға шықса айыратын шығар деп ойлап ем)🔥

  • @user-sy9eg5dg9v
    @user-sy9eg5dg9v День назад

    Ассалаумағалейкүм! Керемет сұхбат болды,маған қатты ұнады рахмет үлкеен сіздерге,өсе беріңіздер өне беріңіздер, енді Қуаныш мырза айтқандай ,Дәкеңнің разборына үміткермін ,осы сұхбаттағыдай ішкі сезімім қалап тұр соны айтып отырмын наглость деп қабылдамаңыздар😀
    Менің түсінгенім.
    1. Қайғылы жағдайда дұрыс подерживать ету маңызды ,яғни оны түсіну , маңызды сөз қайғыға ортақ болу , немесе ештене айтпау , сөйлемей қолдан келгенше көмектесу…
    2. Біреудің қандай да бір қайғысын түсіну , даже бизнесы жүрми қалсада, керек затын жоғалтып алсада, түсіну және қасында болу подерживать ету…
    3.Дәл солай қуанышына да ортақ болу, ол жерде де маңызды дүние көп сөйлеп немес әртүрлі дүниемен центр внимание болу емес тек қуанышына ортақтасу маңызды…
    4. Қуанышына ортақтасу да маңызды өз сезіміңді білдіру , как есть айту…
    ( Қуаныш Шонбай) Басқа біреудің қуанышына ортақ бола алмаған адам, қайғысында ортақ бола алмайды…
    Инсайт: (Қуаныш Шонбай) Өмірдің қызығымен шышығын қабылдау. Амвиваленность
    Өмірдің жане адамдардың қуанышында ,қайғысында тыңдап ортақтасу…
    Дамир мырза: сен үшін құнсыз дүние болсада түкке тұрмайтын дүние болсада , сен оны құнсыздарма түсіне біл, эмоциясын шығаруына көмектес, ол үшін оны тыңдап , қайғысына ортақ бол…
    Біреуді подерживать ету үшін, басқа біреуді құнсыздандырма, лучше қасында бол , қайғысына ортақ болу…
    Таир мырза: жұмыста жұмыс істе, демалатын кезде демал, бизнес истегенде жұмыс жаса, қуанышына немесе қайғысына ортақ бол… Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма…
    Сезімдерді түсіне білу маңызды (прожувание)
    1. Не сезініп тұрғанын сезіну(денедегі сезімді білу, қай жеріңде екенін)
    2.Ол сезімді біреуге айту
    3.эксперссия( сол сезімді жасау, құшақтағың келеме , жалғыз отырғың келема тағы басқа…
    Кейстар:
    Біреуге эмоция жеткізуде ,этикасын түсініп жеткізу маңызды…
    Сезім түсінуді, қажет етпейді, -сезінуді қажет етеді…(менде көөп сезімдерімді сезінбей,прожувать етпи қиналып жүр екенминғой)
    Ол сезімді сөзбен жеткізе алсақ, ол үлкеен прогрес…
    Адамдарды тыңдай алу өте маңызды…
    Біреу эмоция шығарып отырса немесе қандай бір жағдайда ,оған айту: мен сенімен біргемін, мен сенің қайғыңа ортақпын деп айту…
    Қайғылы жағдайда дұрыс сөздер қолдану өте маңызды, ең дұрысы : мен сізбен біргемін, қайғыңызға ортақпын деп айту сезіну…
    Адам өзі сөйлеп бастамаса үндеме…
    Жақсы сөз сөйле, немесе үндеме .Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)
    Өмірде: қуанышты н/е қайғыны сезіне алмаған адам бақытты да сезіне алмайды. Себебі бақыт ол сезім. Бақытты сезінгің келсе , қолдағы бар дүниеңді сезін шүкіршілік ет соған, біреудің дүниесіне қарама, денсаулығыңа шүкір ет, таза ауа жұтудың өзі қаншама ауырып жатқан адам үшін үлкеен бақыт! Шүкіршілік тек ауызбен айту емес оны сезіну жүрекпен, былай айтқанда қуануғой қолдағы бар алтынға, бар кезде қадіріне жету…
    “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты”
    (Ибраһим сүресі 7 аят)

  • @user-qk1nz8fu6c
    @user-qk1nz8fu6c 3 дня назад

    Шынымен "сезіп тұрмын, қорқып тұрмын, мен сені жақсы көрем, мен сенімен біргемін" деген т.б сөздерді бала кезден өмірде үлгі тұтатын ер адамдардан(әке,ата, дос, аға) естімегеннен кейін как будьто "мен де ер адаммын, сондықтан айтпауым керек" деп подсознательно бекіп қалыпты. Оның үстіне сол сезімдерді көрсетсең "ер адамнан" шығып, "әйел адамдарға" кіріп кеткендей сезінеді екенмін. Бала кезден сериал, киноларда да сезімін білдере алмай, жеке қалғанда жылап алатын ер адамдарды көргеннен кейін "значить менде ешкім көрмеген кезде жылап, қайғырып алсам болды" деп те ойлайды екенмін. Сіздерге көп рақмет. Өмірімнің дәл қазіргі кезінде керек ақпарат алдым. Дамир Мырзадан разбор ұтып алғым келеді деп менде сезімімді білдіріп қояйын😀

  • @user-jo9sc7ts1i
    @user-jo9sc7ts1i 6 дней назад +1

    Шынымды айтайын, головоломка 2 мультфильм келіп дальше осы подкастты көру ен дұрыс шешімім болды, шынымды айтсам даже өз тойымда эмоциямды шығара алмаппын, ана атанғанда, күйеуіммен сойлескенде, бөлек шыққанда, шынымды айтсам сол біртүрлі сезім деп сезімдерімді тығып жүреді екенмін… вроде бәрі шүкір жақсы, но асығып өмір сүргеннен ішкі сезімдерімді шығармақ түгілі сезінбеппін, еще қазірде білмім ішкі состояниемді түсіне алмай жүрген сәттер еді, Алладан сұрап жүргем өз өзімді түсінуге көмектесуін, ответті алғандай болдым, Алла разы болсын,
    1) шынайы қуана білу
    2) қайғыға дұрыс ортақтасу
    3) қайғыны салыстырмау деген жерлері қатты өтті, миым а че так можно было деп қалды, шынымен ниетті де дұрыс жеткізу өте маңызды, иногда күйеуім қайғырып келгенде «ой сен еркексіңғой ондай ондай болады» деп айтып мотивация беріп жүрмін деп ойлайтынмн, ең дұрыс істемеген дүнием екенін түсіндім, сол дым ойлаған жоқпын, просто жан дүнием не айтқысы келді , соны жаздым, рақмет ТТБ❤

  • @user-mw3mt2su3k
    @user-mw3mt2su3k 5 дней назад +1

    Осы подкастты көріп эмоцияны құнын түсіндім!
    Дамир Мырзадан разборды ұтып эмоцияның мәнін одан ары түсінсем екен
    А то өзімді бүртүрлі сезініп шаршадым😅

  • @user-hi5gs9lk4x
    @user-hi5gs9lk4x 2 дня назад

    Мен үшін керек болып жүрген сұрақтардың жауабы шықты ❤

  • @nauryzbayunic
    @nauryzbayunic 3 дня назад +1

    Менің ойымша, эмоция - жасалған еңбекке, істелген әрекетке берілген реакция. Мысалы, бір оқушы НИШ-қа түсу үшін 1 жыл дайындалды. Түссе қуанып, түсе алмай қалса жылау сол еңбекке стоит емес па? От души жылап алсын, за то өкініп ішінде кетіп, өзін жемейді.

  • @beknurdaurenbek_03
    @beknurdaurenbek_03 2 дня назад +1

    Негізі адам баласы, жаратылғанда сондай бір қасиеттермен қабілеттермен эмоция сезімдермен жаратылды ғой, сәйкесінше барлық адам бірдей өмірге келеді, НО уақыт өте келе ол өзінің сондай сезім қасиет қабілеттерін тығып, жасырып немесе өшіруге тырысып және өшіріп тастайды, сондықтан ол бей шаралық күйге немесе кедей немесе арманына мақсатына жете алмайтын адамға айналады
    Ал бірақ аллах тағала адам баласын жаратқан кезде кедей немесе бай қылып жаратпайды, бәрін нейтрально өмірге әкеліп, таңдауды өздеріне береді. Кедей немесе Бай
    Осы кезде Бай немесе Кедей болғанына кімдер кінәлі деген сұрақ келсе ОЛ СҰРАҚ ДҰРЫС ЕМЕС деп ойлаймын! Керісінше сол жағдайдың барлығына кімнің қатысы бар және қандай себептер болды, кім себепкер деген өте орынды СҰРАҚ деп айтқан дұрыс сияқты! Короче ортасы ғо

  • @user-tk3mf7tg3m
    @user-tk3mf7tg3m 6 дней назад +3

    Тақырыптары қызық 👍

  • @user-zp5ev1ts4i
    @user-zp5ev1ts4i 6 дней назад +1

    Асаламалекум Агалар отте керемет подкас осы уакытка Дейн бундай темада поткас тындамапын жарайсыздар тагы подкас шыгарыныздар осы 4 Агалар
    Рахмет

  • @Mapsmmm
    @Mapsmmm 4 дня назад

    Қуаныш мырзаның соңғы айтқан қорытындысы СУПЕР. машинамның кейбір жерлері құрлытып жүрген, сосын алдында мүлдем жүрмей қалған кездерін есіме түсірсем "қазір тоқтамай жүріп жүр ғой" деген шүкіршілік пайда болды машинамды жақсы көріп кеттім😅 және тағы осындай 2-3 нәрсе ойыма келді. Рахмет жігіттер Алла разы болсын

  • @user-wo3vf8uu8m
    @user-wo3vf8uu8m 5 дней назад

    Қуаныш мырзаның өмірде болған оқиғалармен жеткізе білетіндігі ұнайды керемет. Өміріміздің әрбір сәті қуаныш, қайғы белгілі бір эмоциялардан тұрады бізге бірнеше секундқа болсын өзіміздің әрекеттерімізді басқаруды үйрену керек шығар, абайсызда айтылған сөз не болмаса ойластырылмаған әркеттер жанымыздағы адамға ауыр тиуі мүмкін. Менің ойымша өмірде қуанышты сәттерденгорі қайғылы сәттердегі болып жатқан істер есімізде ұзақ қалатындай. Сол үшін бір бірімізге зиянымыздан бұрын пайдамыз көбірек тисін.

  • @Arunkaa
    @Arunkaa 5 дней назад +1

    Дамир ағаймен тағы да подкасттар күтеміз

  • @user-dm4pq2fp5i
    @user-dm4pq2fp5i 5 дней назад

    Осының бәрін, осознонность жоқ болғаннан жасап жүр екенбіз. Сондай жерде солай айту керек деп шаблон ретінде алап алған екенбіз. Рахмет, тәжірибелеріңізбен, сезімдеріңізбен, түйіндеріңізбен бөліскендеріңізге! Кемі бір адаиның ойы өзгерді деп қабылдаңыз ❤

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary 5 дней назад

    Куаныш мырза куштиии адам жалпак тилмен барин тусиндирп береди. Фактпен еще научно фактпен койып тастайтыны. Бинарное мышление туралы кушти!

  • @user-nr4vq3dv9n
    @user-nr4vq3dv9n 6 дней назад +1

    Супер, жігіттер жарайсыңдар!!!

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary 5 дней назад

    Самый мощный 🥹 мыкты . Эмоция туралы мыкты ашып айттыныз! Кайгыма ортакпын деген соз!

  • @kairbekaydyn6731
    @kairbekaydyn6731 6 дней назад

    Түсінген адамға өмірде бақытты болу үшін көптеген инсайттар айтылды. Рахмет Қуаныш мырза!

  • @quannur147
    @quannur147 6 дней назад +1

    Адам осы өз сезімін түсіне алмаған соң балгерге, карта аштыруға, не араққа салынып түсінік іздейтін секілді.

  • @user-cz2tu1hx1m
    @user-cz2tu1hx1m 6 дней назад

    Өте керемет тақырып, мен үшін соңы кезде қатты алаңдап жүрген маңызды дамуымның бір түрі, әлі шешімін таппай жүрмін. Эмоцияны көбіне өткен шақта ойлаймын не сездім дегендей, қазір уақытта түсінбей жүрген сияқтымын. Сауаттылықтың жетіспегенінен болар. Рахмет сіздерге, сәттілік.

  • @Aidyngoi
    @Aidyngoi 6 дней назад +1

    Дамир аға керемет🔥🔥🔥

  • @kemenger_school
    @kemenger_school 5 дней назад

    Этика- это всё 👍

  • @user-it6un1sv4k
    @user-it6un1sv4k 4 дня назад

    керемет!

  • @lauraonerhan4472
    @lauraonerhan4472 6 дней назад

    Настолько тақырыпты доступно аласыздар рахмет. Мендеде сондай бір жағдай болған. Қатты қиналып психологқа звондаған кезде ол просто менің позициямды қабылдап мен сізді түсінем деген жалғыз сөзбен мені осы өмірге қайта алып келген. Осыдан 4ай бұрын. Қандай жағдай болсын просто қолдау қиналып тұрған адамға керегі сол деп ойлаймын

  • @user-rb7no6cv5h
    @user-rb7no6cv5h 4 дня назад

    Сөзім жоқ, супер подкаст болды

  • @arman.valeri
    @arman.valeri 3 дня назад

    Подкаст алған инсайттарым:
    Эмоция білдіру: 1) Не сезіп тұрғанынды сезесін, денеде қай жерінді сезім тұрсын
    2. Айтасын сол сезімді (біртүрлі деген сезім жоқ)
    3. Эксперссо ( құшақтау, кетіп қалу
    *КЕМ ТО МОЖНО БЫТЬ, ТОЛЬКО С КЕМ ТО
    Сезімдерімізді не нуждается их понимание түсінудің қажеті жоқ просто сезину керек
    Көреді бірақ сезіне алмайды
    Түсіну деген біздің миымыз өмір түсіру жасымызбен шектеулі, ал сезіну ол шексіз
    Тыңдау керек сол кезде 70% сұраққа жауап шығады
    Мен сеніменмін
    Я за вас
    Мен сенімен ортақпын
    Жылап жатса салфетка алып беру ол типа- көздің жасын көрсетпеші тұрып өзің ал керек болса деу

  • @eskendirzulkarnai
    @eskendirzulkarnai 6 дней назад

    Қайғыға ортақсу болсын, қуанышқа бөлісе алу болсын, бұрын бізде әдемі әсерлі методпен жеткізе алған,көңіл білдіре алған, эмоциясын мысалы домбыра күймен немесе қобызбен, шешендік әдемі өлеңдермен жеткізген артқы поколения ондайды жоғалтып алдық.

  • @asqarerejepovv6411
    @asqarerejepovv6411 5 дней назад

    Айсүлтан мысалы маған қатты әсер етті. Менде бала кезімде калькулятор жоғалтып алғаным есіме түсті қатты қыйналып әрең өзімді басқанмын сол есімде қап кеткен😢

  • @user-lq5gt1ds6w
    @user-lq5gt1ds6w 5 дней назад

    Басыңа түскен адам ғана түсінеді мен сезіндім көп рақымет 😘

  • @user-in4hl4pc4m
    @user-in4hl4pc4m 6 дней назад

    Керемет

  • @user-qq7jb1uh9u
    @user-qq7jb1uh9u 6 дней назад

    Бір жігіт досына қолдау айтам деп:
    - совхоздың жақсы жақсы аттары да өледі оңың қасында ештеңе емес деген екен

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary 5 дней назад

    Куаныш мырза мектепке арнап китап жазынызшы.

  • @user-jz2zb7vw5f
    @user-jz2zb7vw5f 5 дней назад

    Ассалаумагалейкум агалар енбектериниз берекелди болсын агалар конакка АсельМашанованы шакырынздаршы отиниш&

  • @user-id1rf5rm9u
    @user-id1rf5rm9u 5 дней назад

    Екі қайтара көретін подкаст екекн👍

  • @yerzhanovmurat
    @yerzhanovmurat 6 дней назад +2

    🎉

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary 5 дней назад

    Куаныш пен кайгыда кандай эмоцияны проживать етуге алгоритм жасап бердинз.

  • @dinaraabdrakhym2530
    @dinaraabdrakhym2530 5 дней назад

    👍

  • @bigimini7631
    @bigimini7631 6 дней назад

    Бізде көбіне эмоцияны жуткызып жіберу сөздері көп, (жігітсінғо, болды жылама дегендей

  • @Aidyngoi
    @Aidyngoi 6 дней назад +1

    Дамир ағаны тағы да күтемін

  • @sakenabdurahim
    @sakenabdurahim 4 дня назад

    темекі шекпе деп шегіп отыратын, ішіп алып ішпе дейтін үлкендерді түсінбейтінмін кішкентайымда...

  • @Unicorn_khan
    @Unicorn_khan 5 дней назад

    Жақсы деген сезім емес баға, өзімді бір түрлі сезініп тұрмын,деп айту сонда біз не сезіп тұрғанымызды білмейді екенбіз ғой шынында, неге қазақтың қанша сөзін тек сондай бір түрлі жақсы деп тоқтатып тастағанбыз 😄 5 жасар қызым бар әжесі күндіз қарайды кешке жұмыстан келсем қызың жылады дейді, қызымнан неге жыладың десем жылағым келді дейді, мен келіп сұрағанда не үшін жылағанында ұмытып қалады сонда, балаларым қатты эмоциональный негизи қатты қуанады дал солай қатты жылайды, бір жерге қонаққа барсақ бәрі қашады уже бізден 😅

  • @user-dp1wg1vm9k
    @user-dp1wg1vm9k 4 дня назад

    Шырағым Қуаныш ау сөз бермедің ғой басқаларға

  • @user-kz1ku3zn9d
    @user-kz1ku3zn9d 6 дней назад

    🔥🔥🔥🔥

  • @Araily_Ary
    @Araily_Ary 5 дней назад

    Мен еки рет универге тусе алмаганмын. 😢 платный окымаймын деп . Бирнши 68, екинши 78 бал алгам. Сойтип колледжге орыс группасна грантка тускем. Казир Аллахка шукир ешкимнен кем емеспин

  • @Assem.unaybaeva
    @Assem.unaybaeva 5 дней назад

    Азамат мырза тек тыңдау үшін келетін сияқты ма

  • @user-bf6ki6bh4t
    @user-bf6ki6bh4t 6 дней назад

    Мен өзімде болып жатқан эмоцияны шығара бермейтін адаммын. Яғный, эмоция басып тастаған. Быраық, біреудің қайғысын не қуанышын көргенде көзімнен еріксіз жас кетеді. Бұны қалай дұрыстауға болады? Сіздің жаңа ttb нің подкастарын жібермей көретін болдым. Өзіме көп инсайттар алам.

  • @user-ml1bz6vd5q
    @user-ml1bz6vd5q 6 дней назад

    Не істедіңіздер
    Көрген видеоны қайта салдыңыздар ма?

  • @yerzhanovmurat
    @yerzhanovmurat 6 дней назад +2

    1

  • @user-zp5ev1ts4i
    @user-zp5ev1ts4i 6 дней назад

    4

  • @user-kz1ku3zn9d
    @user-kz1ku3zn9d 4 дня назад

    Қуаныш мырза Марғұлан мырзаның жұбайына қатты ұқсайды.Туған інісі сияқты.

  • @Assem.unaybaeva
    @Assem.unaybaeva 5 дней назад

    Куаныш мырза баскаларга да соз беринизши отиниш.Бул подкаст жалгыз сиз ушин емес кой.Онда тек озиниз ашыныз.