"ҚОНАЕВТЫҢ ҮСТІНЕН ЖАЗЫЛҒАН АРЫЗДАРДЫ ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРДІМ" ТЕРГЕУШІМЕН СҰҚБАТ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 июн 2024
  • Зейнеттегі тергеуші Мейірхан Мейірманқұлов бұл сұқбатта Дінмұхамбет Қонаевтың үстінен жазылған арыздар туралы айтады. Және өзінің қатесі мен арманын да жасырмайды. Сондай-ақ елден темір сынықтарының қалай арзанға шығарылғаны жөнінде де бір тергеу барысын еске түсіреді
    00:00 Анонс
    00:40 Басы
    01:04 Кітап жазып жатқаны туралы
    03:51 Кітап не туралы болады?
    08:29 Алғашқы қате туралы
    10:08 Шибөрілер жеп қойған адам мәйіті жөнінде
    19:11 Қонаевтың үстінен жазылған арыздар жайлы
    24:04 Арызданушылар Қонаевқа қандай айып таққан?
    24:41 Арызданушылар кімдер?
    25:39 Кәкімбек Салықов "Мақта ісі" бойынша айыпты ма?
    29:37 Марғұлан Сейсембаев тергеуден қалай құтылды?
    26:18 Тергеулердің президенттің жарлығымен тоқтатылуы жайында
    37:35 Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істегені туралы
    39:08 Темір қалдықтарының (Металлалом) арзан бағаға Қытайға қалай сатылғаны жөнінде
    44:23 Кітап қай уақытта жазылады?

Комментарии • 170

  • @user-vx8ku3to2c
    @user-vx8ku3to2c 3 месяца назад +21

    Дурыс айтасыз Мейирхан ага. Атаңа нәлет Нуршайтан Голощекин 2 болды. Голощекин 30 жылдары казактын ертеден келе жатқан көшпелі мал шаруашылығын бирер жылда колхоздастырам деп малынан айырылды 70миллион малды кырды.Изинше аштыкка ушырап 3,5 - 4 миллион казак кырылды жоспарлы турде.Бул казак халкына орасан зор нәубет болды. Соған қарамастан казак иманынан,тектилигинен айырылмас еді. 90 жылдар ортасында Нуршайтаннын жекешелендиру дейтин солакай саясаты Кенес окимети курылгалы 70 жылда казак халкынын теримен,канымен, миллиондаған курбандыкпен (Голощекиннің солакай саясатымен орын алған) курылган мемлекеттік алпауыт кәсіпорындарды, 2000 мыңнан астам колхоз, совхоздарды, ғылым академиясын, медицинаны жалпы түгел дуниени бирер жылда тып типыл етип халыкты кангытып жиберди. Бул казак халкы үшін Голощекин наубетинен кейінгі екинши улы нәубет болды. Онымен коймай бул тексиз казакты иманынан да,тектилигинен де,болмысынан да айыра алды. Бул ретте Нуршайтан Голощекиннен де асып түсті. Керисинше халыктын бойына арсыздык,жагымпаздык,саткындык,тойымсыздык,мешкейлик сиякты касиетсиз касиеттерди синирди. Нуршайтаннын бойында бул касиетсиз касиеттер молынан бар еді. Халык накылы;Елди арыстан баскарса ел түгел арыстанға айналады, түлкі баскарса ел түгел түлкіге айналды.

  • @user-be6if1lc1m
    @user-be6if1lc1m 3 месяца назад +52

    Білген, көргендерін өзімен бірге алып кетпей болашақ ұрпаққа қалдырғаны өте жақсы. Дауысы қандай жақсы. Актёрлардың дауысы сияқты. Өте білікті азамат екен. Осындай адамдарды эфирге жиі шақырсаңыздар екен. Тарихи маңызы зор сұхбат болды. Рахмет!

  • @ailbekkantagaj1471
    @ailbekkantagaj1471 3 месяца назад +37

    Сіздің тергеу ісін таза,әділ жүргізгеніңізге риза болдым.Жарыққа шығатын еңбегіңіз тергеу ісімен жұмыс істейтін жас мамандарға сабақ,өнеге болуы тиіс.Сол екі кітабыңыз жарыққа шығып қазақ жастары оқыса жақсыболар еді .Балаларыңыздың қызығын көріңіз ,шаршамаңыз.

    • @zhumaganymkasmet2932
      @zhumaganymkasmet2932 3 месяца назад +5

      😂 Қазақ халқының адал үлы,өз ісінің білікті маманы болғаныңызды,мақтан етемін!

    • @zhumaganymkasmet2932
      @zhumaganymkasmet2932 3 месяца назад +5

      Әліде ойыңызда жұрген тақырыптарды қозғап кітап жазу үстіндемін деген талабыңызға нұр жаусын!
      Сізге денсаулық зор байлық және Сәттілік тілеймін!
      Аман болыңыз Аға!

  • @jerjerai3642
    @jerjerai3642 3 месяца назад +65

    Мейірхан мырза мықты тергеуші болғаны , тәжрибелі заңгер екенін таныдық ❤

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +2

      Лучше иметь одного
      законника с портфелем,
      чем сто невежд с авто
      матами. Комиссар
      Катанни сериалы авторы.Мына Ағаға
      лайықты теңеу!!

  • @user-iy3he4hq1x
    @user-iy3he4hq1x 3 месяца назад +28

    Мейірхан аға осы қоғамда теңдеусіз жан, оның ерекшелігі қарапайым, әр сөзі салмақты, өткір ойлы, "Ұлы болсаң кіші бол" деген ұстанымда.
    Алла РАХЫМет бар болғаеыңызға❤
    Неге Арон Атабек елеусіз 15 жыл түрме азабы, эксп геноцидта сағы сынбай, жемқор билікке тізе бүгіп бас имей, ел жер халық үшін, құрбан

    • @user-zt6yh2yj6i
      @user-zt6yh2yj6i 3 месяца назад +1

      Ұлық болсаң, кішік бол

  • @altynkadralina8836
    @altynkadralina8836 3 месяца назад +62

    .
    Қандай адамгершілігі сөйлеген сөзі саптауы өте мәдениеті мол азамат екеніне тәнті болып отырмын.
    Осындай азаматтарымыз бар екеніне қуаныштымын
    Алла сізге ден саулық .күш қуат .Ерсін
    Ойыңыздағы істерімізді кітаптарыңызды жазуға нәсіп етсін .

  • @dosanmomin
    @dosanmomin 3 месяца назад +57

    Дауысы да,сыртқы келбеті де,ақылы да
    көз тартарлық Ағай
    екен!!

  • @user-bn5tn5yw4k
    @user-bn5tn5yw4k 3 месяца назад +31

    Мейірхан аға рахмет.Еңбектеріңіздің жемісін көріңіз..Өте құнды мағлұматтар.

  • @user-ng1uz8ic6z
    @user-ng1uz8ic6z 3 месяца назад +60

    Аға өмір жасыңыз ұзақ болсын кітабыңыздың жарыққа шығуына тілектеспін

  • @user-pr5cl1hl9y
    @user-pr5cl1hl9y 3 месяца назад +18

    "Ұстаз","Масақ"деген кітаптарыңыз жайлы айтқан ойларыңыз керемет! Мен де 39жыл ұстаз болдым,сол жылдарым тізбектеліп,көз алдымнан өткендей,ал ашаршылық туралы анамыздың айтқаны сіз суреттегендей еді😢
    Тағы рахмет,кітабыңыз саналы жастарға ой салар деген үміттемін.

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +2

      От бога три профессии
      учитель,врач,судья.
      Оқытып білім беру үшін,
      ауырса емдеу үшін,және
      де заңмен хақын қорғау
      үшін.500 жыл біздің
      эрамызға дейін.Авторын
      ұмыттым, оқып таң қал
      дым.

  • @shaikhuatsuleimen8358
    @shaikhuatsuleimen8358 3 месяца назад +50

    Сұбхатыңыз өте керемет.Мейірхан сізге Алла денсаулық берсін.Жазғалы отырған кітабыңызды асыға күтеміз.Әңгімеңізге рахмет.

  • @user-iy3he4hq1x
    @user-iy3he4hq1x 3 месяца назад +32

    Мейірхан аға қара бұлтты жарып, күн сәулесі сияқты жарқ еткеніңізден жақсылықтың нышаны сезіндім.
    Алла ғұмырыңыз ұзақ, аяқ қолыңы ңыз қуатты, мәрте беңіз биікте болуды Алла нәсіп етсін Әминь🤲

  • @user-sw1ow9sn3s
    @user-sw1ow9sn3s 3 месяца назад +18

    Өмір жасын ұзақ блсын немере шөбере көр кейінгі өмірін қызық пен өтсін орыс қанша қазақты құртам деседе алла тағалам өзі жар болсы❤😢

  • @anuarkerymbai4860
    @anuarkerymbai4860 3 месяца назад +36

    Иә макенді бәріміз күтіп отырмыз әнгімесі өте дәмді екен
    Заманбек пен
    Алтынбектын өлімін әшкерелеуге ат салысып ауыл кеңес беріп отсаныз

  • @user-zb8xw7bh1s
    @user-zb8xw7bh1s 3 месяца назад +21

    Сіздің жазған кітабыңызды асыға күтеміз. Ақиқат халыққа жетуі тиіс және қоғамға пайдалы болады деп ойлаймын. Алла сол күнге жеткізсін. Сізге Алла күш-қуат берсін.

  • @MangilikMakhmet
    @MangilikMakhmet 3 месяца назад +4

    Расымен өте үлкен адам екен! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!

  • @user-dg6cr1gb9b
    @user-dg6cr1gb9b 3 месяца назад +23

    Сұқпаты орынд. Меирхан ағамызға аман денге саулық берсін еңбегыне шабыт берсін. ❤. рсін,

  • @-t1r2u3t4h5_
    @-t1r2u3t4h5_ 3 месяца назад +5

    Қазақстанда ертеде және қазіргі бертінге дейінгі қылмыстардың артында кімдер тұрғанын білу үшін тЕргеуші осындай керегі жоқ ау . 🤦‍♀️

  • @user-iy3he4hq1x
    @user-iy3he4hq1x 3 месяца назад +15

    Өте дұрыс айтасыз мына қоғамда өзіңіз сияқты өнеге болатын ұстаз жетіспейді... Өмір орман сияқты орманшысыз адам адасады. "Ролитель тот который пройзвел на свет, учитель тот который показываеть путь"

  • @gauharmukanova9442
    @gauharmukanova9442 3 месяца назад +29

    Сәттілік тілейміз қонағыңызға, халық шындықты білу керек,жастар тарихты, халықтың басынан кешкен оқиғаларын білуі міндетті

  • @SardarbekSentaev
    @SardarbekSentaev 3 месяца назад +5

    Аман болыңыз, сіз сияқты дәл қазіргі жемқорларды ашатын азамат керек

  • @kulbakhyttumabaeva2487
    @kulbakhyttumabaeva2487 3 месяца назад +11

    Әліде шындықты айтылмаған құпиялар бар, соны айтып кетсеңізші, өзіңізбен ала кетпей, болашаққа керек

    • @altinaybaibosinova5246
      @altinaybaibosinova5246 3 месяца назад +1

      Көкем-ау, сүтке үңіле берсең қан көрінеді деген және адамның айыбын ашқаннан гөрі жапқан жақсы деген құран хадисінде. Себебі жамандықты қуған тек жамандыққа жолығады.

  • @user-iy3he4hq1x
    @user-iy3he4hq1x 3 месяца назад +15

    Мейіихан аға сіздің адами қасиетіңізге моральды кодексі ұстанымдағы болмысыңызға ғашықпын. "Истинная путь тернистая, лищь избранным дано пройти" ❤❤❤

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +1

      Спруттағы комиссар
      Катаниға қызығып өскен едік,өзіміздікі
      вообще супер!!

  • @user-dq7yx7xh7p
    @user-dq7yx7xh7p 3 месяца назад +5

    Кандай акылды, билимды адам,дауысы да Левитаннан кем емес. Коп-коп жасаныз!

  • @aishaaisha-yg4vt
    @aishaaisha-yg4vt 3 месяца назад +3

    Конаевқа қарсы арыздарды кім түсірткені белгілі ғой.жанжағын жалмап жәйләп.

  • @user-zr4ho3nb3w
    @user-zr4ho3nb3w 3 месяца назад +16

    Сізге Алла денсаулық берсін, сіздің адалдығыңызға, кәсібилігіңізге, азаматтық мінезіңізге, ер адамға тән мінезіңізге тәнті болдым, қазіргі шақта жастарға үлгі болар адамдар азайып кетті

  • @user-un3qn1mm1u
    @user-un3qn1mm1u 3 месяца назад +4

    Тергеушілердің жүректері таза болады, сол үшін олар сол жұмыстарының ізімен жүре береді. Алла деніңізді сау етсін, жастарға ақыл айтудан шаршамаңыз.

  • @user-pr5cl1hl9y
    @user-pr5cl1hl9y 3 месяца назад +11

    Жақсы сұхбат болды, рахмет!
    Мейірхан мырзаның тергеу істері жайлы айтқан әңгімелерін ютуб каналынан тыңдап,риза болып едім.Бүгінгі сұхбатта талай істердің басын аштыңыз."Шыңғырған шындықтың түбіне жету қиын"деуші еді,сізді де сол шындықтың шыңына жеткізбеген екен...
    Кітабыңызды тосамыз,кітап жазып шығуға Аллам денсаулық пен өмір берсін!

  • @user-iy3he4hq1x
    @user-iy3he4hq1x 3 месяца назад +14

    Тиек каналы өте таза ақпарат еңбектеріі жемісті, тіркелушелері көп рейтингісі жоғары қатарда болуын Алла нәсіп болсын
    Әминь, РАХЫМет

    • @tiek
      @tiek  3 месяца назад +1

      Рақмет

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +2

      Ең бастысы тек қазақша
      сөйлейтін,жазатын нағыз қазақтарым екен,
      өте қуанып,марқайып
      қалдым,Ана тілімізді
      құрметтейтін ұлтжанды
      Қазақтарым аман есен
      болыңыздар!!🙏🤝🤝☝️

  • @user-qh2kv5zl7g
    @user-qh2kv5zl7g 3 месяца назад +10

    басы қасында жүріп өз көзімен көріп өз құлағы мен естігендеріде қартайып отырсада бала шағама бірдемелері тиіп кетеді деп шыңдықтын бәрін айтпайды шет жағасын шығарып өздерін тазаладық деп ойлап кететіндер өңкей

  • @BOYFRI610
    @BOYFRI610 3 месяца назад +74

    Кітабыңыздың жарыққа шығуына тілектеспіз!!!Біздің де ата-бабаларымыз атылып кетті ғой.32-33жылдардағы ашаршылық жылдар одан кейін 37-38жылдпрдағы Сталин кезіндегі репрессия осылардың бәрі қолдан жасалынған қазаққа жасаған қиянаты еді ғой.Бәрі тарихта жазылған еді ғойБұл кейінгі жастарға керек қой.

    • @user-ez5sy1ji2d
      @user-ez5sy1ji2d 3 месяца назад +8

      Дұрыс аитасыз тарихты жастар білуі керек 4:14

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +6

      Жастар орыстың жаулап
      алу мақсатымен біздің
      Ата әжелерге жасаған
      этноцид,геноциді туралы
      түк білмейді,жырп жырп
      халықпыз,өкінішті😔😔

    • @user-wu8hz5zp7b
      @user-wu8hz5zp7b 3 месяца назад +1

      😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊

    • @user-tx1gd5ck5m
      @user-tx1gd5ck5m 3 месяца назад +5

      Қазақ Елім !!! Орыстан досың болса , Айбалтаң жаныңда болсын . Аққұлақ орыстар , ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АТА ЖАУЫ !!!

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 3 месяца назад +3

    Қандай керемет! Кәкімбек Салықовтың өлеңін қалай айтып берді! Өте сауатты , мәдениетті адам екен! Жасыңыз ұзақ, бақытты болыңыз!

  • @user-ku5hf5gl1o
    @user-ku5hf5gl1o 3 месяца назад +6

    Сізге сәттілік,қазіргі таңда тергеу саласындағы жастарға,сіздің біліміңіз,тәжірбиеңіз керек ау

  • @user-wh8rk5qc7u
    @user-wh8rk5qc7u 3 месяца назад +3

    Керемет👍📚Мейірхан аға сол кітапты жазып,арманына жетсін.Мықты азамат екен,дені сау ,өмір жасы ұзақ болсын.🤲

  • @riskulnurimbetova7295
    @riskulnurimbetova7295 3 месяца назад +4

    Казирги.мугалимдерде.шындык.жок.оларды.биликтин.шауып.кел.барып.кел.сауегей.ликке.салынганын.ашык.айтуга.болады.70%сырттай.окып.диплом.сатып.алган.десем.жалган.айтпаган.болар.едим.Жемкорлык.жайлаган.гасырда.кулдык.омир.сурип.жатырмыз.Акикатты.ешким.ашык.айта.алмаса.окушылар.калай.билим.алып.жатыр.деп.ойлайсын.мектепте.медицина.саласында.коррупция.жемкорлык.жайлаган.!!

  • @bayanzholdasova1857
    @bayanzholdasova1857 3 месяца назад +3

    Керемет сұхбат. Енді шығармаларыңызды асыға күтеміз. Әке-шешелерімізде кішкентай кезінде ашаршылықтың азабын шеккен, бірақ оның қаншалықты елге қайғылы болғанын екінің бірі жеткізе алмайды. Әсіресе кәзіргі жастар осы қазақтың басына түскен қара жылдарды оқып білсе ғой шіркін, өмірге көзқарастары өзгерер еді. 👌

  • @user-tp2dm3im1v
    @user-tp2dm3im1v 3 месяца назад +10

    Оте жасырынды адам, накты факторларды билып, еш нарсе ашык айтпады. Адамдарга казыргы системаны курган аты жоны керек, сонын ишындегы алаяктар омир сурып жатыр, келесы урпакты уйретип жатыр. Халыктын Казыргы жагдайына ким киналы, осындай мамандар, билып отырды укиметтын былыгын!

  • @user-mw7zg2bq2t
    @user-mw7zg2bq2t 3 месяца назад +18

    Китабыныз жарыкка шыгуына тилектеспин.

  • @user-ng1uz8ic6z
    @user-ng1uz8ic6z 3 месяца назад +14

    ❤Келесі сұқбатыңызды асыға күтеміз аман есен бақытты болыңыз

  • @user-ks1pf9iy6k
    @user-ks1pf9iy6k 3 месяца назад +10

    Елімізде.162ме?оданда.көп.болуы.мүмкін және.солардың.көленкесінде.қаншама.қуаяқтар.арам.жолмен.байып.жатыр.және.ққорғау.ұқкдегі.ұятсыздар.соларға.қрыша.болып.оларда.байып.жатыр!!!

  • @user-lu1uy8gm6v
    @user-lu1uy8gm6v 3 месяца назад +1

    ӘМИН ӘМИН ӘМИН АЙТҚАНЫҢЫЗ КЕЛСІН ! РАХМЕТ ! АҒА , ӨЗІҢІЗГЕДЕ СОНДАЙ БОЛСЫН !🤲🤝

  • @user-pc6rc9gn6s
    @user-pc6rc9gn6s 3 месяца назад +7

    Темірді қызып тұрғанда соқ,суып қалғасын соқпайақ қой,кітап жазып жүре бермейік жолдан қалдырады.

  • @user-nk5ov3yc4n
    @user-nk5ov3yc4n 3 месяца назад +4

    Жемқорлықтың себебі, ашыққаннан құныққан жаман,рухани санасы жұтаң ,адамдар сараң болады, сараң адамдар жемқор болады.

  • @user-ee8em5rj4c
    @user-ee8em5rj4c 3 месяца назад +3

    Қандай қиын бар қымбат станоктарды Қытайға қолдан беріп жібергеніміз сол фабрика заводтың қаншама жүздеген жұмысшылары жұмыссыз қалды қандай сорлы болдық неден сорлы болдық

  • @user-ul9tp7vb1u
    @user-ul9tp7vb1u 3 месяца назад +2

    Аман есен болыныз ауырманыз дениниз сау болсын жасыныз узак болсын

  • @qazaqeli1950
    @qazaqeli1950 3 месяца назад +22

    Ассалаумағалейкум аға.
    Жаңа сұхбатыңызды көріп шықтым.
    "Масағыңыз" керек боп тұр қазіргі қоғамға.
    Сол кездегі сіз тергеген қылмыскерлер,олардың туыстары әлі аттан түспеді,түсіретіндердің де сиқы көрінбейді.Соған қарап сіздер сияқты әділ адамдардың еңбегі еш кеткен жоқ па деген сұрақ туады.

  • @-t1r2u3t4h5_
    @-t1r2u3t4h5_ 3 месяца назад +4

    Жазаларың Құдайдан болсын !

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +1

      25 млн.халықты қырып
      жойған гитлерде Аргентинада өмір сүрді
      пропаганданы исламға
      тіркей берме,жаза болса
      отыз жыл халықты алдап,бар байлықты
      европаға шашқан қара
      қойшы қалмаққа жаза
      қайда,талтаң талтаң етіп
      араб елінде шалқып жас
      тоқалмен жүр...☝️😔

  • @Bekdauletboss
    @Bekdauletboss 3 месяца назад +1

    Назарбаев сол кезде ақ өз қамын ойлаған әккі ұры екнін көріп отырмыз.Рахмет жақсы сұхбат бердіңіз.

  • @user-oe9eo3ed7j
    @user-oe9eo3ed7j 3 месяца назад +4

    Керемет, бұл каналға енді жазылдым, тергеуші ағай нағыз білікті қасақ маман екен,Алла разы болсын Мейірхан ағай.

  • @user-fl6ci4zt6q
    @user-fl6ci4zt6q 3 месяца назад +3

    Керемет жауап береді,дауысы зор,қысқа нұсқа айтады

  • @user-qh2eg1xl2o
    @user-qh2eg1xl2o 3 месяца назад +10

    Аман болыңыз аға!..

  • @rahkmetsanzhanov184
    @rahkmetsanzhanov184 3 месяца назад +2

    Қонаев атамызға ұқсайды екен. Жүзі және даусы да келеді екен

  • @user-hs6mt8kd6n
    @user-hs6mt8kd6n 3 месяца назад +5

    Өте керемет сұхбат болды жасыңыз ұзақ болсын денсаулық тілейміз

  • @user-dm5ne8nq3j
    @user-dm5ne8nq3j 3 месяца назад +4

    Қандай грамотно сөздер, өте білімді екен ағамыз

  • @UserUser-wc5dx
    @UserUser-wc5dx 3 месяца назад +5

    Рахмет сіздерге

  • @user-ww6pc4jx2y
    @user-ww6pc4jx2y 3 месяца назад +14

    Меиірхан бауырым өлген адам өліп кетті әзір тоқаев Қаңтарда 250 оданда көп балдарды шеттен әскер шақырып өз халқын буирық беріп атып өлтірді тағы неше мыңы қудаланды қинаулар әліде халықтың муң муқтажын аитып журген белсенділерді қамабатыр неге осыны аитпасқа не тоқаев өлгенде аитасындарма

  • @Granddad0203
    @Granddad0203 3 месяца назад +16

    Кәкімбек Салықов
    Қарақалпақстанның бұрынғы басшысы Қаллыбек Камалов сыбайлас қылмыстарда айыпталып лауазымынан алынғаннан соң
    Қарақалпақстанда тәртіп орнату мақсатында Мәскеуден
    бірінші хатшылыққа тағайындалдығой. Бір-екі жылда ол қандай қылып мақтамен байланысты қылмыс жасауы мүмкін.

  • @user-pu3tj5fm7h
    @user-pu3tj5fm7h 3 месяца назад +5

    Керемет әңгіме🔥🔥🔥🔥🔥

  • @user-xd4op1lj1t
    @user-xd4op1lj1t 3 месяца назад +1

    Ағамызға ұзақ ғұмыр берсін алға қойған мақсатыңызға жетіңіз Құдай жанұяңызға амандық береке берсін

  • @user-qw3ho5fx3r
    @user-qw3ho5fx3r 3 месяца назад +2

    Ағамыздың кітабынан Кино шығарса екен,бұл да бір Тарих, шындық,ақиқат.

  • @user-df6kv9mv7b
    @user-df6kv9mv7b 3 месяца назад +2

    Керемет сухпат болды

  • @user-jo5vn9rf8w
    @user-jo5vn9rf8w 3 месяца назад +1

    Мейiрхан аға сауатты көкiрегi ашық адiлдiгi мол азамат екенi көрiнiп тұр! Аман болыңыз, сiз сияқты азаматтарымыздың барына Құдайға шүкір! Сұхбат жақсы өттi, рақмет сiздерге!👍

  • @SamsungJ-qw1yp
    @SamsungJ-qw1yp 2 месяца назад +1

    Тергеуші ағаның әңгімелері өте қызықты . Рахмет .

  • @user-mu9fh2tj8r
    @user-mu9fh2tj8r 3 месяца назад +1

    Әңгімеңіз керемет
    Сол кітаптар шығып тілегіңізге жетіңіз
    Аман жүріңіз

  • @user-vi6io9yx4t
    @user-vi6io9yx4t 3 месяца назад +7

    Дұрыс айтасыз, ұстаздың мәртебесін төмендетіп жіберді. Осы күні булинг дегенді желеу етіп, мұғалімнің жасаған ескертуін осы булинг деген желеумен қпралайды. Мұғалім жаман болсын деп немесе жек көргеннен ұрыспайды ғой

  • @serikakytan9843
    @serikakytan9843 3 месяца назад +5

    Ашаршылық қазаққа арнайы жасалған саясыи қастандық.

  • @user-ry9ji1jh2j
    @user-ry9ji1jh2j 3 месяца назад +5

    Жақсы сұхбат болды.Ұстаз туралы жақсы айттыңыз көп көп рахмет.Деңсаулығыңыз мықты болсын.

  • @user-cc9dl6wi4y
    @user-cc9dl6wi4y 3 месяца назад +3

    Аға зорденсаулык берсын Аллам айкан окига адамды ойландырады екен

  • @user-kd7ql3ed3m
    @user-kd7ql3ed3m 3 месяца назад +2

    Ага айтсаныз тёк шындыкты аитыныз артынан биреулеркор олаиемес деп журмесин кеинги болашак тёк туру шындыкты тёк, шыны керек оларга кз елинде соны кутеди, аман болыныз омир дин кызыгын корип журе бер низ казахынмен тёк алдаболаиыкшы

  • @user-yx2wn8ds4i
    @user-yx2wn8ds4i 3 месяца назад +3

    Мейірхан аға әділетті тергеуші болғаны жүзінен, сөйлеген сөзінен білініп тұр

  • @user-or4vd2rl2d
    @user-or4vd2rl2d 3 месяца назад +3

    Рахмет көп көп

  • @UserUser-wc5dx
    @UserUser-wc5dx 3 месяца назад +4

    Осындай адал казагым коп болса екен

  • @user-jm6ub6ej4n
    @user-jm6ub6ej4n 3 месяца назад +6

    Ой тоба, біздің еліміз масқара тоналыпты ғой. Нурекен ерікті беріпті ғой, ұры - қарлар ға. Содан қазірге дейін етек алған. Енді бұл қалай токтатуга болады.

  • @user-lp8kd2ug4l
    @user-lp8kd2ug4l 3 месяца назад +3

    Мейірхан мырза көптен бері жоғалып кеттіңіз?

  • @user-cc6hi4nb6t
    @user-cc6hi4nb6t 3 месяца назад +1

    Интернетті өшірсе біраз уақытқа, сонда сана сезім, оқу, тыңдау, жазу, сауат орнына келер еді. Интернет қоқыс жәшігі тәрізді. Күндіз түні ақпарат төгіліп жатыр.

  • @user-tu3fr7hi6z
    @user-tu3fr7hi6z 3 месяца назад +3

    Әдемі,,,,, ,

  • @user-fz3xq3yq5w
    @user-fz3xq3yq5w 3 месяца назад +11

    СІЗ. ШЫНДЫҚТЫ АЙТУҒА ӘЛІ ДЕ ҚОРҚАСЫЗ. МАРГҰЛАННЫҢ ІСІ БОЙЫНША. ТЕРГЕУГЕ. БЕЛГІСІЗ МИЛЛИОНДАРДЫ. ШЕТ ЕЛГЕ ЖІБЕРГЕН АДАМДАР СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІРАҚ ОНЫ АЙТА АЛМАЙ САСҚАЛАҚТАП ОТЫРСЫЗ. ҚАРАПАЙЫМ АЛАМДАР СІЗГЕ СЕНУІ. МҮМКІН. АЛ БІРАҚ ТЕРГЕУЛЕ БЕЙТАНЫС АДАМ БОЛМАЙТЫНЫН. ОҚЫҒАН. ЖІГІТТЕР БІЛЕДІ ҒОЙ

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +1

      Марғұлан Боранбай
      Азамат,ол орыс шови
      нистеріне қарсы сын
      айтты,сол үшін отыр,
      нешеуа Сіз нағыз батыр
      да батыл адамсыз, біздер қорқақ қоян...😔

  • @user-je9wc5st3m
    @user-je9wc5st3m 2 месяца назад +1

    Мейиірхан аға дұрыс айтасыз

  • @user-zt6yh2yj6i
    @user-zt6yh2yj6i 3 месяца назад +7

    Кәкімбек Салықовтың мағыналы керемет өлеңдері неге бастауыш сыныптың оқулықтарында жоқ?! Қайдағы бір ешкім танымайтын, өлеңінің мән-мағынасы жоқ ақындардың өлеңдері жүр.

    • @altinaybaibosinova5246
      @altinaybaibosinova5246 3 месяца назад +1

      Құрастырушылар сауатсыз, ақшаға сатылған.

  • @user-ks1pf9iy6k
    @user-ks1pf9iy6k 3 месяца назад +4

    Ұқк-выводын.сол.кездеде.шестёркалары.дайындаған-ғой.

  • @user-nj6ie1qk9l
    @user-nj6ie1qk9l 3 месяца назад +3

    Көсеу ұстаған көсеуші барлық жерді жайпапты

  • @user-my3ki5on9c
    @user-my3ki5on9c 3 месяца назад +3

    Аштык туралы кино тусиру керек

  • @user-gm9su4jc8k
    @user-gm9su4jc8k 3 месяца назад +4

    Ол арыздарды қолдан ұйымдастырып жазған

  • @user-vi6io9yx4t
    @user-vi6io9yx4t 3 месяца назад +5

    Аға, бүгінгі күні сіз сияқты құқық қорғву органдарына керексіз

  • @k_tazhipova1599
    @k_tazhipova1599 3 месяца назад +2

    В китай металлом отправляли составами, на ст.Дружба стояли составами,не успевали выгружать вагоны,простаивали.

  • @user-pq3gu4ji9w
    @user-pq3gu4ji9w 3 месяца назад +2

    Өзбектерде арыздың көп болмауы өзбекте геноцид болған жоқ. Қазақта геноцид болды, арызды қинап жазғызды. Сондықтан өз халқыңды жаман жағынан көрсетуді тоқтатыңдар. Қазақтың қандай халық екенін Ислам Каримов айтып кеткен.

  • @kelbetospan8873
    @kelbetospan8873 Месяц назад +1

    Алланың қалауымен дедіңіз сау боп ниетіңізге жетіңіз.

  • @user-tl7hs3oo3s
    @user-tl7hs3oo3s 3 месяца назад +4

    Барын ашык калай бар солай айтуга шындыкты бетке айтуга коркыпсак екен не болса да бас кеспек болсада тыл кеспек жок,бары быр шындык шыгады ерте ме кеш пе

  • @tassnation7621
    @tassnation7621 3 месяца назад +1

    Қандай адал адам жұмысыты тымды.

  • @-t1r2u3t4h5_
    @-t1r2u3t4h5_ 3 месяца назад +3

    Артынан маңырайтын қойды соя салса болады , 🤮

  • @user-bn5tn5yw4k
    @user-bn5tn5yw4k 3 месяца назад +7

    Айтпаңыз металамның бәрін қытайға бердік.Завод фабриканы түгімен жұтты ғой Өз қолымызбен бірімізбен біріміз жабысып.Неге.сол кезде Өкімет Завод фабрика.ашпады екен.Биліктің.қателігі.

    • @mnmn-zp4xc
      @mnmn-zp4xc 3 месяца назад +1

      Шайтан адам баласын тура жолдан тайдырамын деп, олардың алдынан, артынан, оң жағынан, сол жағынан келіп азғырушы жұмысын атқаратынына Аллаһ Та'аланың алдында уәде берген. Бұл дүние сынақ, адам тәубеге келіп, Аллаһ Та'аланың разылығына бөленіп дұрыс жолға түспесе, шайтанның жолымен жүріп дүниеден өтіп кетеді. Бұл дүниеде адам сұрақ жауаптан құтылып кетуі мүмкін, ал ахиретте жағдайы мүшкіл болады.

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +1

      саудагер мен қара қойшы балалары амбициясы осындай
      екен,қара қазақ хан
      болмас,байлық пен
      билік естерінен адастыр
      ды.қонаев кремлге иілді
      мыңқ етпеді, қалмақ
      тоқал алудан есі шықты
      Тарихи факт.

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +2

      Ойбай,менің комм.қайда?

  • @user-cr6bt9sz6w
    @user-cr6bt9sz6w 3 месяца назад +5

    Мына кісінің он бойы тарйық екен бар білгеніңізді жазып кетсеңіз жақсы болар еді

  • @user-hj8ld7kc9o
    @user-hj8ld7kc9o 3 месяца назад +2

    Жалғасы баршығар

    • @tiek
      @tiek  3 месяца назад

      Қай оқиғаның жалғасы?

  • @user-wq2kk1go6s
    @user-wq2kk1go6s 3 месяца назад +2

    Кітапты асыға күтеміз...

  • @user-pg5qp6fi9n
    @user-pg5qp6fi9n 3 месяца назад +4

    Казір сіз секілді тергеушілер бар ма екен менің әке шешем ашаршылыкты көрген . Апам Масак түріп күн көрдік дейтін. Бірак соның өзін тергізбей Шолак басшылар атпен куатын деуші еді. Сіз ойлаған ойыңызға жетіуініз керек

  • @user-xe6pt9vu4l
    @user-xe6pt9vu4l 3 месяца назад +1

    Коррупция токтамай зан дурыс жумыс жасамайды!
    Занды белшесинен басып жур гой жогарыдагылар оздери!

  • @user-tp8kb7mh1q
    @user-tp8kb7mh1q 3 месяца назад +4

    Сіз шамаңыз келсе 90-жылдардағы өзіңіз көрген аштықты жазсаңыз дұрыс болар еді.

  • @user-iy6un4tp4p
    @user-iy6un4tp4p 3 месяца назад +5

    Ағаның кітаптарын қалай алуға болады.Адресі,төлем төлеу шотын жазсаңыздар

    • @tiek
      @tiek  3 месяца назад

      Әзір басылып шықпады

    • @user-iy6un4tp4p
      @user-iy6un4tp4p 3 месяца назад +1

      Алдында бір кітабы шықты дегендей болды.

    • @tiek
      @tiek  3 месяца назад

      Ол 24 жыл бұрын шыққан. "Кеңес үкіметінің күйреуі немесе Андроповтың мафияға соққысы" деп аталады

    • @user-iy6un4tp4p
      @user-iy6un4tp4p 3 месяца назад +1

      @@tiek осы кітап болса алайық

    • @tiek
      @tiek  3 месяца назад

      m.flip.kz/catalog?prod=548183 әлі жоқ деп тұр

  • @user-qv6pl6bo3l
    @user-qv6pl6bo3l 3 месяца назад +4

    Шындыққа жанаспайды. Желтоқсан уақиғасында өзіңізде болдыңыз.

  • @user-vi7io1kr1n
    @user-vi7io1kr1n 3 месяца назад +5

    СҮРІНЕДІ.

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +1

      Қандай мағына,
      сүрінеді әлде сіңіреді??

    • @dosanmomin
      @dosanmomin 3 месяца назад +2

      Ееее бәсе..сынды
      қабылдай білгенде
      ақылдылық,сабырлық
      белгісі.