Ақтөбеде мектептер оқу жылына дайын ба?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • Мынау √28 мектептегі жөндеу жұмыстарының барысы. Жауапты мердігер қазір жұмыстың 30%-ын аяқтаған, 15-тамызға дейін толықтай жөндеу жұмыстарын тапсырамыз деп отыр дейді мектеп директоры. Балалар оқитын бөлмелерді әктеу, сырлау жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп басшылығы болса оқу ғимараты 1-қыркүйекке дейін сақадай сай болады,-деп сендіруде.
    Мониторинг бүгін √25,28,30,34 мектептерінде жүргізілді. Бұл мектептерге құрылыс жөндеуінен басқа, оқушыларға жиһаздар, интерактивті панельдер, ЛЭД экрандар мен басқа да қажетті құралдар алу жоспарланған. Ал жұмыс барысымен танысқан маслихат өкілдері әзірге ешқандай олқылық байқамадық,-деп отыр. 28-ші мектепте 1 119 бала, 2 ауысыммен оқып, білім алады. Оқушыларға бар жағдайды жасау үшін, мектеп жыл сайын күрделі жөндеуден өтіп, қажетті құралдарын сатып алып тұрады дейді мектеп басшысы. Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Бүгінде білім күніне орай, барлық жерде дайындық қызу. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары уақытылы аяқталуы тиіс. Комиссия мүшелері жауапты тұлғаларға осыны шегелеп тұрып тапсырды.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Комментарии •