«БЕУ!» Заманауи музыка жүлдесі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 3 июл 2024
  • 00:00 «БЕУ!» Заманауи музыка жүлдесі
    03:10 Қазыбек Құрайыш - «Таптым-ау сені»
    11:36 Kyle Ruh - «Күзгі бақ»
    20:30 Hey Monro - «Өмір»
    30:48 «Alpha» тобы - «Dofamin»
    34:17 «Alpha» тобы - «Ostin ba?»
    44:42 Qarakesek - «Қураған гүл»
    51:18 Kalifarniya - «Qar»
    54:55 Kalifarniya, Qanay - «Ритм-Такт»
    58:13 Qanay - «Mynmen»
    1:05:36 ARO - «S.Ó.Seni»
    1:13:32 Taspay - «Оралма, қашқын»
    1:17:23 Taspay, Yenlik - «Әкел-әкел»
    1:19:45 Yenlik - «Бір кем дүние»
    1:25:26 Sadraddin - «Ант»
    1:28:23 Sadraddin - «Түн»
    1:35:19 RaiM - «Жаным-ау, сен»
    1:39:25 RaiM - «Дем»
    1:49:41 «Ирина Кайратовна» тобы - «5000»
    1:55:27 «Ирина Кайратовна» тобы - «Көк ту»
    #БЕУ #музыка #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
    Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbwf240Mzg6
    Қазақстан - qazaqstan.tv/
    Facebook - / qazaqstantv
    VK - qazaqstan_tv
    Twitter - / qazaqstantv
    Instagram - / qazaqstantv
    Telegram - t.me/+epGbOLbwf240Mzg6
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    qazaqstan.tv/app
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 442

  • @QazaqstanTV
    @QazaqstanTV  Год назад +48

    00:00 «БЕУ!» Заманауи музыка жүлдесі
    03:10 Қазыбек Құрайыш - «Таптым-ау сені»
    11:36 Kyle Ruh - «Күзгі бақ»
    20:30 Hey Monro - «Өмір»
    30:48 «Alpha» тобы - «Dofamin»
    34:17 «Alpha» тобы - «Ostin ba?»
    44:42 Qarakesek - «Қураған гүл»
    51:18 Kalifarniya - «Qar»
    54:55 Kalifarniya, Qanay - «Ритм-Такт»
    58:13 Qanay - «Mynmen»
    1:05:36 ARO - «S.Ó.Seni»
    1:13:32 Taspay - «Оралма, қашқын»
    1:17:23 Taspay, Yenlik - «Әкел-әкел»
    1:19:45 Yenlik - «Бір кем дүние»
    1:25:26 Sadraddin - «Ант»
    1:28:23 Sadraddin - «Түн»
    1:35:19 RaiM - «Жаным-ау, сен»
    1:39:25 RaiM - «Дем»
    1:49:41 «Ирина Кайратовна» тобы - «5000»
    1:55:27 «Ирина Кайратовна» тобы - «Көк ту»

    • @luckyserga4685
      @luckyserga4685 Год назад +3

      Қандай контраст!!! Жаңа дем, таза ауа!!!! Той әншілерін шақырмағандарыңыз үшін үлкен рахмет! Қазақтың жаңа әншілері тек қана алға!!!!

    • @kuradushma4300
      @kuradushma4300 Год назад +3

      "Сыбырлайын" деген әнді орындайтын әнші қыз, Ильхан Ихсанов "Неге маған арман", Будь моим нарядом Кенжебек Нұрдолдай, Акха Инсомния, Мирас Жүгінісов Зымыран, Найнти Уан қайда?

    • @gulnurzhakypbaeva5208
      @gulnurzhakypbaeva5208 Год назад

      Неге естимей калдым? Миндетти турде барып коруши едим, 😍😍😍😍😍👍👍👍👍👍

    • @Dimaw-zh7po
      @Dimaw-zh7po Год назад

      91 кайдааа😮😮

    • @user-ns3jm7pq6l
      @user-ns3jm7pq6l Год назад

      Қандай керемет жастар бірінен-бірі асып түсіп жатыр, өнерге деген пейілдеріңнен айналдым, жарайсыңдар!!!

  • @gulhanseri8269
    @gulhanseri8269 Год назад +13

    Жаным Альфа ❤️❤️❤️ Дауыстары бір ғажайып өте талантты әсіресе харизмалары мықты ❤️❤️❤️😘😘😘Альфа фанаттарынан лайк💋💋💋

  • @user-kl8gx9cm5i
    @user-kl8gx9cm5i Год назад +85

    Жасым 40 та болсада, қазіргі жастардың әнін сүйіп тыңдаймын. Музыканы шын сүйсең жас ерекшелігінің және әнді алалаудың қажеті жоқ сияқты.Қазіргі заманғы әлемдік музыка ырғағынан қалмай, еліміздің ән өнерінің заманауи жанрына үлес қосып жүрген Жастарымызға мың Алғыс! Алға Жастар! Ең қуантатыны барлығы ана тіліміздегі қазақша әндер. Еліміздегі ана тілін білмейтін жастар әндерді тыңдап, жастардың ана тілін үйренуге, құрметтеуге деген ынталарын жоғарылатады деп ойлаймын. Сонымен қатар, алғаш рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық Арнаның "Беу" музыка бағдарламасы тамаша өтті. Ұлттық Арнаға, ұйымдастырушыларға үлкен Алғыс! Жоба жастарға үлкен жігер, мотивация береді деп есептеймін, ғұмырлы болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Еліміз жасасын! Болашағымыз жарқын болсын!

    • @user-kx4vb4wy4e
      @user-kx4vb4wy4e Год назад +4

      әмин!!! рас орынды айттыңыз...қандай өнерлі жас балалар ...Жаңа леп келе жатыр...өркендері өссін!!! өзіме жылдың соңында жарқ еткен жаңалық болды...жыл бойы мән бермегенмін ғой🤨🙈...кавер шоу, қызық премиядан кейін таныған жас буын болды!!! енді күнде ютубтан тек осы әндерді тыңдап жүрмін .... 👌🏼👍👍😘💐💐💐💐💐 Раймнан кейін шыққан осы жас балалар... қандай тамаша!!!! хит әндерің көөөп болсын!!!! 👏👏👏👏😘👌🏼🙌

    • @user-gs8rz1ry1p
      @user-gs8rz1ry1p Год назад +5

      40 болса дейсізба, менікі 46 болсада сүйіп,билеп тыңдаймын😀

    • @user-fz7pn8ds2i
      @user-fz7pn8ds2i Год назад +4

      Мен 44-темін, той әншілерінен ғөрі осындай әндер мен әншілер ұнайды

    • @lyudmilasan7050
      @lyudmilasan7050 Год назад +4

      74 !!! )) Мактанып корем! )) ТАЛАНТТЫ балапандарым гой ! Тил козден сактасын! Тек саттилик!

  • @sabinabigdataanalyst400
    @sabinabigdataanalyst400 Год назад +18

    I dont know any others except ALPHA, only they did a true perfomance in this award show. Congrats my boys!

  • @farizabotakaraeva4623
    @farizabotakaraeva4623 Год назад +40

    Заманауи әндерге көңіл бөліп, жастарды жігерлендіріп, әлемдік деңгейге талпынуға күш беретін "Беу" жобасының қадамы құтты болсын! 🥳🥳🥳✊✊✊ Алға, Қазақ елі! Алға, Қазақ жастары! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿♥♥♥

  • @kerim_zat
    @kerim_zat Год назад +186

    Басқа-басқа, QARAKESEK шыққанына қуандық. Жүрек қой, жүрек! Жалпы жастарға мүмкіндік беріп, сахнаға шығарып жатқандарыңызға рахмет🙌🏻

  • @user-uv7nt8ms1d
    @user-uv7nt8ms1d Год назад +49

    Осындай марапат заманауи әндерді қолдау неге жоқ деп жур едім. Бәрекелді жарадыңдар. Керемет өтті. Жасым 46 ға келседе осы жастардың өлеңін тыңдаймын. Садраддин , Райм, Калифарния қандай тыңдайтын әсерлі әндер. Қанай , Еңлік , Қаракесек керемет. Бізде заманмен бірге жылжып жаңа ән тыңдағымыз келеді. Әрине улкендерді , замандас әншілерді сыйлаймыз жақсы көреміз. Бірақ жалығасың өзгеше ән тыңдағын келеді. Және кавер деп жатыр ғой соны қолдаймын өйткені қазіргі жастар ескі әнді жаңғыртып ары карай сол әнге жаңа дем береді. Мысалы Қанай Бозторғайды айтканда сондай ән бар екенін умытып бара жатқанмын.Әнді естіп сондай бір жақсы әсер алдым. Рақмет. Жастарды қолдайық. Тек кане алға.!!!!🖐👍

  • @user-fz7pn8ds2i
    @user-fz7pn8ds2i Год назад +20

    Өте тамаша концерт, арнаға, рахмет. Бұрын золотой грамофон, музтвны қарап отыратын едік, жақсы болған екен. Әншілерді таңдаған адамға рахмет, сапаға қадам жасалған екен.

  • @user-by6np7bb3w
    @user-by6np7bb3w Год назад +35

    Raim сөзіде әніде орындаушысы да өзі , жарайсың , эстарададағы әр әншінің тыңдарманы бар 👍🏻☺️😍

  • @altinbekshamshetov7458
    @altinbekshamshetov7458 Год назад +8

    Ең мықтысы мен үшін Qarakesek.Өте қарапайым өнерлі жігіт.Басқалар сияқты қуып кетпейді 😃😃😃.
    Келісетіндер болса 👍👍👍

  • @user-zv2bi2gz4g
    @user-zv2bi2gz4g Год назад +20

    Қаракесек керемет👍

  • @user-gm8xu2we1b
    @user-gm8xu2we1b Год назад +35

    Ирина Кайратовна, Raim, Қазыбек Құрайыш🏆🏅Жігіттер отсыңдар🔥🔥🔥

  • @user-fl1dw3qw4c
    @user-fl1dw3qw4c Год назад +36

    Райм бауырыма тек алға, жаксы хиттары бар әнши, молодец

  • @nazerkemyrzazhan456
    @nazerkemyrzazhan456 Год назад +37

    Қазыбек молодец всегда жанды дауыста айтады,даусы да өте таза естіледі😍😍😍Ғашықпын даусыңа💔💔💔

  • @user-qk3xx5jg8t
    @user-qk3xx5jg8t Год назад +18

    Қанайдыңдың даусы ұнайды,әдемі айтады👍

  • @un9884
    @un9884 Год назад +18

    Лучшая группа - Ninety one!

  • @anonanon2678
    @anonanon2678 Год назад +79

    Кто бы, что бы не говорил, Альфа вполне заслужили эту награду. Их популярность растет не только в Казахстане, но и за рубежом. Да, не так быстро, но очень даже стабильно. У каждого участника есть своя изюминка и каждый дополняет друг-друга. Парни большие трудоголики, сами пишут лирику. И конечно же, огромная благодарность к Гаухартас и Маке🙏 спасибо что не дали пропадать таким талантам✨
    haters gonna hate players gonna play, алға alpha❤️

    • @qubyjyqqun
      @qubyjyqqun Год назад +1

      RAQMET ALPHA ALĞA ALPHA😊👍🏼

  • @beautiful1787
    @beautiful1787 Год назад +40

    біздің қазіргі эстрада әндерінің сөздерінің мағынасы керемет екендігі және таланттыларымыздың көбеюі қатты қуантады 💯🔥🙏👍👏🏻❤

  • @Kwrabers
    @Kwrabers Год назад +24

    Қазақстан телеарнасына көп рахмет. Сахна, ұйымдастырылуы, жүргізушілердің киім, сөйлеу стилі барлығы өте күштііі🎉🎉🎉

  • @happymoment3736
    @happymoment3736 Год назад +57

    Альфа үшін өте қуаныштым жеңістеріңіз құтты болсын. Сәттілік тілеймін. Сіздерді әрқашан қолдаймын♡

  • @asselsapargali1852
    @asselsapargali1852 Год назад +36

    Осындай марапаттау неге жоқ деп жүрген едім👍

  • @ziyash_kelamankizi
    @ziyash_kelamankizi Год назад +14

    Казыбек Құрайщ деген әнші қатты ұнады. Дауысы да орындау шеберлігі де мықты екен. Ән иесін тауыпты.

  • @sadraddinfan2004
    @sadraddinfan2004 Год назад +5

    Sadraddin,Irina Kairatovna,Alpha,Raim,Yenlik,Taspay лучшие из лучших❤😮‍💨🔥

  • @sanzharmekebaev2370
    @sanzharmekebaev2370 Год назад +20

    Qarakesek қураған гүл трэгінде 22 миллион қаралым

  • @user-ss5rp3ds4f
    @user-ss5rp3ds4f Год назад +2

    Райм мен Калифарния керемет орындау! Өнерлерің өрлей берсін!

  • @badboyy1
    @badboyy1 Год назад +32

    Қаракесек ✊✊✊✊

  • @user-gr2ff8fk6k
    @user-gr2ff8fk6k Год назад +8

    Садраддиннің әндері хит қой жаным сол 🫶

  • @user-sc8tm4qk4g
    @user-sc8tm4qk4g Год назад +9

    Калифарния барлық жағынан топ, қалғандарына ерекшелік керек

  • @aitbaevaako
    @aitbaevaako Год назад +65

    Альфа жандарыым сол 😭😭
    Жеңістері құтты болсын !! әрқашан осылай биіктерден көрініп,алар асулары көп болсын 🤍 Болашақта үлкен шығармашылық табыстар тілеймін. Альфафандар әрқашан бірге, Альфа талмайды, Альфа алға ❤️‍🩹❤️‍🩹❤️‍🩹

  • @user-jx7qk8ig2r
    @user-jx7qk8ig2r Год назад +5

    ИК как всегда необычное выступленте 👍

  • @user-oj4nu7dd4b
    @user-oj4nu7dd4b Год назад +15

    Қаракесек 👍

  • @sandirabegaidar9788
    @sandirabegaidar9788 Год назад +29

    Райм достойный🎉 молодец. Трудяга заслужил

  • @kazakh_kyzy
    @kazakh_kyzy Год назад +9

    Қаракесек ең шынайы

  • @tansholpankuandyk4944
    @tansholpankuandyk4944 Год назад +10

    QARAKESEK шыққанына қуаныштымын ❤❤❤

  • @user-zo1ye8cs9y
    @user-zo1ye8cs9y Год назад +1

    Жастардын бәріне ризамыз🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰жарайсыздар. Керемет

  • @madinakaribaeva9160
    @madinakaribaeva9160 Год назад +1

    Райм керемет әнші , тыңдай берем әндерін 👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-qq5is8br2c
    @user-qq5is8br2c Год назад +7

    Садраддин бауырым молодец. Тек алға . Нұрғиса ағаң

  • @imanbekseilbekov7812
    @imanbekseilbekov7812 Год назад +12

    ИК, Казыбек Курайыш жанды дауыс😍👍

  • @cinderella6404
    @cinderella6404 Год назад +4

    Раймның әндері бәрі хит қой🔥🔥🔥

  • @medinakhassen5760
    @medinakhassen5760 Год назад +2

    Қазақстан ұлттық РТРК - сына және "Беу" заманауи музыка жүлдесінің ұйымдастырушыларына мың алғыс осындай керемет жүлдесі үшін. Жастарды елеп, олардың шығармашылығын бағалап, шыңдап, қолдап жүре беріңіздер.
    Барлық заманауи жұлдыздар өз жүлделеріне әбден лайықты.
    Алдиктің айтқаны өте орынды болды. "Өсіретінде, өшіретінде халық"
    ИК - ның Көк ту әні заманауи жастардың әнұраны дер едім🇰🇿🇰🇿
    Қазыбек Құрайыштың даусы құлаққа майдай жағымды🫠
    ARO - ның даусына тіптен сөзім жоқ. Ән айту стилі ерекше, талантты әнші.
    Мирастың Уақыт әні өте керемет, сөздерінің мағынасы өте терең түсіне білген адамға💯
    Ұсыныс: Әншілер ән айтқанда артқы жақтағы экраннан клипі көрсетіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын өз басым.

  • @user-lk2ek2eq8l
    @user-lk2ek2eq8l Год назад +15

    Жүргізуші Айгерімнің сөз байлығы өте бай, керемет жүргізеді, сондай тамсанамын қарап отырып. Құлақтың құрышы қанады. Алға Айгера!!!💐 сіз маған ұнайсыз ❤️

  • @sapurabekhozha4357
    @sapurabekhozha4357 Год назад +4

    Қазыбек,Калифарния,Садраддин,Қанай,Қаракесек, Райым бәрі мықты әншілер,өз бағыт бағдарлары бар,орындау шеберліктері өзгеше!!

  • @mikasergazyqyzy
    @mikasergazyqyzy Год назад +24

    Беу концерті күшті өтіпті, бастан аяқ қарап шықтым🥰

  • @nurislambaidullayev5655
    @nurislambaidullayev5655 Год назад +5

    Міне мықты мықты жастар көріп көңілің қуанады . Жастар абыройымен жүрсе біздің елге баруды өзге ел адамдары армандар еді .

  • @makhabbataly1292
    @makhabbataly1292 Год назад +36

    Биылғы жылдың ең үздік әні “Қураған гүл “жүлде Омардыкі шығар. Жастар жаңа жақсы леппен келіп жатыр дауыстары өте керемет. Бұрынғы поколение-ні ысырып жатыр😂

    • @user-xr8hb3bp5o
      @user-xr8hb3bp5o 8 месяцев назад

      Ия, жаңа топ өте әсерлі орындауда

  • @aidaabil8651
    @aidaabil8651 Год назад +17

    Райм корип куанып калдым ❤️🫶🏻

  • @Dinara_1983
    @Dinara_1983 Год назад +4

    Уақыт пен ант әні лайықты еді номинацияға.

    • @user-gi5el1mo6h
      @user-gi5el1mo6h Год назад

      Уақыт Боовще супер, лайықты еді

  • @user-vt4sl7my2w
    @user-vt4sl7my2w Год назад +5

    Мына жерде тек жастарға арналған номинациялар ма ден калдым. Мықты Мықты әншілерден бірәзі жоққо сол өкінішті.

  • @lunayestemes7437
    @lunayestemes7437 Год назад +14

    91 тобын күткен едім😏

  • @japox5471
    @japox5471 Год назад +3

    Qarakesek тек алға буданда биіктерден көрейік топ ✊

  • @Tsb5902
    @Tsb5902 Год назад +1

    Керемет музыка кеші.Қазағымның музыка сүйер заманауи музыкасын әлемге танытып жүрген жастарымыз жасай берсін.Тамаша👍👍👍👍👏👏👏👏👏👏👏🔥👍👍👍👍

  • @Dushenka299
    @Dushenka299 Год назад +10

    Qarakesek , Калифарния ❤❤

  • @TeoLOGIC19
    @TeoLOGIC19 Год назад +23

    дұрыс болған екен , қазақтар музыка киномен өңерімен әлемді алады

    • @user-fv2md1ly4h
      @user-fv2md1ly4h Год назад

      Өңер деген не?

    • @gani_sariuly
      @gani_sariuly Год назад

      @@user-fv2md1ly4h Өнер дегені шығар-ау

  • @zaurakaishybekova2266
    @zaurakaishybekova2266 Год назад +10

    Калифорния супер❤,Қаракесекте наминацияға лайық еді неге бағаланбады екен😢,ИК ❤,Қаракесек үшін мұңайып қалдым бір наминация берсе болар еді ғой😞сондай талантты жастар бағаланса екен 💐

  • @gaukharzh5365
    @gaukharzh5365 Год назад +2

    Hey Monro 🎉 әні мен сөзін өзі жазған екен😻 талант👍🏻

  • @user-gk9dg6rk3t
    @user-gk9dg6rk3t Год назад +5

    Өте керемет жоба екен 👏 Қазақ тілі, өзіміздің тіліміз құлаққа майдай жақты 👏✊

  • @user-rm6qn7ie1h
    @user-rm6qn7ie1h Год назад +3

    Каракесек, Канай, Калифарния топ⭐, от🔥

  • @ashoouash6976
    @ashoouash6976 Год назад +8

    Керемет бастама бырак неге керемет концерт жасап Астананы шайкап тастау керек гой адам аз тынштык болады осы деген сияктты селкос жасалынган!

  • @moonsoul147
    @moonsoul147 6 месяцев назад

    Жастар! Еліміздің болашағы! Қандай КҮШТІСІҢДЕР! ТАЛАНТТЫ! ЗАМАНАУИ! ЗАМАНАУИ бола тұра ҚАЗАҚИЛЫҚТЫ сақтап қалған жастар, мен сендерді ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! Керемет концерт! Жоғары деңгей! Отсыңдар ғой, шіркін! 🔥👍

  • @user-rm6qn7ie1h
    @user-rm6qn7ie1h Год назад +2

    Керемет, сапалы улттык дуние, керемет жастарга колдау, керемет жургизу, керемет куантатын казакша андер, браво!!! Жургизушилери де жалындаган жастар, оте дурыс тандалган, айтпесе осындай ис-шараларды жургизуге жастарга орын жок, унеми жургизуге кабилети жок оразымбетова, садуакасова, ыржандаган шоумендерден жалыктык, шаршадык, жарайсын улттык арна!!!

  • @amangulbold4211
    @amangulbold4211 Год назад +5

    Осындай марапатты жүргізу -Марат пен Еркебуланның тізгініне беру керек деп ойлаймын, 10000 пайыз өз деңгейінде кеш өткізілетін еді, Нағыз майталмандар!!!! Жеке пікірім…

  • @ilekshistygarayeva3514
    @ilekshistygarayeva3514 Год назад +15

    Қазақ елінің жастары жасай берсін,өнер жолындағы жұлдыздарың жарқырап жана берсін әрқашанда! Досым ағаларыңдай қадірлі үлкен азамат болыңдар!

  • @user-gr2ff8fk6k
    @user-gr2ff8fk6k Год назад +5

    Садр алу керек еді ❤

  • @SeBeK-west
    @SeBeK-west Год назад +21

    Qarakesek, Raim, Sadr, Kalefarnia топ ко

  • @user-iw5so8iq5k
    @user-iw5so8iq5k Год назад +5

    Куаныштымын керек осындай жулде жастарга. Каншама таланты жастар бар. Калифарния жарайсын Райм супер. Бурын шет елдин андерин тындайтынмын ал казир мойындау керек озимиздин жастардын анин тындаймын стильдери ерекше.

  • @user-gi5el1mo6h
    @user-gi5el1mo6h Год назад +6

    Қанай, Садраддин,Райм, Қаракесек, Тұрар, Құрайыш, Калифарния, өте мықты, өнерлеріңді, еңбектеріңді бұлар бағаламасада халық бағалайды. Бірақ жанды дауыста айтсаңыздар, эмоция керемет болар еді

  • @woojoodaesta
    @woojoodaesta Год назад +5

    ирина кайратовна так поддерживают и болеют за alpha 🤩

  • @user-yi4li3sd6l
    @user-yi4li3sd6l Год назад +12

    Өте керемет, жоғары деңгейдегі концерт

  • @muratishanbaev1858
    @muratishanbaev1858 Год назад +1

    Казак әндері денгейі өсеберсін👍

  • @user-ek4qu9gp3s
    @user-ek4qu9gp3s Год назад +10

    Бәрі керемет, енді әнді сахналарда жанды дауыста айтса

  • @sapurabekhozha4357
    @sapurabekhozha4357 Год назад +1

    Қазыбектің шығып,орындауы керемет болды,сөз жоқ!!

  • @dan4o_sab315
    @dan4o_sab315 Год назад +1

    Ұлттық арнаға рахмет, біздін жастарды қолдап, музыканың дамуына үлес қосқанына, казірге жастар өте талантты ғой

  • @user-ed8dt8ng7p
    @user-ed8dt8ng7p Год назад +4

    Райм еркек👍👍👍

  • @user-cn7ro7kz1j
    @user-cn7ro7kz1j Год назад +2

    Керемет! Жастарды, заманауи әндерді қолдайтын дұрыс жоба екен. Тоқтап қалмау керек. Жылда ұйымдастыру керек. Бізде осындай жобалар аз.

  • @aikon1991
    @aikon1991 Год назад +7

    Калифарния👍👏👏👏 🔥💐

  • @aknurspanova2820
    @aknurspanova2820 Год назад +2

    Қазақ музыкасы алға!!!! Бәрекелді!!!!!❤❤❤❤

  • @user-cv3nt3gf6j
    @user-cv3nt3gf6j Год назад +1

    Менде 40тан асқан адамнын , шыны керек жастардың әнін көп тыңдамаймын! Бір қуанарлық жастардың өз музыкасын тауып жатқаны! Кезімізде дискотекада, Европаның, Ресейдің, Түріктін музыкасына билейтінбіз! Сонда ойлайтынмын қашан өзіміздің музыкаға билейміз деп. Шүкір осы күнде туды! Керемет бастама!

  • @user-nz3nh1li7m
    @user-nz3nh1li7m Год назад +6

    Қаракесек❤

  • @user-ib4mt8ie8u
    @user-ib4mt8ie8u Год назад +1

    Керемет жоба! Әр әншінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ароның әні керемет болды!

  • @user-ti4iy8ew6u
    @user-ti4iy8ew6u Год назад +3

    Каракесек 👍👍👍👍

  • @aszhan5360
    @aszhan5360 Год назад +10

    Жүргізушілер әдемі және талантты 👍

  • @aidossydykov4253
    @aidossydykov4253 Год назад +4

    Qazaqstan arnasy 🔥🔥🔥

  • @user-ig5bx7xp2s
    @user-ig5bx7xp2s Год назад

    Мирас Жугунусов тың жоғы өкінішті олда өте талантты әншілердің бірі

  • @tiltigizbe
    @tiltigizbe Год назад +6

    KALIFARNIA Айырады скоро

  • @lyazzatkurama3579
    @lyazzatkurama3579 Год назад +3

    Дос-Мұқасан ұлтымыздың мақтанышы 💫💫💫❤‍🔥❤‍🔥❤‍🔥

    • @gani_sariuly
      @gani_sariuly Год назад

      Әрине, Дос-Мұқасан! Ол кісілердің орны бөлек қой

  • @bibigulturtbaeva3781
    @bibigulturtbaeva3781 Год назад +5

    Райм тек кана алга. Оте куаныштымыз сен ушин. Коп жумыс жасап жатырсын, жемисин коре бер. Садраддинде алганда кушти болар еди. Райм ушин куандым. Садраддинде алатын шыгар деп умиттенген едим. Ант ани лайыкты еди. Номинацияга илингеннин ози де женис деп ойлаймын. Саттилик тилеймин еки жигитке. Екеуй бир ан шыгарса екен алда. Екеуйнен дует кутемиз.

  • @user-gi5el1mo6h
    @user-gi5el1mo6h Год назад +4

    Қанайдың Боздарғайың тыңдасам денем тітіркеніп, көзіме жас келеді.

  • @user-lw2qw1uk1z
    @user-lw2qw1uk1z Год назад +30

    Садраддин лайықты әнші, неге бір де жүлде жоқ

    • @AB-rz4bq
      @AB-rz4bq Год назад +1

      Келісемін

    • @user-fz7pn8ds2i
      @user-fz7pn8ds2i Год назад +1

      👍 мықты ғой жас болса да, "анттың" сөздерін айтсайшы

    • @car-ke1kg
      @car-ke1kg Год назад

      Керемет әнши, "АНТ" лайықты болған марапатқа

  • @user-fl1dw3qw4c
    @user-fl1dw3qw4c Год назад +7

    Аука деген анши жигит дауысы керемет екен...

  • @gulmereyshuakbaeva7411
    @gulmereyshuakbaeva7411 Год назад +3

    Айгерім қандай әдемі сөйлейді

  • @ramazanmakhambet5170
    @ramazanmakhambet5170 Год назад +1

    Ик-ның жігіттері номинацияға лайық бәріне)

  • @nurdau1et.e
    @nurdau1et.e Год назад +7

    Райммен мықты фит шығару керек мықты әншілермен🔥🎶

  • @aqmereyyyyy
    @aqmereyyyyy Год назад +2

    Барлығы өз нөмірлерін жақсы көрсетті, өлеңдерін жақсы айтты. Дайындалған ең бастысы. Бірақ жүргізушілер дайындықсыз шыққандай көрінді, өтпейтін әзілдер және бір бірінің сөздерін бөлу өте жиі кездесті. Ал қалғанының барлығы өте жақсы бірінші кез үшін👍🏻

  • @user-qk3xx5jg8t
    @user-qk3xx5jg8t Год назад +2

    Бәрінің әндері ұнайды👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-wu3cm6gk6l
    @user-wu3cm6gk6l Год назад +6

    Райм керемет 💥💥💥

  • @user-qh8hn3kg5s
    @user-qh8hn3kg5s Год назад +1

    Заманауи андермиз шетелден кем есес сол ушин Залатой Мекрафон кандай керемет сонда биз Даммимыз жастал Алтынды алуга умытылады Конкуренция коп болады

  • @user-td9ze1lb8j
    @user-td9ze1lb8j Год назад +3

    Райм жарайсың

  • @QAINAR11
    @QAINAR11 Год назад +4

    RAIM Qarakesek красавчик🔥

  • @user-im7zb5jx2w
    @user-im7zb5jx2w Год назад +3

    Керемет шара, қазақтың замануи ән өнері дамуда, оны қолдау орынды, ұнады. Тек Ирина Кайратовна НЕ ҮШІН АЛДЫ ҚАНШАМА НОМЕНАЦИЯДА? Мен түсінбедім, жалпы менің ғана емес бүкіл Қазақстанның ойы осы сияқты. Туымызды таптап киелі сахнада қор қылған әнді әспеттеп шығару ессіздік. Оның үстіне Ұлттық Арна қайда қарап отыр?! Ұлтты ұлағаттау, құрметтеу деген осыдан басталған ма? Сөзім жоқ!!!!

  • @user-bv4pg6gs4b
    @user-bv4pg6gs4b Год назад +2

    Ассалаумағалейкум!!! Жастар жылы биыл сезіліп жатқан секілді)))