Сібір жарасынан өлген малдарды әкеліп көметін жерді әкімдік азаматтарға қалай таратқан?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алматы облысындағы Қараой ауылдық округінің тұрғындары жерлерін рәсімдей алмай, әкімдік табалдырығын тоздыруда. Өйткені бұл маңға 65 жыл бұрын сібір жарасынан өлген малдар әкеліп көмілген деген ақпарат бар. Соның кесірінен ауыл азаматтары қаншама жылдан бері үй-жайларын не сата алмайды, не заңдастыра алмай отыр. Тақырыпты әріптесім Бауыржан Жақсымбет тарқатады.
    Қараой мен Нұрғиса Тілендиев ауылының мыңнан аса тұрғыны 2011 жылы мемлекеттен жер телімін жалға алып, келісімді ұзартып қана пайдаланып келген. Алайда биыл маусым айында әкімдік бұл жер сібір жарасының ошағы болуы мүмкін деп, халықтың жылжымайтын мүлкін заңдастырудан бас тартыпты. Ал халық тірнектеп жиған ақшамызға үй салып, қора тұрғыздық. Енді соның барлығы бекер болды ма, дейді.
    АЙНАШ ИМАНҒАЛИЕВА, Нұрғиса Тілендиев ауылының тұрғыны:
    - Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, қазір аяқталды, біраз адамда аяқталды. Жер телімінің уақыты аяқталды, біз жер телімін мемлекетке қайтарыңыздар деп айтама деп қорқамыз. Ал олай деп айтқан жағдайда, сол жерге салған үйлеріміз заңдастырылмаған. Оны біздер оценкаға бере алмаймыз. Сол негізінде мемлекет біздерге компенсация да бермейді.
    БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
    Талай жылдан бері тағдырын осы жермен байланыстырған тұрғындар, дәл мына үш қазықтың астында сібір жарасы көмілді дегенге сенбейді. Себебі, бұрын мұнда шаруашылықтардың мал өлекселерін көмген орын болған деп отыр. Ауасын жұтып, суын тұтынып жүрген жұртшылық бұл маңайда әлі бірде бір рет дерттің өзі тұрмақ белгілері де анықталмаған дейді.
    ДУЛАТ ШАЙМАРДАНҰЛЫ, ҚАРАОЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ}
    - Осы жерде скотомогильник дейміз ғой сол жер ғана болған бұрынғы уақытта. Осыған сүйеніп бұл кісілер сибирский язва осы жерде бар деп отыр. 35:42 Адамдардың бәрі осы жерде жүріп бүгінгі таңда ғана біліп отырмыз сібір жарасы анықталды дегенді. 65 жыл неге үкімет сонда қайда қараған?
    Ақпараттың анық-қанығын білу үшін ауданнан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Егер қоршаған ортаға қауіп болмас тұрғындардың жер телімін заңдастыруға рұқсат беретіндігін айтады, әкімдіктегілер.
    ҚАЙРАТ ОТАРБАЕВ, Қараой ауылдық округінің әкімі:
    - Жақын арада министерство здравоохраненияның хаттарының жауаптары келетін болса, бір шешімге келеді деп ойлаймыз бұл мәселені. Сол кезде ғана біз комиссияның шешімімен облыстық архитектураға ұсыныс білдіріп, егжей-тегжей жоспарынан алдырып тастауға мүмкіндігі бар.
    Ал Іле ауандық прокуратурасының мамандары болса, бұл іске байланысты қылмыстық істің жүріп жатқанын хабарлады. Осыған дейін Қараой ауылдық округін басқарған үш әкімге қатысты қылмыстық кодекстік 362 бабы және 371 бабы бойынша тергеу жүруде.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •