Жүрегімде бір мұң бар - Taraz Boys KTL 2019

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 дек 2024

Комментарии • 3

  • @ДаниялДаулетбаев-э8о

    1-ші адам
    Жүрегімде бір мұң бар,
    Айтылмаған мың сырлар.
    Арналатын бауырларға
    Шын көңілден бір жыр бар.
    Қимас-қиын сезім бар,
    Өздеріңе сөзім бар.
    Ойнаумен-күлуменен
    Өтіп кетті кезім бал
    Ия жігіттер өтіпті бәрі,
    Келмеске бүгін кетті,
    Балалық балғын таңы.
    Мұндайда еске түсер,
    Бауырлықтың заңы,
    Бәрімен қоштасуға
    Ауырып барад жаным.
    Кетеміз, мәңгі енді
    сағынып жүреміз біз,
    Сағынып құшатын,
    Бауырдың құшағын.
    Лицейде күндер менен қызық түндер, Сыйлаған сауығын.
    Абилер мен бауырлармен,
    Бірге өткен күн менен түн,
    Бәрі есте қалар,
    Көңілге сыйлап жалын.
    Аямай жүргені де,
    Оқушылар үшін барын,
    Еске алсам тағы бір рет,
    Қиналады мына жаным.
    Оқу мен тәрбиені
    Бізге берген салып жанын
    Ұстаздар бір болған,
    Беріпті бізге барын,
    Түсінбеппіз, ойламаппыз,
    Біздерге күліңіздер,
    Кешіп бәрін
    2-ші адам
    Жүрегімде бір мұң бар,
    Айтылмаған мың сырлар.
    Арналатын бауырларға
    Шын көңілден бір жыр бар.
    Қимас-қиын сезім бар,
    Өздеріңе сөзім бар.
    Ойнаумен-күлуменен
    Өтіп кетті кезім бал
    Уақыт өткенін сеземіз,
    Бірақ басқа кірмепті.
    Қалайша біздер мектеп бітіретін,
    Жасқа жеттік..
    Қалайша лицейменен қоштасып
    Кетеміз біз,
    Қалайша біз кетеміз,
    Кеше емес пе келгеніміз?!
    Бауырлар айтайықшы
    Үлкен алғыс,
    Қадірлеп осы жерді,
    Сүйетін біздер жанбыз.
    Кездер қайда,
    Бірге күлген, бірге жүрген,
    Жатақханада жататын,
    Алыс кетіп туған үйден.
    Біз келгенше қайтадан,
    Інілер өсіп қалар.
    Олар да біздер құсап,
    Бір күні от боп жанар.
    Қалады енді,
    Ұшамыз құстай болып,
    Қайтып келмейді,
    Осы бір қызық биік шақтар да.
    Қаншама осы жерді,
    Қимасақ та,
    Осы мекен қымбат екен,
    Әлемде бар заттан да.
    Рұқсат та берсе екен
    Сүйікті лицейіміз.
    Қонақ болып сіздерге,
    Келсек қой болашақта

    Жүрегімде бір мұң бар,
    Айтылмаған мың сырлар.
    Арналатын бауырларға
    Шын көңілден бір жыр бар.
    Қимас-қиын сезім бар,
    Өздеріңе сөзім бар.
    Ойнаумен-күлуменен
    Өтіп кетті кезім бал

  • @nursattalgat3604
    @nursattalgat3604 5 лет назад +1

    Keremet!

  • @english_with_naz8729
    @english_with_naz8729 5 лет назад

    вк ға салынызшыы күшті айтылғаан