Ашура күнгі ораза Ашура күні

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Ашура күні. Ашура күнгі ораза.
    Хижра жыл санауы бойынша Мұхаррам айы 1444-жылына аяқ басып отырмыз. Бұл ай мұсылмандардың Меккеден Мәдина шаһарына қоныс аударғанымен тарихта қалды. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «...Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айын оразамен өткіз. Шынында, бұл ай - Алланың айы. Бұл айда бір күн бар. Осы күні Алла Тағала кей қауымның тәубесін қабыл етіп қойған болса, кейбір қауымның таубесін осы айда қабыл етеді», - деген екен. Осы ретте Ашура күнінің тарихы жайлы.
    «Ашура» сөзі араб тілінде «ъашара» он санынан шыққан. Бұл күн мұхаррам айының оныншы күніне сай келгендіктен «Ашура», яғни, оныншы күн деген атау берілген. Ашура күнін қасиет тұту сонау жәһили (надандық) дәуірінен бастау алады.
    Ислам келмей тұрғанда да арабтар осы күні ораза ұстайтын, осы күні Кағбаның жабуын ауыстыратын болған. Бұған Айша анамыздың (р.а.) мына сөзі дәлел: «Исламнан бұрын Құрайыш арабтары Ашура күні ораза ұстайтын. Пайғамбарымыз да сол кездері ораза ұстайтын еді. Ол (с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғанда өзгелерге де осы күні ораза ұстауды әмір етті. Кейінірек Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін, Ашура күні ораза ұстамайтын болды. Бұдан соң осы күні қалағаны ораза ұстады, қаламағаны ұстамады».
    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына хижрет еткеннен кейін, қаланың байырғы тұрғындары болып табылатын Яхуди дінін ұстанатындардың да Ашура күні ораза ұстайтынын көреді. Мұның себебін сұрағанда: «Бұл күні Мұса пайғамбар және Исраил қауымы Перғауынның құлдығынан құтылып, Перғауын және оның ізбасарлары суға тұншықты. Осылайша перғауынның құлдығынан құтқарған Аллаға шүкір етіп, Мұса пайғамбар ораза ұстаған», - деген жауап алады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Біз Мұса пайғамбарға сендерден де жақынырақпыз», - деп, сол күні ораза ұстауды мұсылмандарға кеңес етеді.
    Бұл күнді Яһудилер «мейрам» ретінде көргенімен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол күні тек ораза ұстауды бұйырды. Сондықтан мұсылмандар ашураны мейрам ретінде санамайды, керісінше ауыз бекіткенді жөн көреді. Пайғамбарымыз болса бізге: «Сендер ауыздарыңды бекітіңдер!» деді».
    Әзіреті Алиден (р.а.) келген бір хадисте, бір кісі Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа Расулалла! Рамазан айынан кейін, қай айда ораза ұстауыма кеңес етесіз», - деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айында ораза ұста! Шынында, бұл ай - Алланың айы. Бұл айда бір күн бар, сол күні Алла Тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді»,- деді. Сахаба Акрама (р.а.) мен Әзірет Алидің (р.а.) айтуларына қарағанда, Адам атамыздың да, Юнус пайғамбардың да тәубесі қабыл етілген, кешірім етілген күн - осы Ашура күні.
    Ендеше, осы күні «тәубе» намазын оқып, өткен-кеткен, пендешілікпен біліп істеген, білмей істеген күнәларымыз үшін арнайы кешірім тілегеніміз жөн болады. Әрине, бұл дегеніміз басқа күндері кешірім тілемеу керек, тәубе жасалынбайды деген сөз емес. Дегенмен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, осы күнде, күнәнің кешірілу ерекшелігі бар. Сол себептен істеген күнәсіне іштей өкініп, енді қайталамауға бекініп, тәубе етсе тәубесі қабыл болады.
    Сондай-ақ, жоғарыда хадисте айтылып өткендей, Осы күні Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен оған ерген Исраил қауымын перғауынның зұлымдығынан құтқарған күні. Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Ашура күнгі ораза жайында сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): «Өткен жылдағы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі», - деп жауап берген.
    Сондай-ақ, Сахаба Абдулла ибн Аббастан (р.а.) осы күні ұсталатын ораза жайында сұрағанда: «Пайғамбарымыз осы күнгі нәпіл оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық санайтын...», - деп жауап берген.
    Ашура күні ораза ұстау - сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы күні ораза ұстайтын. Тіпті, Рамазан оразасы парыз болмай тұрғанда, Ашура күні ораза ұстау уәжіп болған деседі ғалымдарымыз. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін Ашура күнгі ораза сүннет боп қалады. Яғни, сауап үшін істелетін амал.Сахабалар да осы күні ораза ұстаған.Амр ибн Ас (р.а.) бір сөзінде: «Ашура күні ораза ұстаған бір жыл бойы ораза ұстағанмен тең, осы күні садақа берген кісі бір жыл садақа бергенмен тең болады», - дегендігі риуаят етіледі. Алайда, «осы күні ораза ұстасам бір жылға жеткілікті, садақа берсе бір жыл бойы садақа бермесем болады» деген ой қалыптаспау керек. Мұндағы мақсат, осы күні ұсталған ораза, оқылған намаз, берілген садақаның сауабының үлкендігін білдіру мақсатында.
    Мұхаррам айының тоғызы, оны және он бірі күндерін оразамен өткізу сауапты (бұл күндер биыл 2022 жылы тамыз айының 7, 8 және 9 күніне сай келеді. Ашура күні 8-тамызға сай келеді). Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Егер келесі Ашура күніне дейін аман болсам, Ашура күнінен өзге оның алдында бір күн, яғни, Мұхаррамның тоғызыншы күні де ораза ұстаймын», - деу арқылы Ашура күніне, тым болмағанда бір күн қосып ораза ұстаудың ұнамды іс екенін айтып кеткен. Сондықтан мүмкіндігі бар кісілер Тек Ашура күні ғана емес, бір күн алдын не бір күн кейін қосып ораза ұстағандары дұрыс болады.

Комментарии • 13

  • @АселяАсанбаева
    @АселяАсанбаева 2 года назад +1

    Нешіде ауыз жабылады 4.56 дама білгендер жазыб жіберіңдерші баршадан алла разы боп устаған оразаларыңызды қабыл етсін🤲🤲🤲

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Әр қаланың өз графигі бар.
      Таң намазы кірмей 15-20 минут бұрын жабыңыз.
      Гуглға поиска қалаңыздың намаз кестесін жазыңыз шығады.
      Соған қарап жабасыз ғой.

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Әмин,баршамызға қабыл болсын!

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Сіздікі де қабыл болсын!

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Қарағанды сағат 4 те жабады

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Ниетіңіз қабыл болсын!

  • @user-lv3je7tm6t
    @user-lv3je7tm6t 2 года назад +2

    Кестесі қалай?

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +2

      Қайырлы күн!
      7,8тамыз,немесе 8,9тамыз.осы қалаған екі күн ұстасаңыз болады

    • @simba_brand
      @simba_brand 2 года назад +2

      7,8,9 тамыз 2022 жыл осы үш күн ұстасаңыз болады.

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Таң намазына дейін 15-20 минут ерте тамақ ішуді тоқтатасыз. Ақшам намазында ашасыз.
      Намаз уақыты өз қалаңыздың уақытымен ұстайсыз.

    • @СымбатАбенова
      @СымбатАбенова  2 года назад +1

      Ашура күнінің оразасына ниет етуді ұмытпаңыз.

    • @simba_brand
      @simba_brand 2 года назад +1

      7 тамыз - 9 Мұххарам алдыңғы күн.
      8 тамыз - 10 Мұххарам ашура күні.
      9 тамыз - 11 Мұххарам
      Кейінгі күн.
      Ашура күні ұсталған оразаның сауабы жөнінде Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
      صِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ أَحْتَسِبُ عَلَى اللَّهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ
      «Ашура күні ораза ұстау арқылы Алла Тағала өткен жылдағы (кіші) күнәларды кешіруін үміт етемін», - деген (имам Муслим).
      Сахаба Абдулла ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) осы күні ұсталатын ораза жайында сұрағанда: «Пайғамбарымыз осы күнгі нәпіл оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық санайтын», - деп жауап берген.
      Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
      صُومُوا يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَخَالِفُوا الْيَهُودَ وَصُومُوا قَبْلَهُ يَوْمًا وَبَعْدَهُ يَوْمًا
      «Ашура күні ораза ұстаңдар. Яһудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», - деген (имам Ахмад).
      Ендеше, ашура оразасын ұстау - сүннет, ал одан алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту - мұстахап.
      Ханафи мазһабындағы атақты пәтуа еңбектерінің бірі болған «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта: «Ашура күнімен бірге оның алдындағы мұхаррам айының тоғызыншы күнін бірге тұту сүннет. Ал жалғыз ашура күні ораза тұту мәкрүһ», - делінген. Дегенмен, өзге мазһабтарда жалғыз ашура күні ғана ораза тұту мәкрүһ іске саналмайды. Ибн Хажар әл-Әсқалани өзінің «Фатхул-Бари» атты еңбегінде: «Ашура оразасы үш деңгейлі: ең азы сол күнді ғана ораза тұту, екіншісі оның алдындағы күнмен бірге қосып ораза тұту, ең көбі алдындағы және артындағы күндермен қосып үш күн ауыз бекіту»,