Абай облысынан сақ қолбасшысы жерленген қорым табылды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылы маңынан сақтар кезеңіне жататын қорым табылды. Өкінішке қарай, бұған дейін біреулер тонап үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».
    Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары қорымнан адамның шашылған сүйектері мен алтын әшекейлердің қалдығын тапты. Экспедиция мүшелерінің болжамынша, биіктігі 3, диаметрі 30 метрден асатын қорғанда ерте темір дәуірінде, яғни, шамамен 2700 жыл бұрын өмір сүрген сақ қолбасшысы жерленген болуы мүмкін. Ғани Омаровтың жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологиялық топ бұл маңнан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткішті анықтаған еді. Жас ғалымдардың пайымынша, сақ кезеңіне жататын қоныстың болуы да әбден мүмкін.
    «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
    Біздің сайт - 24.kz

Комментарии • 7

  • @newqan9686
    @newqan9686 2 года назад +2

    Қазақтар - түркі халқы, түркі тайпаларының бірлестігі. Кезінде Сақтар да, моңғолдар да өз ізін қалдырған, жерімізде. Ал қазір орыстар.

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 2 года назад

      Кезінде монғол деген халық болған жоқ !?.

    • @sbakytzhanov
      @sbakytzhanov Год назад

      Біз Түркітілдес ұлт Түркі емеспіз

  • @maxatkambarov4525
    @maxatkambarov4525 2 года назад

    Алтынды корип кисточкамен суртип жаткандай))))

  • @ЛевПопов-т3т
    @ЛевПопов-т3т 2 года назад

    Привет с Причерноморской степи Украины...