Қуандық тек Салтанатты ғана өлтірген жоқ, менің балаларымның әкесін де өлтірді, - Назым Қаһарман

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 май 2024
  • Дана адам өзгенің қателігінен сабақ алады, ақылды адам өз қателігінен сабақ алады, ақымақ адам өзгенің де, өзінің де қателігінен сабақ алмайды деген халық даналығы бар. Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған Бишімбаев ісі бізге нені үйретті? Қандай сабақ алдық, қандай ой түйдік? Бұл туралы Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваның Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманмен болған ашық сұқбаттан біле аласыздар.
    Сұхбат барысында Назым 14 жыл некеде болған Бишімбаевпен және ата-енесі арасындағы қарым-қатынасты, ажырасу мен оның салдарын, марқұм Салтанат Нүкенованың өлімінен кейінгі отбасы ішіндегі жағдайды айтып берді.
    Көріңіздер, ой қосыңыздар.
    Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
    Читайте нас и подписывайтесь:
    Сайт ulysmedia.kz
    Facebook: / samal.ibrayeva
    Telegram: t.me/ulysmediatg
    Instagram: @samal.live
    @ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
    @ulysmedia.kz
    Донаты для “Ulysmedia”:
    +77017932418
    Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
    Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
    Samal Ibrayeva Kazakhstan
    #Ulysmedia #бишимбаев #НазымҚаһарман #салтанатнукенова

Комментарии • 2,4 тыс.

  • @ulysmedia
    @ulysmedia  17 дней назад +115

    Тайм-кодтар:
    00:01 Анонс
    03:50 Қуандықпен 14 жыл отастыңыз. Алғаш үй болғанда, оны да мақтап, “Болашақпен” оқып келген, білімді, мәдениетті жігіт, бақытты отбасы боласыңдар” деп сіздерге де айтқан шығар?
    06:02 Назым, сіз қазақы тәрбиеде өскенмін деп айтып қалдыңыз. Ата-анаңыз Қызылордадан екен.
    07:52 Өкінесіз бе?
    10:45 9 қарашада (2023 жыл) БАҚ-та С.Нүкенованың өлімі туралы хабарлап жатты. Сол хабарды естігенде, қандай күйде болдыңыз? Сендіңіз бе?
    14:02 Сіз сол кезде Салтанаттың қиын жағдайда екенін білдіңіз бе?
    19:42 “Балаларым бір түнде есейіп кетті”
    21:02 “Абьюзер”: 14 жыл некеде болған Назымға ажырасу неге оңай болған жоқ?
    27:05 Қуандық Бишімбаев жұмыста және үйде қандай еді? Агрессия білінді ме?
    29:50 Бұл тәрбиенің болмауы ма, анасын тыңдайтын ба еді? Яғни, бала кезден сондай комплекстері бар ма?
    32:34 “Әйелін алдаған еркек әлемді де алдайды”
    39:02 “Мүліктің бәрі мамасының атына жаза беретін”
    43:01 Назым, Қуандық сізді де үнемі бақылауда ұстады ма? Жүрген-тұрғаныңызды қадағалап.
    44:58 Ажырасқан кезде сізге ештеңе берілмеді ме?
    48:06 Түрмеден кейін Бишімбаев қаншалықты өзгерді?
    55:25 “Мен телефонға Салтанатты түсірген жоқпын”: Есінен тану сәттері қашан алғаш рет байқалды?
    59:30 Әке Қуандық қандай? 9 қарашадан кейін балалардың әкесіне деген қарым-қатынасы қалай?
    01:10:40 Бақытжан жайлы не айтар едіңіз? Байжановқа жаны ашып жатқандар көп…
    01:24:30 Әлеуметтік желіде сіз жайлы “осы айтқандарын неге кезінде айтпады, ата-енесі туралы осылай айтуға ұялмай ма екен” деген пікірлер бар.
    01:28:23 Сонда мұны кім ұйымдастырды?
    01:34:00 Алдағы уақытта Назым Қаһарманның жоспары қандай?
    01:40:55 Қорытынды

    • @user-ju6ml7hi2t
      @user-ju6ml7hi2t 17 дней назад +8

      Казактардын бир жаксы өзгерис болғанын байкайдым: ешкым айтканжок, ой сен орысша сөйле, ондай казакша сөйлегеннен.

    • @user-is6vy7gm3b
      @user-is6vy7gm3b 17 дней назад +2

      Ю

    • @gorodok551
      @gorodok551 16 дней назад +6

      Назым ханым түріңіз бет әлпетіңіз Салтанатқа ұқсайды екен

    • @gorodok551
      @gorodok551 16 дней назад +6

      Назым сіз Салтанатқа көмектесуге тырыспадыңыз ба

    • @gorodok551
      @gorodok551 16 дней назад +2

      Қаһарман десе со Қаһарман әйел болыңыз

  • @nazerkebidassova7121
    @nazerkebidassova7121 18 дней назад +708

    Қазақша сөйлеп,өте дұрыс жасалды,жарайсыз

  • @user-ui2sd5ts9n
    @user-ui2sd5ts9n 18 дней назад +596

    Назым- супер! Осындай тамаша келіншекті ұстай алмған Бишенбаевтар -ақмақтар...

  • @user-rd2jd8zr3f
    @user-rd2jd8zr3f 17 дней назад +155

    Журналист қызым рахмет саған,жоғары дәрежеде сұхбат болды. Назым қызыма шындықты айытқаны үшін рахмет! Алла балаларыңның қызығын көріп бақытты болуыңды нәсіп етсін!

  • @user-oh9mf9ih7w
    @user-oh9mf9ih7w 16 дней назад +29

    Назым ханым өте сұлу өте ақылды жан екенсіз. Өз ана тіліңізде сұхбат бергеніңізге қатты қуандық. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, немере-шөбере сүйіңіз❤

  • @user-yp9yi3ux9t
    @user-yp9yi3ux9t 18 дней назад +492

    Назым- ханымға мыңда бір рақмет! Ашық айтып, жвнаршылық көрсетіп, олардан қорықпай айтқанына рақмет! Аман бол, балаларыңның рақатын көр❤

    • @user-or6zc3sw5p
      @user-or6zc3sw5p 12 дней назад

      Назым. Сен ің ажырап кеткенің қандай жақсы болған өмірің ұзақ,денің сау болсын көп рахмет. Аман бол

  • @user-wm2eg9xg8f
    @user-wm2eg9xg8f 17 дней назад +225

    Бұл қыз таза қазақы екен.Қазақ тілін қанша жетік білемін дегендердің өзі ойын бұлай таза жеткізе алмас еді.Назым ойларын ,пайымдауларын өте дәл,әлдекімдер сияқты ешбір өтірік көлгірсімей-ақ таза жеткізгенін риза болдық.Ата -анасына рахмет.Балаларының жақсы адамдар болып өсіп шығуын,Алла нәсіп етсін!

    • @bahitgul100
      @bahitgul100 15 дней назад +5

      Ол қазақ мектеп бітірген ғой.

    • @user-ko5zk7bu3f
      @user-ko5zk7bu3f 13 дней назад +2

      Дал осо кыздар катуу каргаган АЛЛА таразы акыры жазасын алсын турмодо олсун катынын каны тартып кетсин ООМИИН!!!!

    • @zinegulzhamantaeva6001
      @zinegulzhamantaeva6001 13 дней назад

      Ол не деген, - таза қазақы емес - деген, ия қазақ, болмаса қазақ емес ....

    • @user-or6zc3sw5p
      @user-or6zc3sw5p 12 дней назад

      Ондай адам министрден садаға кетсін, Алла жазасын берсін хайуан,ғой,жауыз ғои😂😂😂😂😂

  • @brutalitybenalish7521
    @brutalitybenalish7521 14 дней назад +25

    "Бақыт -кішкентай заттарда, ішкі дүниең тыныш болу керек "-деген Назымның сөзінде үлкен мағына жатыр. Әр сәттен бақыт көре білген, жаны таза Назымның сұхбатын көріп тамсанып, қызығып отырмын. Өте саналы, сауатты келіншек екен.
    Әттең... Салтанат та осындай ақылды қыз болды ау, сенгіш, жүрегі кең

  • @user-nr4hh7it9h
    @user-nr4hh7it9h 16 дней назад +49

    Мықты әйел екен, ешкімді тыңдамай, өз бақыты , жан тыныштығы үшін күресу керек

  • @user-jr4sv5om7q
    @user-jr4sv5om7q 17 дней назад +174

    Назым вызывает огромное уважение и искреннее восхищение! Она права- многие правила морали нашей казахской жизни требуют переосмысления.Феодальная мораль трещит по швам.

  • @nagimasarmurzina9374
    @nagimasarmurzina9374 18 дней назад +291

    Назым бала шағаңның жақсылығын көр! Денің сау, отбасың аман, қуанышты күндерің көп болсын!

  • @user-zl9tx5ek2k
    @user-zl9tx5ek2k 16 дней назад +80

    Ен биринши ,Назымнын казакша айтып тусиндирип жатканына коп рахмет !Аман болыныз !

  • @user-sk7bg1ly9w
    @user-sk7bg1ly9w 16 дней назад +71

    Назым,айналайын, сенің сұхбатыңды қазақ тілінде тыңдап өте риза болдым,уақытында алдап арбап ажырасып кеткенің қандай жақсы болған , балдарың аман болсын,өзіңе үлкен бақыт тілеймін ❤❤❤

  • @user-nr2nn4cx4j
    @user-nr2nn4cx4j 18 дней назад +572

    Назым өте ақылды әйел, болашағын болжай білген, ертерек құтылған, балаларын да аман сақтап отыр. Назым-балам бақытты бол

    • @user-nt7ui7oc7u
      @user-nt7ui7oc7u 18 дней назад +13

      Дұрыс айтып отыр.

    • @syrduu_syrdashym
      @syrduu_syrdashym 17 дней назад +9

      Салтанат да кетем десе коркуттугой видеого тартып алып ал да аран журген кудай сактасын ушундай эркектерден

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc 17 дней назад +12

      Салтанаттың құрбысы Аидаға жазғанында,мен бәріне дайын болуым керек,мен қорқамын, маған адвокат керек,менің март айында ағама жіберген фотомнан кейін,ол мені жалаңаштап интим-видеоға түсіріп алды,бұл менің, маған ,,алиби"- ретінде өзімді қорғауым үшін керек дегенін адвокаттары мен прокурор неге айтпады, бұл жауыз өзін ақтап алу үшін, барлық айла-сұмдықты алдын-ала ойластырып отырған,қандай айлалы қылмыскер,рецидивист зэк.

    • @aizhan27_
      @aizhan27_ 16 дней назад +2

      Қайдан білесіңдер бір рет шыққанда бірі жақсы боп тұрады

    • @syrduu_syrdashym
      @syrduu_syrdashym 16 дней назад +1

      @@AaaAaa-vj3fc жакшы жасалмасы жок экени корунуп эле турат

  • @user-xq3su3vh3b
    @user-xq3su3vh3b 18 дней назад +773

    Назым , жақсы ақылды әйел, уақытында ажырасқаны жақсы болыпты. Өз ана тілінде сөйлеуге тырысып отыр. Бақытты бол, балаларыңның қызығын көр.

    • @user-ct7so8sk7g
      @user-ct7so8sk7g 18 дней назад +26

      Келісемін. Респект.

    • @user-il9lk9qb8k
      @user-il9lk9qb8k 18 дней назад +33

      Қазақ тілі өз ана тілі сөйлеуге міндетті ғой, оған мақтау айтудың керегі жоқ. Барлығың қазақша сөйлеңдер шамаларың жетеді оған, өкіметтен қайыр жоқ әйтпесе…

    • @user-ni4hw6lk1g
      @user-ni4hw6lk1g 18 дней назад +25

      Рахмет Назым қызым алла қолдасын сізді. Бақытты ғұмыр кешіңіз.

    • @Susamreldin
      @Susamreldin 18 дней назад +15

      @@user-il9lk9qb8kдұрыс айтасыз! Жас емес, балалврына не үлгі? Ана тілінде сөйлеуге тырысқанымен, мына әңгімені тыңдау бір сұмдық болды😅әлгі бір әртіс бар еді , қазақша сөйлей алмайтындврды бұрмалап келеке жасайтын😮тура соның сөйлегені сияқты , маңырап отыр😮қазақша кітап оқыңдвр! Не сұмдық мынау? Болашақ не болады мына түрімен? Қай тілде 😮сөйлеп отыр Назым? Тіл байлығы түгілі, тілді бұрмаламап, келемеждеп отырған сияқты😮😮

    • @Svet831
      @Svet831 18 дней назад +27

      @@SusamreldinНеге осылай сөге саласыздар Әр адамның өз өмірі барғой . Ия, Назым қазақша сөйлегені бір түрлі Дегенмен ол. осы кездесуге келіп тұрғой , сөйлеп отырғой Көш бара- бара түзелер демейме. Бірақ ойы дұп - дұрыс , нағыз қазақ адамның ойы
      Жүргізуші бұл кісіге сіз балдарыңызды қазақылыққа тәрбиелейтін шығарсыз Қуандықта өзгенің тәрбиесі көбірек болдығой дегенде жақсы болар еді
      Назым өте ақылды екен сондықтан ол сол айтылған затты , берген уәдесіне тұратын еді
      Рахмет осы кездесуге келгеніне

  • @user-sn4hj4mq7r
    @user-sn4hj4mq7r 16 дней назад +13

    Назым,айналайын,1000жаса.Ак пейилиниз,акылынызга бас ием,жарыгым.Балаларынын кызыгын кор,бакытты бол балаларынмнн,аумин.апа,Тараздан.

  • @almysha.suleimenova
    @almysha.suleimenova 14 дней назад +5

    Назым қандай сұлу, ақылды. Ұлдарыңыздың, қызыңыздың қуанышын көріңіз. Әйел бахытын, ана бахытын тілеймін ❤❤❤

  • @izataiorozova5833
    @izataiorozova5833 17 дней назад +63

    Назым ото акылдуу, билимдуу, акылдуу, эстуу, корогоч аял экен, азаматсын синдим, балдарындын сый урматын, жакшылыктарын кор. Суйлогонун ото маныздуу экен. Акылдуу жан экенин билинип турат. А алып баруучу ото коп суйлойт экен, Назымдын созун болуп, жарып, оюн толук айтууга мумкундук бербеди.

    • @user-hp9rl1bs1r
      @user-hp9rl1bs1r 15 дней назад +2

      Тілші сөзін бөліп отқан жоқ, керісінше ойын еркін жеткізуге ықпал жасап отыр

  • @user-cm3uv8xr4i
    @user-cm3uv8xr4i 18 дней назад +55

    Назым үлкен алғыс сізге, өте керемет сұқбат болды.Қазақша өз ойыңызды керемет жеткіздіңіз.Балаларыңыздың қызығын көріп бақытты болыңыз!

  • @user-gd6mb9og5s
    @user-gd6mb9og5s 17 дней назад +21

    Назым, балаларға көп түсінік жасау керек болады. Өте қиын жағдай.

    • @valentinak1485
      @valentinak1485 13 дней назад

      Дети вырастут сами разберутся и никогда не бросят отца, чтоб с ним не случилось....конечно с такой мамой, которая будет поливать грязью его всю жизнь, может и не быть так....

  • @user-xl6yq9ed4z
    @user-xl6yq9ed4z 16 дней назад +71

    Куйендік биштің әйелден салымы бар екен.Назым қандай ақылды,дана сұлу жан!
    Бақытты болыңыз Назым ханым!!

  • @user-em3mp7ur4y
    @user-em3mp7ur4y 18 дней назад +515

    Салтанаттай арудың өмірін қиған Бишимбаевқа ең ауыр жаза тағайындалсын

    • @user-vj5lr3yk1p
      @user-vj5lr3yk1p 18 дней назад

      Назым мен Салтанат түрі 100% болмаса да 90% ұқсап тұр. Бишимбаевтың психологиялық ауру екені осыдан ақ байқалып тұр... Осының өзінен ақ көп нәрсені байқауға болады.

    • @user-pq5ke2df5y
      @user-pq5ke2df5y 18 дней назад +12

      Әумин

  • @dosika0706
    @dosika0706 17 дней назад +81

    Қандай ақылды Әрбір сұраққа тамаша жауап беріп отыр. Балалары аман болсын. Назымға мықты денсаулық тілеймін.

  • @user-xl6yq9ed4z
    @user-xl6yq9ed4z 16 дней назад +9

    Өте жақсы сұқбат берді ,Назым ханым,сізге әйел,ана бақытын !! тілейміз

  • @a.a8294
    @a.a8294 14 дней назад +6

    Везло ведь Бишу, находил красивых утонченых, правильно воспитанных девушек.Сколько надо было пережить, прогнуться и остаться в живых .Спасибо за прекрасное интервью .Семейка Адамсов во главе с матерью Тортиллой,видно какая еще та штучка .Рахмет еще раз дорогая Назым ❤❤

  • @user-sj5oe7lx5v
    @user-sj5oe7lx5v 18 дней назад +603

    Жаным Назым рахмет, аман бол, балаларыңның қызығын көр.Аналық тілегім.

    • @user-eu3no4ps1w
      @user-eu3no4ps1w 18 дней назад +16

      Назым жаным мың алғыс

    • @user-zs8tw2eo1t
      @user-zs8tw2eo1t 17 дней назад +12

      Өте жақсы сөйледі,өте тәрбиелі қыз екен бақытты бол

    • @user-hc1pj4ks5q
      @user-hc1pj4ks5q 17 дней назад +12

      Қандай ақылды әйел!Бақытты бол,айналайын!Балаларыңның қызығын көр!

    • @user-fk9hz1nl6o
      @user-fk9hz1nl6o 17 дней назад +5

      Назым казакшан жаксы екен

    • @user-eo8td7zv5p
      @user-eo8td7zv5p 16 дней назад +1

      Керемет оймен бөлісіп жатыр , қазақша шорқақ болса да , бәрің жеткізді .Жарайсын Назым 🙏🙏🙏Осындай 14жыл Өмірін өшіріп тастай алмайды ғой, бірақНазым қалай атсада Жүрегімен , өз басынан не өткенің естідік.Қазақ қыздарымен -қыз келіншектеріне Назым -Жүрегіндегі Үлкен айқаймен айтып жатыр.Қыздар осыны түсіініп Салтанат не үшін құрбан болды,соны ұмытпайық.Назым келешекте Бақытты болыңыз, Аман Есен , балашағаларыңыз Аман болсын.Сіздің қолқанатыңыз болсын🤲🤲🤲

  • @user-mm1wr5du2m
    @user-mm1wr5du2m 18 дней назад +459

    Назым саған балаларыңа Аллах жар болсын.Рахмет

    • @user-wx3ur3pu5f
      @user-wx3ur3pu5f 18 дней назад +9

      Назым балаларыңның тегін Қаһарман деп өзгертіңіз!!!!

    • @motiv_tm8375
      @motiv_tm8375 18 дней назад +2

      Палевно болады

  • @user-zl8me9jl4m
    @user-zl8me9jl4m 15 дней назад +15

    Салтанатпен Назымнын турлери оте уксайды екен. Назым оте акылды айел екен. Балаларынызбен бакытты болыныздар!!!

  • @user-fx8zh9jk7i
    @user-fx8zh9jk7i 16 дней назад +49

    Многие свекровки говорят: нас били мужья, а мы вот живем до сих пор вместе ! Мол, терпите и вы !
    Это неправильно !
    Надо прививать сыновьям , чтобы уважали женщин, жену, дочку , сестёр!
    Уважали родителей и пожилых людей !
    Это главное!

  • @gulmirakozhamsugirova6638
    @gulmirakozhamsugirova6638 17 дней назад +31

    Журналист кызыма жеке рахмет айтамын, болашакта да осындай шынайы сухбаттар, хабарлар когамга, казiргi жастарымызга тарбиелiк манi бар дуниелердi шыгарсаныз екен, казакшаныз оте таза,соз саптауыныз маган керемет унады ! Казактын сулулары бакытты болындар, аркашан Аллам колдасын, жуздерiн жарык болсын ❤❤❤

  • @Evetv690
    @Evetv690 18 дней назад +157

    Назым кызым, Рахмет саган.
    Балаларды сакта.
    Жаксы тарбие берип, сол балалардын кызыгын озин кор.
    Мына бишимбаевка, онын Ата анасына жуытпа. Озин, озинин маман, папан болса солармен биригип жеткизуине биз тилектеспиз.
    Бакытты бол 🙏

    • @user-sg2fe1fn4s
      @user-sg2fe1fn4s 14 дней назад +2

      Назым саган рахмет.яБаландарың аман болсын, солардың қызығын көр.

    • @user-sg2fe1fn4s
      @user-sg2fe1fn4s 14 дней назад +2

      Бұл өмір тағдыр ештеңе айтып кіналамаңдар ағайын.

  • @user-vk4ek8mo4w
    @user-vk4ek8mo4w 17 дней назад +25

    Просто Респект Назым ханым👍🏻 ойы, санасы, позициясы бари керемет. Акылды айел!

  • @user-zg8ni4or1d
    @user-zg8ni4or1d День назад

    Өте керемет биринши әйелі сунгі бар әйел екен және өзіде Салтанатка уксайды екен отбасына Алла амандык тілейміз

  • @user-fi8js4qs2k
    @user-fi8js4qs2k 18 дней назад +40

    Назым ханым!!
    Рақмет! Керемет сұхбат болды. Өте сұлусыз, дұрыс жасапсыз, балаларыңызды дер кезінде бөлек алып кетіп, әйтпесе бір ұшы сіздерге де тиіп кетер ме еді.
    Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
    Самал ханым! Қаламыңыз қолыңыздан түспесін! Сіз, Керемет журналиссіз!

  • @user-or5ct3iz9u
    @user-or5ct3iz9u 18 дней назад +192

    Қазақша сұхбат беріп отырғандарыңызға көп рахмет
    Өз тілімізді құрметтеуге міндеттіміз
    Назым ханым, балаларыңыздың қызығын көріп, бақытты болыңыз

  • @user-fe9tz5bm3k
    @user-fe9tz5bm3k 16 дней назад +4

    Биринши айелиде кандай тамаша акылды жан,бала шаганыз Ата Ананыз бауырларыныз аман болсын. Казир Сиз бакытты жансыз❤️❤️❤️

  • @user-xk7hl5mp3j
    @user-xk7hl5mp3j 17 дней назад +1

    Назым ханымға рахмет! Барлық шындықты, нақты, ашық, адал жеткізуге тырысқаны үшін. Қазақ тілді аудиторияға өте жақсы, тиімді подкаст болды деп ойлаймын. Шындық айтылды. Ақ пен қара ажыратылды. Ой салды. Өз өміріме шолу жасалды. Қандай да бір тұжырымға келуге көмектесті.

  • @user-bg8hy4bo1m
    @user-bg8hy4bo1m 18 дней назад +406

    Назымның сұхбатын кәзіргі жас әйелдер тыңдау керек.Өте ақылды әйел,ана,келін болған екен.Бишимбаевтардың маңдайына сыймаған.Балаларын жақсы адам қылып өсіретіні күмәнсіз,аман болсын,бақытты болсын.

    • @anatolia4687
      @anatolia4687 16 дней назад +4

      Хорошо бы послушать, но я русская, казахский вряд ли буду учить в ближайшее время.

    • @indirayermek4347
      @indirayermek4347 16 дней назад

      @@anatolia4687 здравствуйте!есть на русском языке интервью, ищите

    • @zhamilyasatylganova5279
      @zhamilyasatylganova5279 16 дней назад +10

      Олай бір жақты қарауға болмайды тек енелер кінәлі деп , қазіргі жас қыздардың түсінігі бойынша олар мен және күйеуім болса болды оның әке шешісі және бауырлары маған жау деген сияқты ой қалыптастырып алады да бітті өз өзінен кінә іздеп , жау іздеп аласұрып жүреді. Силасайын ертең менде ене болам , ертең менде қартайамын демейді

    • @europattt7299
      @europattt7299 15 дней назад +2

      Назым ұнамсыз

    • @user-gn3kk2jc9j
      @user-gn3kk2jc9j 15 дней назад

      @@anatolia4687 на Ютубе есть и другие ее интервью на русском языке

  • @KulmakovaToty
    @KulmakovaToty 18 дней назад +146

    Шамасы келгенше түсіндіріп, тілі жеткенше өз ойын айтты молодец , барлығы шынайы болды, молодец Назым

  • @user-ux8xt1wj1o
    @user-ux8xt1wj1o 16 дней назад +2

    Улкен Рахмет Назым Ханым - Аллах разы болсын- Кызыныз Бакытты болсын Аллах Коргаушы Болсын 🤲🏻

  • @user-saukele88
    @user-saukele88 16 дней назад +4

    Қыз баланы сыйлау,қолдау арқылы ұрпағыңның мың жасауын қамтамасыз етесің!Қандай жағдай болса да,сөзбен шешу керек!Барлық адам бақытты болуға лайықты❤

  • @lyubasalim5764
    @lyubasalim5764 18 дней назад +279

    Назым ақылды екен өзінің өмірін де, балаларын да сақтап қалды. Уақытында ажырасты.

  • @user-qu6tr6xs8c
    @user-qu6tr6xs8c 18 дней назад +153

    рахмет Назым! қазақ тілінде сұхбат үшін. Мен де қазақпын, қазақша сөйлегенде акценттім естиледі. бірақ басқалар керісінше көмектеспейді, ана тілін білмеген сайын ұятқа қалдырады.
    Мен өзім Италияда тұрамын. Барлық жерде итальяндықтар мен шетелдіктер, керісінше, тырысып жатқан адамдарға қуанышпен және шыдамдылықпен қарайды. мен бір жылдан кейін итальян тілін тезірек үйренемін және барлық қателер өздігінен жойылғанша оны еркін сөйлеймін.
    осыны оқып отырғандарға айтарым : мейірімді болыңдар, егер қазақ тілін шын жақсы көрем десеңдер акцентке, қателерге мән бермеңдер. Есіңізде болсын, адам алдымен жорғалайды, содан кейін ол екі аяқпен жүреді. тырысатын адамдарға мүмкіндік беріңіз 🤍🫂

    • @user-nr9of9jw8b
      @user-nr9of9jw8b 17 дней назад +10

      Ешкім келеке мазақ етпейді, тек өзіміз қысылып солай ойлаған соң, солай көрінеді, ол тек маған күліп жатыр немесе мені жақтырмай тұр деген олар тек өзіңіздің ойыңыз, сол үшін тек алға, ниетіңізге жетіңіз

    • @cooldraiva8847
      @cooldraiva8847 17 дней назад +7

      Мен керісінше орысшадан акцент бар, және оған бәрі алайып қарайды, мазақтайтындай😅

    • @user-nr9of9jw8b
      @user-nr9of9jw8b 17 дней назад +1

      @@cooldraiva8847 бірақ мазақтамайды, тек мазақтайтындай ғана

    • @user-oi6rb7tp1z
      @user-oi6rb7tp1z 17 дней назад +2

      Қазақша кітап көп оқыңдар. Қазақша көбірек сөйлесуге тырысыңдар. Сөйлей берсең тілің жаттығады.

    • @allami2647
      @allami2647 17 дней назад +4

      Қазақшаңыз тамаша ғой, еш ұялмаңыз👍

  • @sdi2525
    @sdi2525 16 дней назад +28

    Нағыз қазақтың батыр қыздары, өзіне сенімді жандар. Үлгі бола алатын, мықты қыздар көп болсын!

  • @Ukilimay_Amankyzy
    @Ukilimay_Amankyzy 17 дней назад +23

    Сұхбат алушы журналисттің әлгі кісіні тікелей тануы, қоластында жұмыс жасауы осы сұхбаттың дұрыс өрбуіне , дәл сұрақ қоюына жақсы әсер еткендей...

  • @gulmiram.k21
    @gulmiram.k21 18 дней назад +114

    Мен де 14 жыл отаскан куйеуимнен ажырасканмын ,куйеуим ауганстан ветераны ,арак коп ишеди ,таяк жеумен журдим кез келген сыотаумен таяк жейтинмин ,куйеуден ажырасканда ата анам мен бауырларым колдады Аллага шукир , туыстарымнын колдауымен еки баламды ер жеткиздим ,аякка турып кеттим ,Назым ханым айткандай маган да ел журт жаман козбен карайтын мазак кылып кекетип те журди ,кайын журтыи али мени киналайды менин атыма гайбат создерин догарар емес Назым ханым сизди колдаймын , жындымен омиринизди кор кылмай кетип калганыныз дурыс болды .

    • @kuralai2014
      @kuralai2014 18 дней назад +13

      Ойткени кайын журт ешкашан оз ата анан мен бауырларындай жаны ашымайды.

    • @hadiwaaydjanova5350
      @hadiwaaydjanova5350 17 дней назад +8

      Ажырасуыңды қолдаған ата анаң, туыстарың қолдағаны жақсы болған екен, көп ата ана намыстанады ғой, ел не айтады, "бәленбайдың қызы байдан шығып келіпті" деген сөз болады деп, маған солай айтып ажырастырмады, мен өкінем өміріме...

    • @Tom-iv8gt
      @Tom-iv8gt 16 дней назад +2

      Жұрттың сөзі үшін ит өмір сүру, күнә деп есептеймін. 1-2ай өсектер жүреді сосын қалады бос әнгіме. Адам өз өмірін қадірлеу керек, сені сыйламаған адамнан алыс жүру керек, жем болмай біреуге.

    • @user-iq6vs2jv5r
      @user-iq6vs2jv5r 16 дней назад +1

      Куйеуіңіз не болды? Тири ма? Уйленди ма? Ишетиндерди жек корем

  • @user-dn3fy3kx5m
    @user-dn3fy3kx5m 18 дней назад +192

    Салтанат мұндай сұмдық жағдайға ұшырап қалғаны өте өкінішті.
    Назым,балаларыңызбен бақытты болыңыз.Сіз керемет жансыз.

  • @user-ic3py4fr5s
    @user-ic3py4fr5s 13 дней назад +1

    Назым кызым оте акылды,сауатлы, шыдамлы жан екенсиз. Коп жасаган емес коп корген биледи дегендей, жас басынызга коп уакияларды откерипсиз. Сиз балдарынызды озиниздей тарбиялап, балдарыныздын бахытын коргейсиз. Сиздей ата-аналар коп болсын. Окинишке орай
    Салтанат кызымыз бул эгоисттин созлерине исенип, жаслык етип, куйип кетти. Жайлары жаннет болсын.
    Жасларымыз, ата енелерге улкен сабак болсын. Бундай уакия кайталамасын.

  • @user-ej3rd6rj3h
    @user-ej3rd6rj3h 18 дней назад +70

    Бакытты болыныз,балаларыныздын рахатын кориниз.

  • @nazerkebidassova7121
    @nazerkebidassova7121 18 дней назад +286

    Әр қызымыз жыламасын!

  • @user-mm8zh1ql1z
    @user-mm8zh1ql1z 17 дней назад +22

    Қандай сабырлы, ақылды, ойы қалыптасқан әйел-ана. Өзіне түрлі пікірлер жазып жатқан адамдарға орнықты, жан жақты жауап берді. Өз басының амандығы мен балаларының болашағы үшін ақылды шешім қабылдаған аяулы ана екенсің айналайын. Отбасың аман болсын. Балаларыңды ақылды, тәртіпті, адамгершілікті және мейрімді етіп өсіруіңе шын жүректен тілектеспін.

  • @user-ql3qz5fr2t
    @user-ql3qz5fr2t 18 дней назад +281

    Назым балаларына, өзіне зөр денсаулық, бахыт тілейміз.

    • @user-wx3ur3pu5f
      @user-wx3ur3pu5f 18 дней назад +1

      Туууффф Журналист неге сөзді бөле бңресің, профессилнальдық логикаң қайда??!!! Назым жаіапты қазақша ойлап аударып жаіап бкріп отыр, ол орыс ьіллі адам ғой!!!!

    • @user-nn9ch2yj7v
      @user-nn9ch2yj7v 18 дней назад

      Й

  • @karlygashsagymbaeva4823
    @karlygashsagymbaeva4823 17 дней назад +96

    Назым өте дана әйел. Қанша қиын болса да өзінің ана тілінде сөйлеп отыр. “Алдап-сулап”, 14 жыл бәріне шыдап, отбасын сақтап қалуға тырысқаны көрініп тұр. Жаратқан Ие Назым мен отбасына жар болып жетелесін деп тілейік.

    • @user-ju6ml7hi2t
      @user-ju6ml7hi2t 17 дней назад +2

      Дурыс айттыңыз.

    • @botaakbar1014
      @botaakbar1014 14 дней назад

      Ана тілінде сөйлеуге міндетті

  • @almazabitbek6041
    @almazabitbek6041 16 дней назад +2

    Назым,казакшаныз оте тамаша, тылынызды жетылдырып,кытап коп окытыныныз корынып тур, Аллам жар болсын!

  • @user-uu7dn9ii2u
    @user-uu7dn9ii2u 8 дней назад

    Оте керемет жан екенсиз Назым ханым. Ардайым осындай акыл айтып отырыныз. Казакшанз оте жаксы

  • @user-bb3vt9ii9p
    @user-bb3vt9ii9p 17 дней назад +54

    Рахмет, қызым! Бақытты бол, жаным! Аналық шын тілегім. Барлық айтқың келген ойларыңды түсіндім. Ұлдарың, қызың саналы ұрпақтан болғай, үмітіңді ақтасын!

  • @user-ou6yd9oh2x
    @user-ou6yd9oh2x 17 дней назад +183

    Кірпік-қас, тырнақ жасалмаған, ерін өсірмеген, естественная красота, жасандылық, высокомерие жоқ👍. Бағы ашылып, енді жақсы жігіт жолықсын!

    • @Ukilimay_Amankyzy
      @Ukilimay_Amankyzy 17 дней назад +15

      Неге әйелдің красотасы тек жігіт үшін??? Екі ұлы , бір қызы бар екен, екінші рет күйеуге тиюге тым ақылды қыз сияқты

    • @user-ou6yd9oh2x
      @user-ou6yd9oh2x 17 дней назад +5

      @@Ukilimay_Amankyzy тек жігіт үшін красотка бол дегенді қайдан оқыдыңыз😂🤦🏻‍♀️

    • @user-sk3er9cc6h
      @user-sk3er9cc6h 16 дней назад +9

      Ерні үрілген кірпігі жапсырылған но в норму

  • @user-nc2xq4vk7t
    @user-nc2xq4vk7t 16 дней назад +15

    Назым казакшасыда жап жаксы озиде адеми жан екен.Назым келин ретиндеде жаксы келин болса керек.Ешкандай адамнын кадирин билмеген Бишимбаевтар кадирин билмеген.Алла саган куш куат берсин.Балдарынды жаксылап тарбиелеп олардан тек жаксылык кор.

  • @user-dx3dl9cb8w
    @user-dx3dl9cb8w 16 дней назад +15

    Мына әйелі барынша ақылы жеткілікті, өмірінен ой түйетін жан екен.

  • @user-lx9jp6rt7q
    @user-lx9jp6rt7q 18 дней назад +100

    Назым ханым,оте ризамын.Ана тилинизди курметтеп,казак тилде сойлеп отырсыз.Аман болыныз,балаларыныз аман болсын!!!

  • @umittanakozova6882
    @umittanakozova6882 18 дней назад +39

    Назым өте ақылды әйел екен. Дұрыс айтты "бишембай балалары үшін ӨЛГЕН адам"
    Балаларыңызбен бақытты болыңыз.
    Ал бұрыңғы ата-енеңіз өз немерелерінен аяған байлығына тұншықсын! Байлық қолдың кірі деп қазақ бекер айтпаған. Оңай келген байлық бишембаевтардың түбіне жететін болады.
    Ең бастысы балаларыңыз бен өзіңіздің жүрегіңіз тыныш болсын!❤🎉

  • @user-eg3sl6tn3r
    @user-eg3sl6tn3r 16 дней назад +1

    Назымға алдағы уақытта тек бақытты өмір, сәттілік тілеймін! Ақылына көркі сай керемет жан! Айтқан кеңесі жас қыздар мен келіншектерге ғана емес, орта жастағы аналарға да пайдалы болды деп ойлаймын

  • @user-qp9js3hv6y
    @user-qp9js3hv6y 16 дней назад +1

    Назым өтө күчтүү акылман кеменгер аял экен Нукеновдордун кайгысын тең бөлүшүп жатат эне катары Салтанатка тил тийгизбей жатканына чоң рахмат,уул кыздары бактылуу болсун

  • @temerlansagadinov1075
    @temerlansagadinov1075 17 дней назад +23

    Назым қызым, өте тамаша сұхбат бердіңіз, сыртқы келбетіңізге ішкі жан дүниеңіздің сай екендігі көрініп тұр, балаларыңызбен ұзақ та , қызықты да Бақытты ғұмыр кешіңіз!
    Балаларыңыздың болашақтары жарқын, жолдары ашық болсын!
    Сіз шала қазақ емессіз,Таза қазақсыз!
    Сізге Алла жар болсын!

  • @user-py6ty4hq6n
    @user-py6ty4hq6n 18 дней назад +103

    Назым өте ақылды жан екен,ешкімнің басына бермесін ажырасуға себебін айтып жатыр,балдарының тек жақсылықтарын көрсін,балдары үшін құдай оған өмір берген ғой,бір таяқ бата тиеді,бір таяқ қате тиеді дейді,кім білед бір күні өліп қалса балдарына кім қарайтын еді,Салтанат кетті ғой, ақымақ өмірін құртты жазықсыз қыздың,жаны жәннатың төрі болсын.

    • @user-wo5nw5pr3z
      @user-wo5nw5pr3z 17 дней назад +4

      Балдар емес,балалар,неге дурыс жазбайсыздар, сөздің тамыры бала, балда емес!

  • @user-fm7sy5cy1q
    @user-fm7sy5cy1q 15 дней назад +2

    Назым қызым сен өте керемет -АНАСЫҢ!!! Бақытты балдарыңнан көр! Сенің анандай хайуаннан кетіп қалып, балдарыңның өмірін, болашағын ойлауың үшін қатты силаймын! Әрине ата-енеңнің саған көзқарасы дұрыс болмаған шығар, керісінше сен балдарыңды сақтап қалдың, жаным! Балдарыңмен бақытты бол! Балдарға өте қатты трагедия, әкелерінің сонда жаман адам екені, өскесін түсініп, саған риза болады Ақтөбеден зейнеткер-апаң.

  • @mayaw9994
    @mayaw9994 5 дней назад

    Назым, керемет сулу айел❤️бакытты болсын аркашанда🤲🙌🙏😂

  • @user-hi1dk5zy7k
    @user-hi1dk5zy7k 17 дней назад +33

    Акылдуу аял экен😘😘👍Назым бактылуу бол! Кыргызстандан салам

  • @user-qu6id8gz5y
    @user-qu6id8gz5y 18 дней назад +115

    Керемет айел,акылды жане адемы 💫💯💯

  • @moldir_Zhaksybaikyzy
    @moldir_Zhaksybaikyzy 16 дней назад +7

    Журналист қыз өзі көп сөйлейді екен, сөзді бөліп😔Назымның көп ойын түсінбей қалдық. Назым сондай ақылды, терең адам екен.

  • @user-ws9bd3dk6d
    @user-ws9bd3dk6d 15 дней назад +1

    Назым Бакытты бол

  • @user-du3yj3bu9r
    @user-du3yj3bu9r 18 дней назад +35

    Назым Саған Алла тағала күш қуат берсін.Балаларың жақсы азамат болып көсін.

  • @user-lb2lg1yg9d
    @user-lb2lg1yg9d 17 дней назад +17

    Айналайын Назым, рахмет. Балдарын аман, бакытты болсын!

  • @user-pd5st9os3k
    @user-pd5st9os3k 13 дней назад

    ЖАНЫМ КЫЗ АУ 😢 БАРИМИЗДЕ КЫЗ КЫЗГАЛТАК БАР ГОЙ КАНДАЙ КЫЙЫН БОЛДЫ ОСЫНЫ КОРИП УКТАМАГАН КУНИМ БОЛДЫ 😭 НАЗЫМ ХАНЫМ АКЫЛДЫ ЕКЕНСИН ❤АМАН ЕСЕН БОЛ 😘 ЖАНЫМ КЫЗЫМ ГУМЫРЫН УЗАК БОЛСЫН 🤲❤🤲🤲

  • @user-mo2dr8cm7t
    @user-mo2dr8cm7t 12 дней назад

    Назым ханым балаларыныздын бахытын кориниз.

  • @user-ve5zs5tc1e
    @user-ve5zs5tc1e 17 дней назад +23

    Ия, АЛЛА тағала қандай бақ берді, әп әбіжептеуір әйелі ұлдары мен сүйкімді қызы бар, лауазымды жұмысы бар, АЛЛА бар БАҚТЫ үйіп берді бір қара басына, өкініштісі көтере алмады, жаман жаққа ауып кетті.
    Назым сізге рахмет,қазақ тілінде сұхбат бергеніңізге. Бақытты болыңыз.

  • @gulshatbisenova2907
    @gulshatbisenova2907 18 дней назад +296

    Қуандық әйелден салымы күшті екен.Салтанат марқұмның сұлулығында мін жоқ.Иманы жолдас болсын.Назымда сұлу сымбатты жан екен .Әлемде қазақ қыздары сұлулық жөнінде бірінші орында , әттең азаматтар қадірін білмей жатыр.Қыз қадірін білмеген ,өз қадірін қайдан білсін .Қуандық өз қадірін кетіріп алды .Ақшаң болса қалтаңда,талтаңдасаң талтаңда ,ақша семірті-ау сені ,сенің ештеңең кетпейді отырасыңда шығасың ,қыршын кеткен Салтанат болмаса.Әйел ерге қарайды,еркек жерге қарайды ,жерге қарап қалдың-ау.

    • @user-wx4vn6yd1n
      @user-wx4vn6yd1n 18 дней назад +23

      Огромное,уважение Назым, несмотря на то,что ей тяжело говорить на родном языке,она старалась говорить по существу,респект обеим красавицам за репортаж, молодцы,, ещё раз уважение ❤❤❤

    • @Svet831
      @Svet831 18 дней назад +11

      @@user-wx4vn6yd1nДа , именно , по существу говорит Видно , что интересуется психологией, педагогикой, и в первую очередь знает свои корни ,, хорошо знает отрицательные черты сегодняшнего воспитания
      Только так она могла ужиться 14 лет с таким монстром и постепеннно отделаться от него
      Это знание жизни , это её смекалка , мудрость Вот яркий пример как можно жить и не давать себя в обиду

    • @user-sn3zm3fw2l
      @user-sn3zm3fw2l 17 дней назад +4

      Оте дурыс айттыныз.Жерге карап калды ау.Акшанын буы неге соктырды.

    • @user-wp6vb6ml4s
      @user-wp6vb6ml4s 16 дней назад

      Неге аитпаған бұл аиел ескертип дұрыс емес адам екенин аитса өлмес еді үш аиел жиберген ауыщ еркеке тортинши аиел боп калаи тиген басы жок олгенде мактап шығад

    • @aizhan27_
      @aizhan27_ 16 дней назад

      Жүргізуші қыз айналайын сөйлетші ана келіншекті, сөзді бөле бересің,бөле бересің тыңдайықта

  • @aigerimkamilkz3071
    @aigerimkamilkz3071 15 дней назад +1

    Аллах балдарга ыйман берсин

  • @user-li8eo4eg9l
    @user-li8eo4eg9l 17 дней назад +17

    Назым такая нежная, воспитанная женщина.Каждая слова доказывает какая она есть. Молодец женщина большой букв.

  • @user-cg9tc2ti7e
    @user-cg9tc2ti7e 18 дней назад +41

    Умница, красавица, всё правильно понимает и говорит, счастья тебе и твоим детям, надеюсь воспитаешь их достойными людьми! Удачи, счастья и везения по жизни твоей семье❤

  • @user-em3mp7ur4y
    @user-em3mp7ur4y 18 дней назад +86

    Назым ақылды, болашағын терең ойлайтын әйел екен, балалары ңіз ға сана берсін!

  • @User30176
    @User30176 16 дней назад +15

    Қазақ тіліндегі сұхбаты үшін Назымға рахмет. Сіз, Назым, еліміздегі әрбір қыз бен әйел, әрбір ата-ана түсінуі тиіс маңызды месседждерді жеткізе алдыңыз.

  • @user-ye3cz3je3h
    @user-ye3cz3je3h 13 дней назад +1

    🇰🇿🌞🙏Ассалаумугалейкум! Казак Елы! 🙏 Жаксы сукбат болашак отбасына тарбие - тарбиесызде создеры бар....!? 🙏Бундай жагыдай ешкандай Отбасында болмасын!? 🙏 Назым! 🙏карындасымызга сабырлык балапандары аман осып Бакытты! болуларына тылектеспыз....! 🙏
    Казак Елыне Хакына! Тыныштык !Сабырлык! Сейластык болсын! 🙏

  • @user-yf6xh2kt8p
    @user-yf6xh2kt8p 18 дней назад +249

    Журналист өте тамаша сұхбат жүргізді ісіңе сәттілік !
    Алға қазақ жастары

    • @user-wx3ur3pu5f
      @user-wx3ur3pu5f 18 дней назад +10

      Журүалистка!!!! Не перғбивай!!!! Заткнитесь!!!! пж пусть скажет сама Назым, и свою мысль доведет до конца!!!!

  • @sartaevaulbosyn5768
    @sartaevaulbosyn5768 18 дней назад +30

    Назым қандай күшті, жақсы тәрбие көрген қыз екен. Бақытты болыңыз.

  • @--myopinion4176
    @--myopinion4176 16 дней назад +2

    Жарайсындар кыздар казакша сухбат бергендерин. Айел,бала,кари адамдарды ешкашан урмау керек

  • @user-xm3tu6hx5p
    @user-xm3tu6hx5p 14 дней назад +1

    Сұхбаттарыңызға рахмет,өте әсерлі,тәлімі мол сұхбат болды.Назым, сен ақылды анасың,балаларыңмен,жақындарыңмен бақытты бол

  • @user-kz4jc8zk8s
    @user-kz4jc8zk8s 18 дней назад +199

    Қыз баласын ерекше еркелеткен елміз, қыз баланың назы болады деп сыйлаған елміз, осыны естен шығармау керек.

  • @nurakymetseydzadaly3157
    @nurakymetseydzadaly3157 18 дней назад +254

    Қуандық қанша білімді болғанмен жүйелі тәрбие болмағанын өзі дәлелдеп болды
    Халық алдында, Назым ханым сізге тыныш бақытты өмір тілеймын.

    • @user-zz8ot5lt3w
      @user-zz8ot5lt3w 17 дней назад +1

      Білімді дегеніңіз қате.

    • @user-eg3sl6tn3r
      @user-eg3sl6tn3r 17 дней назад

      Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген осы...

    • @botabushmanovaa7612
      @botabushmanovaa7612 16 дней назад +2

      3-4жылда 3 диплом алу әлі білімдікке жатпайды

    • @user-gn3kk2jc9j
      @user-gn3kk2jc9j 15 дней назад

      ​@@user-zz8ot5lt3wбілімді екенін мойындау керек. Елбасы, елдің алдында жауап беру үшін бас керек, қанша жерден көмекшілері дайындап берсе де. Дайын отчетты оқып бере алмайтын да басщылар бар ғой. 3 тілді жетік меңгерген. Қанша жерден әкесінің ақшасына бірнеше диплом алды деген күннің өзінде.

    • @user-ig2kj8cc1h
      @user-ig2kj8cc1h 15 дней назад +2

      @@user-zz8ot5lt3wбілімді но тәрбиені дұрыс алмаған
      Ата ана тәрбие береді ешкім ьаласын жаман болсын демейді
      Мумкін эгоист шығар

  • @aigerima5688
    @aigerima5688 17 дней назад +19

    Назым ханым өте керемет сұхбат! Қазақ тілде сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет! Сіз өте жақсы жансыз әрі керемет анасыз! 🫶 Өзіңіз де, балаларыңыз да аман болсын! Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын! Балаларыңыз сіздей анамен тек мақтансын! 🤍 Балаларыңыздың болашағы жарқын болсын! Сіздің мақтаныштарыңыз болсын! Барлық жақсылықты тілеймін!🙏🙏🙏

  • @user-tr7ct5fe1k
    @user-tr7ct5fe1k 15 дней назад +1

    Назым-акылды,дуниетанымы жогары адам екени коринип тур,казакша да жаксы жеткизип отыр ойын.Казак салт дастуринен де жаксы биледи екен.Мадениетти,тарбиеси мол адам екени коринип тур.Бакытты болыныз балларынызбен!

  • @marz.ken.
    @marz.ken. 17 дней назад +213

    Назым,Салтанат сияқты әйелдерді алақанында аялап ұстай алмаған бишимбаевқа не айтарсыз.Нағыз оңбаған.Еркек емес-ез!
    Назымға рахмет,балаларыңмен бақытты бол!❤❤❤❤❤❤

    • @user-ju6ml7hi2t
      @user-ju6ml7hi2t 17 дней назад +2

      Салтанат орыс

    • @ZhsAst
      @ZhsAst 17 дней назад

      @@user-ju6ml7hi2t
      И? Орыс болса өлтіру керек пе екен?

    • @user-dc5lb1ss8f
      @user-dc5lb1ss8f 17 дней назад +1

      @@user-ju6ml7hi2t қашаннан бері орыс болып қалыпты?!

  • @shaimkhanissaeva7708
    @shaimkhanissaeva7708 17 дней назад +57

    Назым өте ақылды жан екен.Болған жағдайларға түсіністікпен қарап,шыншылдыққа жаны жақын екені сезіліп тұр. Балаларыңның бақытын көр! Денсаулық мықты болсын!

  • @kamilakazova2807
    @kamilakazova2807 14 дней назад +1

    Назым ерекше сүйкімді де ақылды келіншек екен,өте керемет сұқпат болды,👍🏻қазақ тілінде өте жақсы деңгейде өтті,балаларың сенің тәрбиеңмен өте мейірімді де ,ақылды болып өсетініне сенімдімін ,бақытты бол🤲🏻💐💐💐

  • @akbotatotayeva3879
    @akbotatotayeva3879 14 дней назад +1

    Ей жаным Назым, бир жерде жазып едим, Назым бакытты екен гой ажырасып кетипти, аман-есен деп. Казакша аз билсе де сойлеп отыр, жарайсын Назым! Оте жаксы осындай айелди тастап, Бишимбаев, балаларын да аямапты, мынандай сулу айелди де багаламапты, не болды, соны адам олтирдибиреудин аялап баккан кызын олтирди. Назымга рахмет, шындыкты айтып отыр.

  • @user-lq3rd1jf8c
    @user-lq3rd1jf8c 18 дней назад +157

    Енді балаларыңызды қазақы тәрбиемен тәрбиелеңіз, Назым ханым! Осы масқара жағдайдың болуы бір жағынан қазақы тәрбиенің тамырынан ажырап қалуда жатыр. Мәңгүрттенуде жатыр.

    • @user-xc5xw1gk1n
      @user-xc5xw1gk1n 18 дней назад +16

      Дұрыс айтасыз, ұлттық құндылықтан жұрдай нигилистер, космополиттер, мәңгүрт тердің кесірінен болады бар жамандық

    • @user-ct7so8sk7g
      @user-ct7so8sk7g 18 дней назад +32

      Мәселе қазақы тәрбиеде емес деп ойлаймын. Ондай еркектер сіз айтып жатқан тәрбиені алғанның арасында да тола.Қазақ болсын, басқа ұлт болсын ол әке-шешесі қандай адам екеніне байланысты. Назымның балдары ақылды, дұрыс адам болатына сенемін.

  • @umutai2010
    @umutai2010 18 дней назад +28

    Назым Куандык экөөң эки башка адамсыңар ..Ички дүйнөлөр ,адамдык касиеттериң .Эки башка .Бактылуу бол . Балдарың Куандыкты эмес мамасын тартсын .

  • @user-yp4dz6fh2o
    @user-yp4dz6fh2o 17 дней назад +2

    Орынды сұхбат болды бәрі ашық айтылды. Бәріненде балаларға қиын болды АЛЛА САБЫР БЕРСІН. БАЛАЛАР ЖАҚСЫ АЗАМАТ БОЛЫП ӨССІН ДЕП ТІЛЕИМІН

  • @anarnursultan3739
    @anarnursultan3739 16 дней назад +1

    Куанышты кундериниз коп болсын!бакытты болыныз

  • @almatashibaeva2888
    @almatashibaeva2888 17 дней назад +24

    Ең қиыны ұлдары екі отбасында жанжалмен көргені Әкесінің жақсы жағын көрмеуі .Менмендік көрмәдік мінезі шайпау ,ол ғана Көшбасшы болып айналасын бағындырғысы келгені .Әйелі көркем мінезді тәрбиелі екені көрініп тұр.Бұдан кейінгі өмірлері тыныш өтсін ,Ұлдары биіктен көрінсін 🤲