Биыл елімізде балық шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндік қарастырылған

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 авг 2024
  • Биыл елімізде балық шаруашылығына бөлінетін субсидия екі есеге дейін артуы мүмкін.
    Қаржылай көмекті өнімге ғана емес, кеткен шығынға да беру жағы қарастырылады. Осы саланы Үкімет мықтап қолға алып отыр. Қазір әрбір аймақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өз жерінде балық шаруашылығын дамытудың он жылдық жоспарын әзірлеуде. Субсидия көбейсе, саны бар, сапасы жоқ шаруашылықтар қаптап кетпей ме? Балық өсіремін деушілер нені ескеру қажет?
    Степногорлық Наталья Лащинская былтыр шаһар іргесінен шағын көлшікті жалға алып, биыл балық шаруашылығын бастады. Бұйыртса, форель балығын көбейтпек. Кәсіпкер әзірге жылына 50 тонна өнім шығаруды көздеп отыр. Ал оларды негізінен Ақмола облысы мен елордаға жөнелтеді.
    Наталья Лащинская, кәсіпорын директоры:
    - Жобаның мақсаты - азық-түлік базарын тірі балықпен толтыру. Біздің жоба Степногорск қаласы аумағын дамыту жоспарына енгізілген. Көлшік алты бөлікке бөлінген. Оларда қазір салмағы 50 граммнан 300 граммға дейін жететін 4 мыңнан астам шабақ бар. Ал балықты келесі жылдан бастап сатамыз.
    Кәсіпкер бизнесі алға басса, алдағы уақытта балық өнімдерін шығаратын фабрика да ашпақ. Қазірдің өзінде бұл жобаға 66 млн теңге жеке қаржысын жұмсаған компания келешекте бұл кәсіптен көл-көсір пайда табуды мақсат етіп отыр. Ал осы салаға жарты ғасырдан астам ғұмырын арнаған ихтиолог Жеткерген Әбдиев балық шаруашылығы дәнін егіп, бір жылда өнім ала салатын егіншілік емес екенін айтады. Оның үстіне бұған асқан дайындықпен келу қажет. «Ал табыстың басы білімде», - дейді тәжірибелі маман.
    Хабар арнасына жазылыңыз
    www.youtube.co...

Комментарии • 2

  • @user-if3kq7nj2e
    @user-if3kq7nj2e 6 месяцев назад

    Балық шаруашылығын ашу арман болды.Қайда барсаңда бітпейтін причина.Өзіңнің ақшаң болмаса ,өкімет тен алу ,ол әнгіме

  • @user-bq5wt6yt6w
    @user-bq5wt6yt6w Год назад

    Күршы елдергеме ито