Дарын Құдайберген-Күй шақырғыш ақжелең

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 сен 2024
  • Қазанғап Тілепбергенұлы - Күй шақырғыш Ақжелең.
    «Күй шақырғыш Ақжелең»
    Аңыз бойынша бұл шығарма «Алпыс екі Ақжелең» атты күй керуенінің көш басшысы, негізгі күйі болып саналады. Сондықтан бұл күйді домбырашылар кейде «Күй басы» немесе «Көш басшы» деп те тартады. «Алпыс екі Ақжелеңнің» кіріспесі іспетті болғандықтан осы циклдегі күйлерге тән ортақ қасиеттер, стиль және қағыс ерекшеліктері «Күй шақырғыштың» желісінен анық аңғарылады. «Күй шақырғышты» дұрыс тарта білмейтін домбырашы «Ақжелеңнің» келесі күйлерін де орындай алмайды.
    Халық ұғымында «Ақжелең» - ақ жарқын, көрікті, әдемі, жайдары деген мағынаны білдіреді. Сол себепті де «Ақжелең» күйлері көбіне әйел бейнелеріне арналған. Бұл күйлердің «Алпыс екі Ақжелең» деп аталу себебі не? Қазақ халқында адамның бойында алпыс екі қан тамыры болады деген ұғым бар. «Алпыс екі тамыры иіп кетті» деген сөз содан қалса керек. Адамның алпыс екі тамырын толқытатын көңілді, сергек әуенді, әсем сазды бұл күйлерді халық «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» немесе «Алпыс екі салалы Ақжелең» деп те атаған.
    Қазанғап «Күй шақырғыш Ақжелеңнің» аса қызғылықты түрін алғаш рет күй тартысында орындап, бас жүлдеге ие болған. Қазанғаптың орындауындағы бұл күй сазының нәзік иірімдерімен, ойнау техникасының күрделілігімен және күйдің аяғына қортынды бөлім енгізілуімен ерекшеленген.
    Айтушылар: Бақыт Басығараев, Ысқақ Райымбергенов.
    Еділ Басығараевтың "Толқында" кітабынан.

Комментарии • 31

  • @РамазанТулеев
    @РамазанТулеев 4 месяца назад +3

    Шіркін, Қазанғап атамыздың күйлерін-ай! Қолым бос кезде жиі тыңдаймын. Керемет!

  • @gibrff2013
    @gibrff2013 3 года назад +10

    Осы бауырымызды колдайык

  • @БакытбекОмаров-и5ь
    @БакытбекОмаров-и5ь 8 месяцев назад +1

    Керемет, әрі күй, әрі толғау, әрі тарих қой мынау!

  • @МансурБиктасов
    @МансурБиктасов 3 года назад +9

    Осындай сияқты көпшілік білмейтін күйлеріді тарт жарайсың

  • @СанНурмаганбетова
    @СанНурмаганбетова 2 года назад +3

    Қолыңа күш қат берсін айналайын.

  • @МансурБиктасов
    @МансурБиктасов 3 года назад +7

    Жарайсың Қазанғап атамыздың күйлерін жас күйшілер көп тартпайды сен жарайсың тартып жүрсің

  • @elmirabasigaraeva119
    @elmirabasigaraeva119 3 месяца назад +1

    Дарынды Бала!!!

  • @АйдарШилдебаев
    @АйдарШилдебаев 2 года назад +3

    Осылай тартылу керек құлақ күйі осылай қоңыр дыбыспен бұралып кейбіреу шіңгірлетіп бұрайды ол күй болып шықпайды құлаққа кіргенмен санаға жетпейді

  • @balkankm5930
    @balkankm5930 2 года назад +2

    Қазақтын кара баласы домбырайы күмбірдетіп отыр...ой айналайын...әсем күй...Ата-баба дәстүрі...

  • @МансурБиктасов
    @МансурБиктасов 3 года назад +5

    Міне кантент сен көп адам білмейтін күйлеріді насихаттап жүрсің дегеніңе жет , көпшілік Қазанғаптың күйін білсін дұрыс

  • @РамазанЕлубаев-ь6ц
    @РамазанЕлубаев-ь6ц 2 месяца назад

    👍👍👍👍👍

  • @СанНурмаганбетова
    @СанНурмаганбетова 2 года назад +1

    Алла күш қуат берсін.

  • @ЖұманЖексенбай
    @ЖұманЖексенбай 3 года назад +1

    Қандай керемет кұй орындауындп мін жоқ керемет

  • @СанжарКерімбай
    @СанжарКерімбай 3 года назад +1

    Жарайсың інім. Ұнады өнерің!!!

  • @БалымНарымбек
    @БалымНарымбек 3 года назад +1

    Азамат👍

  • @МайраАбдильманова
    @МайраАбдильманова 3 года назад +1

    Дарын лудше всех.рахмат.

  • @МайраАбдильманова
    @МайраАбдильманова 3 года назад +1

    Рахмат айналайн бер жасап калдым

  • @gibrff2013
    @gibrff2013 3 года назад +5

    Казактын атын котер аман бол ауырма

  • @МайраАбдильманова
    @МайраАбдильманова 3 года назад +2

    Машалла.

  • @БакытнурМомбек
    @БакытнурМомбек 2 года назад +1

    Күмбырлетіп көңілді бір сергттің. Қолыңа қуат.

  • @АбилахимШаншаров
    @АбилахимШаншаров 4 месяца назад

    ІНІМ ӨТЕ КҮШТІ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ОРЫНДАДЫҢ РАХМЕТ

  • @user-le8pg9jb1d
    @user-le8pg9jb1d 2 года назад

    Осындай колы касметти адамдарды тв дан корсету керек, тырнап, сыркылдапкалгандар керек емес

  • @nickelblack6830
    @nickelblack6830 3 года назад

    Керемет!!!

  • @ЖұманЖексенбай
    @ЖұманЖексенбай 3 года назад

    👍👍

  • @qarapaiymqairat9203
    @qarapaiymqairat9203 3 года назад +2

    Көрұғлы күйі қашан шығады?

  • @adil7240
    @adil7240 3 года назад

    Видеоурок тусирши

  • @хамида-ф5н
    @хамида-ф5н Год назад

    👍👍👍👍