Үкі -Гүлжан
Үкі -Гүлжан
  • Видео 337
  • Просмотров 44 590
"Шырағын сөңбесің"
Құрметті достар!
"Ұлы даланың ұлы есімдері" жоба аясында жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына -100 жыл; Қалижан Бакхожиннің туғанына - 110жыл және Тайыр Жароковтың туғанына -115 жылдығына орай "Шырағын Өңбесің" атты портрет кеші, кітап көрме, шолу ұйымдастырылды
мақсаты: Аты аңызға айналған халық жазушылары Тахауи Ахтанов, Қалижан Бекхожин, Тайыр Жароков өмірлерінен мағлұмат бере отырып, Отан үшін
отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрапққа елжандылық тәрбие беру.
Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған.
Әкесінің аты - Ақтан, анасы - Дәйілхан. Екеуінің Тахауи, Сапа деген екі ұлы болған.
Тахауи Ахтанов 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемл...
Просмотров: 47

Видео

Төлен Әбдік
Просмотров 7Год назад
Құрметт достар! "Бір ел-бір кітап"2023 жылы республикалық акциясы аясында танымал жазушы,белсенд қоғам қайраткер Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқу бекітілді. Осы орайда Көкпект ауылдық модельд кітапханасында кітап көрмесі, шара ұйымдастырылды, жаднама таратылды Акцияның мақсаты:ұлттық әдебиетіміздег ең үздік туындыларды оқу және насихаттау,рухани мұрамызды сақтау. Төлен Әбдік - қазақ жазушысы, ...
Республика күні
Просмотров 5Год назад
Құрметт достар! 25 қазан Республика күніне орай Көкпект ЖББОМ-нде осы мерекеге байланысты «Мен Ұлы Мемлекеттің ұлымын» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Бойкова Зинаида Ивановна шараның тақырыбына сай кітап көрме ұйымдастырып, шолу жүргізді. Көкпект ауылының модельд кітапханасының аға кітапханашысы Рахимкулова Гүлжан Амантайқызы оқырмандарды Республика күнімен құттық...
Кітапханашы күні
Просмотров 20Год назад
Құрметт достар! Бүгінг 24 қазан кітапханашылар күн құтты болсын! Биыл 🇰🇿 ҚР Үкіметінің қаулысымен 2️⃣4️⃣ қазан КІТАПХАНАШЫЛАР күн болып ресми бекітілді. Бұл күнд кітапханашылар көптен күткен еді. Мұны кітапханашы мамандығы мәртебесінің көтерілу деп білеміз! 👏🏻👍💐 Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Заманауи талапқа...
Көкпекті аулдық модельді кітапханасының оқырмандары. жарайсындар
Просмотров 22Год назад
Құрметт достар! 2023жыллың 13қазанында "Әдеби өлкетану" жоьасы аясында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355жыллығына орай "Баба жырын жаттаймыз" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Көкпект ауылдық модельд кітапханасының атынан: Ерғазиева Амина және Нұрланұлы Әли қатыст Сайыс "Бұқар жырау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйес " ММ қолдауымен аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырды Саға...
Қарттар күні
Просмотров 28Год назад
Құрметт достар! Көкпект ауылымызда Көкпект ауыл акиматы, Көкпект ауылының модельд кітапханасы және мәдениет бөлім бірлесе Қарттар күніне күніне орай "Қартар -асыл қазынам" атты мерекелік концерттік шара, кітап көрме, шолу ұйымдастырды. мақсаты: қарттарды сыйлау, құрмет көрсету. Бейбіт күннің қадірін түсіну. Шараны ауыл әкім Айдын Досмаков құттықтау сөзімен бастады. Дастархан жайылды. Үлкен атал...
отбасы күні
Просмотров 22Год назад
отбасы күні
Шопанай Әмірханов
Просмотров 19Год назад
Шопанай Әмірханов
Тіл мерекесі
Просмотров 72Год назад
Тіл мерекесі
Конституция
Просмотров 12Год назад
Конституция
Тәкен Әлімқұлов
Просмотров 83Год назад
Тәкен Әлімқұлов
10-тамыз Ұлы Абай күні
Просмотров 3Год назад
10-тамыз Ұлы Абай күні
Абай күні
Просмотров 13Год назад
Абай күні
"Бір ел -бір кітап" 2023 ж
Просмотров 82Год назад
"Бір ел -бір кітап" 2023 ж
Ахметбек Байсалбайұлы
Просмотров 6Год назад
Ахметбек Байсалбайұлы
"Кариб теңізінің қарақшылары" квест-ойын
Просмотров 75Год назад
"Кариб теңізінің қарақшылары" квест-ойын
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Просмотров 63Год назад
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Әкім Тарази
Просмотров 71Год назад
Әкім Тарази
Бұқар Жырау
Просмотров 49Год назад
Бұқар Жырау
Астана
Просмотров 245Год назад
Астана
тарихтан туған рәміздер
Просмотров 38Год назад
тарихтан туған рәміздер
1-маусым балаларды қорғау күні
Просмотров 14Год назад
1-маусым балаларды қорғау күні
Жемқорлыққа қарсымыз
Просмотров 12Год назад
Жемқорлыққа қарсымыз
7-мамыр
Просмотров 236Год назад
7-мамыр
1-мамыр
Просмотров 195Год назад
1-мамыр
15-сәуір
Просмотров 27Год назад
15-сәуір
12-сәуір ғарышкер күні
Просмотров 12Год назад
12-сәуір ғарышкер күні
Қасым Қайсенов
Просмотров 271Год назад
Қасым Қайсенов
оқуға кенес берем
Просмотров 92Год назад
оқуға кенес берем
Наурыз тойы
Просмотров 75Год назад
Наурыз тойы

Комментарии

  • @НуржыгытЖунысбеков

    Керемет❤

  • @АбильсейтАяпбергенов-й5ь

    Керемет

  • @гунка80
    @гунка80 11 месяцев назад

    Пах шііркін ❤, кұмбірле мұңды домбыра ❤❤❤

  • @ka-ra-kat
    @ka-ra-kat 11 месяцев назад

    Бжб да келсе ия😀😃

  • @aidynagaliev9139
    @aidynagaliev9139 Год назад

    Мектеп болған!

  • @Мадине
    @Мадине Год назад

    Ауылдарымыз да, жана уйлер салынып коркендей бериниз. Миллионер казах азаматтары ауылдарга уйлер салып, мектеп, спорт залы салып беринииздер. Ауылдарды дамыту жоспарын уйымдастырса жаксы болар еди.

  • @sholpansuindikova6394
    @sholpansuindikova6394 Год назад

    Керемет Құдайға шүкір,мейрам құтты болсын, РАХМЕТ көп рахмет ұйымдастырушыға

    • @Гүлеке-73
      @Гүлеке-73 Год назад

      Рахмет. Аумин. Иа мереке құтты болсын

  • @АрайЖубаныш-ю6т
    @АрайЖубаныш-ю6т 2 года назад

    👍🏻😁

  • @Петровкаауылдықмодельдікітапха

    Жарайсын Гульжан!👍👍👍

  • @шарбатбекбулатова

    жақсы

  • @шарбатбекбулатова

    жақсы🌷🌷🌷🌹🌹🌹🌹

  • @СандугашНуртазина

    Керемет. Жарайсыз

  • @aikomaksat2909
    @aikomaksat2909 2 года назад

    Кандай күй

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында әнші, Қазақстанның халық әртісі Қали Байжановтың туғанына 145жыл толуына орай " Әнші бала" атты портрет кеші,кітап көрме ұйымдастырылды мақсаты: Қали Байжановтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру Байжанов Қали 1877 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының “Қайыңдыкөл» деген жерінде туған. Еңбекке жастайынан араласқан ол он бес жасынан бастап «Екібастұзда» шахтер, онан соң «Желтау» «Казмедстрой» құрылыстарында қалаушы болып істейді. Осылайша тұрмыс жағдайын бірте-бірте түзей бастап, енді ел ішіндегі ең таңдаулы әншілердің жанына еріп, олардан ән үйренуге ұмтылады. Ата-анасынан ерте айырылған. Қали аспандағы аққуға үнін қосқан атақты әнші Біржанның шырқаған әсем әндерін өз аузынан естіп, одан үлгі алды. Әйгілі халық композиторы Жаяу Мұсаның алдында бірнеше рет ән айтқан. Көңілінен шыққан жас Қалиды өзінің бірсыпыра әндерін үйретеді. Солардан “Кідігай”, “Қоңыр”, “Толқыма”, “Хаулау”, “Қауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” атты әндері әнші репертуарынан мәңгілік орын алады. Қали Ұлы Абайдың алдында да ән салған. Қ.Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса, халық әндерін де асқан шеберлікпен орындады. Қали Байжанов қазақ өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі. 1927 жылы Александр Затаевичтің ұйымдастыруымен Мәскеуде өткен тұңғыш этнографиялық концертке қатысқан аз ғана топтың ішінде де Қ.Байжанов болды. Алғаш ұйымдастырған драма театрында біраз уақыт әртіс болып, кейін бірыңғай әншілік өнерге кетеді де ұзақ уақыт Қарағанды қаласында облыстық радионың және Б.А.Орлов басқаратын хордың жеке дауыстағы әнші-солисі болып істейді. Әнші өнердің асқарына өзі шығып қана қоймай басқалардың да шеберлігін жетілдіруге ерекше мән берген адам. Бүкіл қазақ қауымына аты мәлім Жүсіпбек Елебековтен бастап, Мағауия Көшкімбаев, Нығман Әбішев, қарағандылық Рахметжан Ибраев, Зәбира Жұбатова, Жаңыл Қартабаева, Мұрат Толыбаев сияқты үздік әншілер де Қали Байжановтың шәкірті болып саналады. Қ.Байжанов әншілік саласында мол мұра қалдырды. Қазақ Ұлттық академиясының қорында елу шақты қазақ әндерін үн таспаға жаздырып қалдырған. Ұзақ жылдар өнер саласында сіңірген еңбектері үшін 1938 жылы ҚазКСР -нің еңбек сіңірген әртісі, 1945 жылы Қазақстанның халық әртісі деген құрметті атаққа ие болды. #ҚалиБайжанов #Мерейтойы #Юбилей #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #ұлыесімдер #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында академик Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай " Қазақ әдебиетінің классигі" атты ақпарат сағат, кітап көрме ұйымдастырылды мақсаты: Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897, 28 қыркүйек - 1961, 27 маусым) - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығармаларында сонша терең әрі жанжақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының сипаты мол, қайшылыққа толы өміртұрмысын көзімен көрді. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік-Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. «Оян, қазақ» деп ұран тастаған қозғалыс, олардың демократиялық идеялары Әуезовтің өмірлік мақсатнысанасын белгілеуіне тірек болды. 1923-1926 жж. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін жазады. 1923-1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі СанктПетербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: «ҚарашҚараш» пен «Көксерек». Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы «ЕңлікКебек», онан кейін «Хан Кене» мен «Қилы заман», «АйманШолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен. Әуезов 20жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы жылдары бір топ әңгіме («Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Бүркітші»), пьесалар («Айман-Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын») жазады. 30 жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қымқиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді. Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды. #МұхтарӘуезов #Мерейтойы #Юбилей #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #ұлыесімдер #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің "Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауын жолдады. Жаңа жолдаумен танысып,талдау үшін Көкпекті ауылының модельді кітапханасында "Жаңа жолдау- жаңа Қазақстан"атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрме ұйымдастырылды. Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан: -ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі; -бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады; -ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады; -әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді; -қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады; -шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады; -биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді; -президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады; #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym #NewKazakhstan #CCS Рахимкулова Гулжан Амантайқызы Көкпекті ауылының модельді кітапханасының аға кітапханашысы

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Парасат жолы"; "Әдеби өлкетану" жобалар аясында кітапханада "Алтын жұлдызды жерлестер" атты өлкетану сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды, егіншілер Д. Асылбекованың(130)жыл және А. Любименқаның (95 жыл) өмірлері туралы оқырмандарға мәлемет берілді Шара мақсаты: оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #парасатжолы #әдебиөлкетану #бұқаржырауауданы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @nassisdikowa3598
    @nassisdikowa3598 2 года назад

    ,👍👍👍👍👍

  • @ansartv1804
    @ansartv1804 2 года назад

    👍👍👍

  • @Қызылжарауылдықкітапханасы

    Керемет,еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  • @АрдакАбдрахманова-ы5г

    👍👏

  • @Дарига-з7д
    @Дарига-з7д 2 года назад

    👍👍👍

  • @Дарига-з7д
    @Дарига-з7д 2 года назад

    💐💐💐

  • @Дарига-з7д
    @Дарига-з7д 2 года назад

    😍😍😍😍

  • @АрманМерманов
    @АрманМерманов 2 года назад

    Канышер саткындар Казактын жаулары

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Көкпекті ауылымызда "Әдеби өлкетану" жоба аясында Көкпекті ауыл акиматы, Көкпекті ауылының модельді кітапханасы және мәдениет бөлімі бірлесе 23-маусым Қазақстан полиция күніне күніне орай "Еліміздің қррғандары" атты мерекелік концерттік шара, кітап көрме, шрлу ұйымдастырды. мақсаты: Жастардың бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру. Бейбіт күннің қадірін түсіну. Дастархан жайылды Шараға "Бірлік" үйірмесі белсене қатысты. Құрметті азаматтар, жігіттер! Мерекелеріңіз күні құтты болсын #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #Qazaqstan30 #полициякүні #әдебиөлкетану #MeninQazaqstanym #құттыболсын #руханижаңғыру

  • @МадинаМаликова-в5н

    Мерекелеріңіз құтты болсын ақ халатты абзал жандар!!!

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Көкпекті ауылымызда "Әдеби өлкетану" жоба аясында Көкпекті ауылының модельді кітапхансы және мәдениет бөлімі бірлесе медицина қызметкерлер күніне орай мерекелік концерттік шара, кітап көрме, шолу ұйымдастырды. Шараға "Бірлік" үйірмесі белсене қатысты. Құрметті Ақ халатты абзал жандар! Мерекелеріңіз күні құтты болсын Медицина қызметкерлерінің күні - бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге - өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде дәрігерлер қауымына ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталып, ыстық тілектер арналады. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #Qazaqstan30 #медицинакүні #әдебиөлкетану #MeninQazaqstanym #құттыболсын #руханижаңғыру

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Парасат бұрышы","Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл болғанына орай "Әдеби аудармашы, жазушы " атты дөңгелек үстел, кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шараның мақсаты: Өміріне, шығармашылығына оқырмандардың қызығушылығын оятып елжандылық, эстетикалық және ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу Жайық Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен елеулі үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясының жасаушылардың бірі болды. Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы «Жол жоралғысы» деген кітабы шықты #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #ұлыесімдер #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Балалар жылына орай Аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған "Балалар жылы-бақыттың бастауы" жоба аясында,Көкпекті ауылдық модельді кітапханасында "Балалар әдебиетінің бағбандары" атты балалар әдебиетінің жазушыларының шығармалары туралы әдеби дефиле, кітап көрме, шолу ұйымдастырылды. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! 4-маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні орай "Көк туым көкте желбіреп, Елтаңба тұрса тұғырда" атты ақпарат сағаты, кітап көрме ұйымдастырылды Мақсаты: «Оқырмандарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі - мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? Рәміз - белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #қазақстанрәміздері #парасатжолы #мәдениетқарағандыоблысы #МеніңТуымМеніңмақтанышым #Мемлекеттікрәміздерімізге30жыл

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Парасат бұрышы","Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Қазақ халық әртісі, Қазақ кино және драма театрының актеры Әсанәлі Әшімовтың туғанына 85 жыл болғанына орай "Қазақ әртісі" атты дөңгелек үстел, кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шараның мақсаты: Өміріне, шығармашылығына оқырмандардың қызығушылығын оятып елжандылық, эстетикалық және ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) - кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #ұлыесімдер #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Көкпекті ауылымызда Көкпекті ауыл акиматы, Көкпекті ауылының модельді кітапхансы және мәдениет бөлімі бірлесе 9- Мамыр Жеңіс күніне күніне орай мерекелік концерттік шара ұйымдастырды. мақсаты: Жастардың бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру. Бейбіт күннің қадірін түсіну. Дастархан жайылды Шараға "Бірлік" үйірмесі белсене қатысты. Құрметті азаматтар, жігіттер! Жеңіс күні құтты болсын #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #Qazaqstan30 #9мамырженіскүні #жеңіскүніқұттыболсын #MeninQazaqstanym #құттыболсын #руханижаңғыру

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Парасат жолы" жобасы аясында, 9-мамыр Жеңіс күніне орай кітапханада "Үлы Жеңіс әдебиет беттерінде " атты таңымдық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шара мақсаты: оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды - ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу Жеңіс күні - сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 77 жыл толады. Бұл сол кездегі халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #парасатжолы #ұлыесімдер #ұлыжеңіс #жеңіскүні #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Немат Келімбетовтың туғанына 85 жыл болғанына орай "Жазушы, филолог" атты ақпарат сағаты, кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шараның мақсаты:.Жазушы өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру Оқырманның сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау. Оқырмандарды адамгершілікке баулу. Жазушы, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауре­аты, Еуропаның Франц Кафка қоғамы марапатының иегері, түрколог-ғалым Немат Келімбетовтің есімі өз елімізде ғана емес, шетелге де кеңінен таныс. Баға жетпес әдеби мұрасы - көркем туындылары мен аудармалары, ғылыми-зерттеу еңбек­тері мен мақалалары - дүниежүзілік мәдениет пен әдебиетке асыл қазына болып қосылды. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов «Ерлік пен даналық дастаны» деп жоғары бағалаған «Үміт үзгім келмейді» кітабы бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, шетелдік оқырман қауымның сүйіп оқитын кітабына айналып отыр. Халықаралық қатынастардың өзегі болған кітап әлем әдебиетін дамыта отырып, әлемдік тарихтың бір бөлшегіне айналуда. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #ұлыесімдер #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Парасат жолы" жобасы аясында, "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қалқаман -Мамыр" поэмасындағы оқиғаға 300жыл болғанына орай кітапханада "Ғашықтар" атты дөңгелек үстел, кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шараның мақсаты: 1. Білімділік: Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру.Поэманың мазмұнын ашу 2. Дамытушылық: Оқырманның сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау. 3.Тәрбиелік: Оқырмандарды адамгершілікке баулу. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы - жастардың мөлдір махаббатының дәлелі. Қазақ халқы - негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырларын ұрпаққа таныстырған жыршылар арқылы қазақ қауымында ғасырлар бойы сақталып келеді. «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қалқаман - Мамыр» сияқты лиро - эпостық жырлардың ең негізгі тақырыптары сүйіспеншілік, махаббатқа адалдық, мөлдір махаббатқа жету жолындағы ізгі істер, халықтың тұрмыс - салты, тіршілігі, дәстүрі, таза махаббат жолындағы қайғы - қасірет, күйініш - сүйініші болып табылады. Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі - «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін бұл поэма Ш. Құдайбердіұлының атын бүкіл қазақ даласына жария етті. Бұл поэма қай халық болса да сүйіп тыңдайтын, қайғылы - қасіретті, трагедиялы поэма болғандықтан екі жас өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Менің ойымша, қос ғашық өздерінің ең негізгі мақсаты таза махаббатқа жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #парасатжолы #ұлыесімдер #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Көкпекті ауылдық модельді кітапханасында 12 сәуір күні «Оқырман жас ұлт болашағы. - Читающая молодежь-надежда нации» атты сауалнама ұйымдастырылды. Мақсаты 1.1. Оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу бойынша ақпарат жинау. Сауалнамаға барлығы 10 оқырман қатысты. Сауалнамаға келесі сұрақтар қойылды. Барлығы 11 сұрақ қойылды. 1. Сіз кітап оқисыз ба)? а) иа б) жоқ 2. Егер сіз кітап оқымасаңыз, неге? а) бұл қызықсыз б) уақыт жоқ, өйткені қызықты іс-шаралар көп в) уақыт жоқ, өйткені Мен оқимын 3. Егер сіз кітап оқысаңыз, неге? а) өйткені ұнайды б) себебі оқу бағдарламасы бойынша қажет в) себебі мен ақылды болып көрінгім келеді г) себебі ата-аналар мәжбүрлейді 4. Сіз қай жанрдағы кітаптарды жиі оқисыз? - ғылыми кітаптар - ертегі - фантастика - мистика - оқу әдебиеті - классика - тарихи кітаптар - детективтер 5. Сіз кітаптарды қаншалықты жиі оқисыз? а) аптасына 1 рет б) айына 1 рет в) күнде г) жылына 1 рет 6. Сіз қай жаста кітапты көп оқыдыңыз? а) 2-5 б) 5-10 в) 10-14 г) 14-16 д) 16-19 7. Сіз кітаптарды қандай түрде оқисыз? А) баспа түрінде б) электронды түрде 8. Аудиокітаптарды тыңдайсыз ба? а) иә б) жоқ 9. Сіздің ойыңызша не жақсы - кітап оқу немесе оған фильм-бейімделуді көру керек пе? а) оқыған жақсы б) фильмді бейімдеу жақсы 10. Қазіргі өмір мен қазіргі адам туралы білім алуда нені қалайсыз? - теледидар − Интернетке - газеттер мен журналдарға - көркем әдебиет - құрдастарымен қарым-қатынас 11. "Еркін оқу" үшін әдебиетті таңдағанда әдебиеттің қандай жанрларын таңдайсыз: − реалистическим айтуынша, повестям, романдары -отбасылық-тұрмыстық мәселелері бар шығармаларға - махаббат романдары − приключениям − детективам − фантастике − "ужасам" Қорытындылай келсек 9 оқырман кітап оқиды екен, 3 оқымаймыз деді. 3 оқырман кітапті уақыты жоқ болмағансоң оқыматығын жазды. 9 оқырман кітапті қызық оқыған қызық болған екенің жазды. 8 оқырман ертегі, тарихи кітаптар қызықты екенің жазды. 7 оқырман күнде кітап оқитының белгіледі. 5 оқырман 5 жастан кітап оқитыны аңықталды. 10 оқырман баспа түрде және аудио кітаптарды тыідайтыны белгілі болды. 8 оқырман кітап оқығаның, 4 оқырман кино кқргенді жақсы көретіні аңықталды, Қазіргі өмір мен қазіргі адам туралы білім алуды интернеттен және кітаптан алуды 50\50 екенің оқырмандар белгілеп өтіпті, "Еркін оқу" үшін әдебиетті таңдағанда әдебиеттің қандай жанрларын таңдайсыз деген сұраққа детективтерден -4 және Фантастикаларды-4. Романдарды - 4 оқырмандар белгілепті #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #балаларжылы #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! 12 сәуір - Ғарышкерлер күніне байланысты кітапханада "Байқонырдан ұшқан ғарышкерлер " атты кітап көрме, дөнгелек үстел ұйымдастырылды 12 сәуір - Ғарышкерлер күні 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин - әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр - ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. 1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері. Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Т.Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». 2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #балаларжылы #бірелбіркітап #ғарышкеркүні #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Балалар жылына орай Аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған "Балалар жылы-бақыттың бастауы" жоба аясында, "Бір ел-бір кітап" акция аясында Көкпекті ауылдық модельді кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың -150 жылдығына арналған "Балалар бұл жол басы даналыққа" атты эссе жазу байқау ұйымдастырылды. Байқау өту туралы алдын ала жарнама жасалып, әлеуметтік желілерге салынды. Байқауға барлығы 15 үміткер-оқырман қатысты. Байқау критериийлері бойынша таңдалып, қаралып шешім бойынша төрт үміткердің жұмыстары марапатталды: 1. Ханат Сұлужан 2.Жаңбырбай Балғын 3.Белова Алина 4.Штабель Ангелина Байқауға қатысушыларға сыйлықтар таратылды #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #балаларжылы #бірелбіркітап #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @КазимаКуанышева
    @КазимаКуанышева 2 года назад

    Тамаша

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Балалар жылына", Ұлыстың ұлы мерекесінің "Тарихқа тағзым"; "Шымырлық пен шеберлік" және "Зияткерлік" күндеріне орай "Наурыз тарих" атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. 2022жылы "Бір ел -бір кітап" республиқалық акция аясында Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларың қолдау таңдалды. "Ұлтың ұлы ұстазы" атты кітап көрме таңыстырылды. шара барысында Ахмет Байтұрсынов, Ғабит Мүсрепов туралы кітапханашылар оқырмандарға баяндама оқыды. "Наурыз келді" атты кітап көрме ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Оқырмандарға асық ойыны туралы айтылып "хан талапай" ойыны ойналды. Қатысушылар арасында "Оқырман жас-ұлт болашағы" атты сауалнама өткізілді

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Ұлыстың ұлы мерекесінің "Игі істер" және "Шежіре" күндеріне орай "Үлкенге сый құрмет" атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауылымыздың көп балалы аналарға: Сақан апай, Зоя апай, Маймана апай, Рабиға апайларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды. Апаларымыз ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, бата берді. "Үлкендерге сый құрмет" атты акцияға кітапханашылар Рахимкулова Г. А. мен Сайлау Г. Қ, волонтерлар КХ "Мағжан" иесі Искаков Саят; ауыл жастары Рахимкулов Әсет, Хамза Мадьяр қаржылай көмек берді. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #наурызмейрамы #игіістер #шежірекүні #ұлыесімдер #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Ұлыстың ұлы мерекесінің алғашқы бастауы "Көрісу" күніне орай "Наурыз бастау" мерекелік әднби-сазды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарамыздың барысында "Сәлем-сөздің анасы" атты кітап көрме қойылып, көрермен қауымға таныстырылды. Шарада ауылымыздың әкімі Айдын Досмаков ауыл тұрғындарың мерекемен құттықтады. Шараға Темірбай ақсақал, Рабиға, Маймуна апайлар, Ахметов Ляззат, Даулетова Қайни, Болат, "Арулар" мен "Единства" топтарының мүшелері белсене қатысты. Іс-шара барысында ауылымыздың ақсақалы Темірбай ақсақал бата беріп, ақ жаулықты анамыз Рабиға апай шашуын шашты. "НАУРЫЗ БАСТАУ" атты іс-шарамызда кітапханашылар Рахимкулова Г. А. мен Сайлау Г. Қ. Бұқаржырау Ауданының Кітапханалар Жүйесі кітапханаларына "Ұлттық киім" челленджін жолдады. Челленджде ұлттық ою-өрнегіміз бен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ұлттық киім киюді жолдады. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #наурызмейрамы #амалмерекесі #балаларжылы #ұлыесімдер #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! "Ұлы даланың ұлы есімдері" жоба, "Балалар жылы"аясында Роза Бағланованың 100 жылдығына орай "Қазақтың бұлбұлы " атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шара барысында өмір баяны, шығармашылығы туралы кітап көрме, шолу ұйымдастырылды. Шара барысында ауыл зейнеткері, әжеміз Асанова Назира "Ах, Самара городок", Жанетта ханым "Ақтамақ", "Сағындым сені" әндерің шырқады. Мақсаты: Өмірінен мәлімет беру, таныту «Роза Бағланова биыл көзі тірі болғанда 100 жасқа толар еді. Мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде және елімізде кеңінен аталып өтпекші. Роза Бағланованың орындауындағы «Кестелі орамал», «Ах, Самара, городок» әндері ел арасында ерекше танымал болды. Репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем ха­лық­тарының - орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, қырғыз, корей, поляк, венгер, қытай, моңғол, үнді халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты. Роза Бағланова әлемге қазақтың әнін ғана емес, болмысын да танытты. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #кітапоқы #розабағланова #балаларжылы #ұлыесімдер #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! 8наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Көкпекті ауылында ауыл акиматы, кітапхана, мәдениет бөлімімен бірлесе мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш Көкпекті округінің әкімі Досмаков А.Т құттықтау сөзімен ашылды. Алтын , күміс алқа төс белгілерін, көп балалы аналарға, көп еңбек атқарған ұстаздарға, зейнеткерлерге сыйлықтар таратылды. Мереке барысында ән айтылып, көңілді әуенге би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Өнер сүйер қауымға кітапхана "Анамыз жүз жасасын" атты кітап көрмесін таңыстырды . Кеш аяулы аналарымызға жайылған мерекелік дастарханда жалғасты. В честь Международного женского дня 8 марта в селе Кокпекты совместно сельским акиматом,библиотекарями, сельским клубом был организован праздничный вечер. Вечер открыл аким Кокпектинского сельского округа Досмаков А.Т . Во время праздника аким Досмаков А.Т поздравил многодетних мам. Пели пели, танцевали под веселую музыку и делились своим творчеством. Библиотека познокомила с книжной выставкой под названием " Анамыз жүз жасасын". Вечер продолжился за праздничным столом, накрытым для наших дорогих мам. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Балалар жылына орай Аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған "Балалар жылы-бақыттың бастауы" жоба аясында Көкпекті ауылдық модельді кітапханасында "Ең танымды эмблема" атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа белсене қатысқандар: 1. Жалпакова Гүлдана 2.Белоцерковская Оля 3.Жомартбекова Эльмира 4.Жомартбекова Алина 5. Жаңбырбай Назым. 6. Вегера Ян 7.Мысловский Андрей 8.Вегера Василиса 9.Аманкелдиев Руслан Сайысқа қатысушыларға сыйлықтар берілді. #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #парасатжолы #балаларжылы #алғысайтукүні #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Сүйінші. кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды. Біз сіздерді күтеміз. Друзья! В библиотеку поступили новые книги. Мы Вас ждем #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #онлайнжұмыс #жаңакітап #ҚРТәуелсіздігіне30жыл #мәдениетқарағандыоблысы #мәдениет040621 #Бұқаржырауауданы

  • @Гүлеке-73
    @Гүлеке-73 2 года назад

    Құрметті достар! Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, жаңа кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. 1-наурыз Алғыс күніне орай кітапхана қайырымдылық акциясын ұйымдастырыды: Көкпекті ауылының "Нұрсәби" балабақшасына кітапхана кітап сыйлады. Кітап - бағалы сыйлық Кітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдаған бүлдіршіндер қатты қуанып, рахмет айтты. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Кітап қай заманда да болсын өте жақсы сыйлық болып қала бермек #Көкпектіаулдықмодельдікітапханасы #тәуелсіздік30жыл #парасатжолы #балаларжылы #алғысайтукүні #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym

  • @КазимаКуанышева
    @КазимаКуанышева 2 года назад

    Кушти

  • @КазимаКуанышева
    @КазимаКуанышева 2 года назад

    Тамаша