- Видео 13
- Просмотров 112 018
Бауыржан Нұрмұханов
Добавлен 6 фев 2020
Нұрмұханов Бауыржан Қайратұлы ютуб каналына хош келдіңіз! Қошеметтеріңізбен пікір әсерлеріңізді білдіріп отырыңыздар!
Telegram: t.me/musicbaur
Instagram: bauyrzhan_nurmukhanov
TikTok: bauyrzhan_nurmukhanov
Telegram: t.me/musicbaur
Instagram: bauyrzhan_nurmukhanov
TikTok: bauyrzhan_nurmukhanov
Видео
Өзім туралы-Қасым Аманжолов, Нурмуханов Бауыржан #өзімтуралы #ән #естіән
Просмотров 271Месяц назад
Өзім туралы-Қасым Аманжолов, Нурмуханов Бауыржан #өзімтуралы #ән #естіән
Біржан сал-Ғашығым #ән #әнші #гитара #бауыржаннурмуханов #ғашығым #Біржансал
Просмотров 7968 месяцев назад
Біржан сал-Ғашығым #ән #әнш #гитара #бауыржаннурмуханов #ғашығым #Біржансал
Еділ мен Жайық Әні: Ілия Жақанов, Сөзі: Жұбан Молдағалиев #ЕділменЖайық #гитара #ән #әнші #естіән
Просмотров 13 тыс.8 месяцев назад
Еділ мен Жайық Әні: Ілия Жақанов, Сөзі: Жұбан Молдағалиев #ЕділменЖайық #гитара #ән #әнш #естіән
"Көк бөрі" Ковер Елбол Қуанбек сөзі: Даниар Алдаберген, әні: Алпысбек Оңайбайұлы
Просмотров 8 тыс.11 месяцев назад
көк бөрі, кок бори #көкбөрү #көкбөр #kokbori #кокбору #алаш #ән #әндер #домбыра
Қазақ әндерінен ән жинақ болсын!
Просмотров 16 тыс.Год назад
1."Жезкиік" 2."Сарыарқа" 3."Балқадиша" 4."Дариға дәурен" 5."Өзім туралы" 6."Сағындым ғой" 7."Балама" 8."Иманжүсіптің әні" #қазақәндер #жезкиік #ән #естіән #дәсиүрліән
Замандастарым
Просмотров 22 тыс.Год назад
#домбыра #баян #замандастарым #астана #алматы #семей #шымкент #атырау #ақтөбе
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да,туысың да біздерміз» деп. Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай - қайдағы. Япырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап - қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін. Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік, Сөз соғам құлашымды еркін керіп. Суарып шынықтырам күйге малып, Болсын деп әрі әдемі, әрі берік. Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен. Серінің семсеріндей сертке таққан Өлеңнің өткірін бір алшы менен. Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім. Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім. Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Кең жайдым құлашымды дүниеге, Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де. Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ, Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде... Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап, Айрылсам ала көңіл он досымнан. Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын. Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Қанатын қағып жылдам келер жылдар, Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен. Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Дариға, о дариға,шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағадай , Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен. Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жүрегім енді қанша соғар тынбай. Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып, Мерт болған балапанның қанатындай. Түсірген ой сәулесін шар тарапқа, Ақылдың алтын оты сөнген шақта. Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім. Кетерсің судай сіңіп табиғатқа. Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанаттықондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды - солды сол мұрамды. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
Шығармашылық табыс тлеймын балам!Айтатын жоқ,керемет орындадың!Жақсы инструменталист боласын!
Керемет❤
Керемет ё👏👏
Керемет. Даусыңыз тұнық екен. Оқушыларыма тыңдаттым 👍
КЕРЕМЕЕЕТ 💯✊🇰🇿 ОРЫНДАУ !!!!!БІР АЛЛАҺ ҚОЛДАСЫН ӨЗІҢДІ БАЛАМ😘✊💯🇰🇿
Керемет орындау!👍🔥
Пай-пай шіркін, неткен, керемет
👍🙏🙏
Онелерин осин, бииктен коринбериндер. 🙏🙏🙏
Керемет, жарайсындар
Сарыарқаны орындағанда дауысыңыздың өзі Сарыарқаны көз алдымызға алып келеді.Қазақ әндерін қазақ өзі орындау керек.Нағыз қазақтың әншісі.Өнерің үстем болсын.
Жезкиікті тыңдасам,қайтыс болған ағам есіме түседі. Осы әннің жаңа шыққан кезі.Журналдан әнді қиып алып үлкен жақта ағам домбырамен "Жезкиікті "шырқап отыр.Мен алыстан шауып келемінде оны түртіп қаламын.Ол маған ренжімейді.Домбыра тартып білмейтін мен оның домбыра тартып ән айтқанына сүйсінемін.Сол күн өшпестей есмде қалғанын-ай.Ағам Жезкиік әнін шырқап отыр.
АҒАҢЫЗДЫҢ ЖАНЫ ЖӘННӘТТӘ БОЛҒАЙ 🤲🤲🤲 ӘЛҺӘМДУЛИЛЛЯҺ
Жарайсың керемет айтады
Жайықтың толқындарын орындаса жақсы болар еді
Мықты айттың.
Ои інім рахмает Еділ Қиғаштың жігіттері риза болып жатыр өзіңе
Әндеріңді сүйініп тыңдадым. Бастысы сөзін бұзбай айттың. Кейбіреу лер сөзін бұзады, содан өлеңнің қадірі кетеді. Жарайсың інім!
Керемет дауыс, Аман бол бауырым.
Керемет 👍
Керемет
Өркенің өссін
Керемет.дауыс,казагымнын.кен даласындай,сипаттауга созым.жетпейды,аман бол балам
Керемет
Дауысың керемет бауырым. Өнерің өрге жүзсін! Ақан серінің әндерін шырқасаң мына дауыспен тамаша болар еді. Балқадиша, Майдақоңыр т.б.
Тамаша дауыс керемет жигит!! Алла жарылкасын сены!!
Керемет
Сонау батырлардың заманынан бері, зар-заман ақындарының жырларына арқау болған, кейінгі 20ғ. композиторларының шығармаларына шабыт әкелген әйгілі Еділ мен Жайық қой бұл қос өзен🙏👏👍
Нағыз талант. Бар бол бауырым.
Бəрекелді
Құлақтан кіріп бойды алар деп, недеген дауыс, көп болсын әндерің ағажан
Керемет орындау, әндеде арман жоқ шығар.
Пай, шіркін!
Гитараға салғанда өзгеріс керек сияқты. Мынадай салумен домбыра дұрыс сияқты.
Тамаша. Жарайсың!
Керемет Алла разы болсын
Керемет иним ески олендерди айтып журген нагыз казак
Керемет
Тамаша керемет дауыс Акан сери тирилип келгендей болды
Тамаша дауыс Акан сери бир аунап жаткан болар
Баукабай даусыңа дерт бермесін бажөк✊🏻
@@tolebayully рахмет бәжөк)
Мына жігітті тыңдағанда бір екі ғасырдың ар жағына өтіп кетіп басқа бір әлемге бвпып келгендеи болады екенсң
Рахмет,оте кушты орындау,даусы тамаша,озы де сымбатты аман бол,оркенын оссын.
Бауыржан інім! Телефоныңды қайдан алуға болады.Алдағы уақытта үйімізде болатын тойға шақырғым келеді.
Бауыржан інім! Сен салған әнге бүкіл қазақ даласы иіліп тыңдап тұрғандай.Нағыз қазақ домбыра дегендей Сен қазақ халқының маңдайына біткен жұлдызсың.әнің тұла бойымызды шымырлатып қанымызды айналдырып тұрғандай.сау бол Мың жаса бауырым.
АЛЛА разы болсын
Дауысыңнан айналдым
Сендей ұлды әкел Анаңген, ӘКЕ мен
Тіл көзден аман болшы.Дауысыңнан айналдым.
АЛЛА разы болсын